0 дауыс
53.7k көрілді
әлеуметтік, жанама, тікелей, биологиялық қарым қатынастарға анықтама береміздерме бізге психология пәнінен осндай тапсырма беріп еді нақты мәлімет болса бүгін тауып біріңіздерші өтінем

1 жауап

+1 дауыс
Қарым-қатынас қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.

   Қарым-қатынас формалары:

   Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.

   Жанама  қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді.

   Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
...