8-сынып. Математика пәнінен олимпиада есептері.
1. Руда құрамында 40% қоспалар бар. Одан 4% таза металл алынады. 24 тонна рудадан қанша таза металл алуға болады?
2. Құдықты қайдан қазу керек?
Үш үйдің тұрғыны бірігіп құдық қазбақшы болды. Үш үйден бірдей қашықтықта болуы үшін осы құдықты қай жерден қазу керек?
3. Қоймада 40кг , 17кг және 16кг етіп жәшіктерге шегелер салынған. Осы жәшіктердің ешқайсысын ашпай-ақ қоймашы 140кг шегені сатуға жібере ала ма?
4. Бір сан 2-ге аяқталады. Егер осы цифрды санның басына ауыстырса, онда бастапқы сан 2 есе артады. Осындай сандардың ең кішісін табу керек.
5. Егер берілген тұжырымдардың екеуі ақиқат, ал біреуі жалған болса, А натурал санын табу керек.
1) А+51 – тура квадрат
2) А саны 1-ге аяқталады
3) А-38 –тура квадрат
6. Периметрі 36см болатын тік бұрышты үшбұрышқа іштей шеңбер сызылған. Гипотенуза шеңбермен жанасу нүктесінде 2:3 қатынаста бөлінеді. Осы үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.