Негізі, айтады ғой: "13-те отау иесі деп",- деп, мен бұл сөзбен аса келісе қоймаймын.
Себебі, қазір қарап отырсаңыз жастар ештеңені ойламай, ерте үйленіп алып, тез ажырасып кетіп жатқандар саны да аз емес. Жас кезінде кім басқаға көз салмайды? Жас болған соң бәрі де болады.
Сондықтан, асықпай 22-23 жасқа толып, ес жиіп, етек-женің жинап, үй алып, ата-анасыңа масыл болмай, жұмысқа орналасып, адам болғаннан кейін барып үйленген дұрыс.
Қазір елімізде ақылды жігіттер көп қой. Олар да осы жайлы ойлады.