0 дауыс
375 көрілді
Адамдар, аттап басса болды, екі білегі табиғи түрде жеңіл бұлғақтайды. Неліктен?

2 жауап

+1 дауыс
Адамдар, аттап басса болды, екі білегі табиғи түрде жеңіл бұлғақтайды. Әдетте, екі білектің табиғи бұлғақтауында күш жұмсалмайды. Ұзақ жол жүргенде екі аяқ сырқырап, бұлшық еттері дәрменсізденеді. Мұндай уақытта да екі білек еркін түрде ары – бері бұлғақтайды. Әрине, бұл әрекет білек бұлшық еттерінің ритмді жиырылуының нәтижесі.
 Жүргенде екі білек не үшін бұлғақтайды? Басында, мұны біреулер жүргенде жұмсалатын энергияны азайту үшін деп қараған. Бірақ білектің қозғалу- қозғалмауы жүргенде жұмсалатын энергиямен титтейде қытысы жоқ екені дәлелденіп отыр. Енді біреулер осылай істегенде бастың орнын түзеуге болады дегенді алға қойған. Өйткені адам жүргенде қай-қашанда алға жүреді. Бірақ екі аяқтың алма-кезек аттауына байланысты бөксе ырғалады, мұндай ырғалу иық арқылы бас бөлігіне жетеді, сонымен адамның басы да жүргенде оң-сол жаққа бұлғақтайды, ал білек пен аяқ айқасып теңселеді де бастың бұлғақтауын басып түседі. Мамандар дәл өлшеп тұрақтандыру арқылы адам жүргенде қолдың титтей де қозғалмайтындығын, білектің қозғалу бұрыштық градусы да тек 9 градус болатындығын, иыққа келгенде қозғалу бұрыштық градусы тағы кішрейіп, ең соңында бас бөлігінің қозғалуы тек 2 градус шамасында болып, адамдардың алға жүруіне ықпал жасамайтындығын байқаған.
0 дауыс
Бүгіннен бастап екі қолымды бұлғақтаптай жүремін :) (елестетіп көр, ыңғайсыз ғой)
Адам жүргенде қолды серпіп жүрсе, ийықтағы ауырлық күшінің барлығын аяққа түсірмей, серпу арқылы салмақты азайтып отырады. Бұл шартсыз рефлекс, ешкімге де "қолыңды сермеп жүр" деп айтпаған, солай қалыптасады адам. Жаңа туылған балаға да "дем ал, дем ал" деп ешкім айтпайтын сияқты бұл да общым ше))
...