0 дауыс
185k көрілді

Тезірек маған әке туралы тақпақ қажет?

Әкесіз өмір қара түнек, Әке деген екінші жүрек. Өмірдің мәнін үйреткен, Әкенің орны бір бөлек. Әке деген жалғыз барың, Әке деген ұятың-арың.

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әкеге арналған тілектер
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.

Той бүгін, шалқар шаттық төріндегі,
Күн бүгін, нұрын төккен көгіндегі.
Жан әке, Сіз ғой биік асқарымыз,
Сіз барда шайдай ашық аспанымыз.
Жұп жазбай анамызбен ғұмыр бойы
Бақ таймай, ұзақ болғай жастарыңыз.
Жетпіске толған шақта жан әкеміз,
Жан сырды ақтарайық көңілдегі.
Біздерді сәби кезден қаз бастаған,
Сол кезде жастықтағы қалмас тұрған.
Әкенің жолын қуып ұрпағың да,
Ұстаздық ұлы жолды жалғастырған.
Білеміз өміріңде сан із барын,
Бес балаң маздап жанған жұлдыздарың.
Өзіңді мақтан етер, ұлағатты,
Беделді, сыйласын деп ұл-қыздарың.
Тәрбиең өзің берген мол мұрадай,
Сан күйді шертіп тұрған домбырадай.
Ағайын, дос-жаранға сыйлылығын,
Көргенде өзге жұрт та таңғалады-ай.
Өмірде күндер кешіп жарасымды,
Жинадың зерделі ой мен бар асылды.
Әлі де ұзақ жасап ортамызда –
Тойлайық бірге өзіңмен бір ғасырды.
*
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын сексен жасың, әкетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
 Барша жұртқа жақсылығы байқалған.
 Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
 Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
 Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
 Жас қосылсын, әкетай, жасыңызға,

Немерелер қуаныш сыйлап талай
 Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!

 80 жас туған күнің құтты болсын,
 Өміріңіз шаттық пен нұрға толсың.
 Қызықты күндеріңіз арайланып,
 Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын

 Әкетай, нұрға толсын жүзіңіз,
 Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
 Тіршіліктің қызығына бөленіп,
 Аман-есен ортамызда жүріңіз!
 Мерекеңіз ұзағынан бола берсің,
 Үй-іші немере мен шөбереге тола берсін!

 Әкетай, мейірің көп таңдандырған,
 Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
 Жылуын жүрегіңнің аямадың,
 Өзіңе борышы көп балалардың.

 Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
 Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.
 Аталап жан-жағыңда жүре берсін,
 Бал тәтті немерелер қызықтарың.
+1 дауыс
Әбіш Кекілбайұлы
Әке
Жетпейді туған жердің желі де оған,
Жетпейді өз қырыңның селі де оған.
Төкпейді мөлдір жасын бұршақтатып,
Сен өскен сахараның көгі де оған.
    
Уа, Мезгіл! Талай - талай жазың келді,
Қыр дөңін сан қайтара сағым көмді.
Кекілім қайырылды шалқасынан,
Менің де жігіт деген шағым келді.
Қақпасын балалықтың бұзып кіріп,
Барасың, о жігіттік, қызықтырып.
Барлығын сүю деген кереметтің,
Кетеді кулкісімен қыз ұқтырып.
Жігітпін, дербес атқа мінем мен де,
Жасаттым жабу, тоқым, жүгенді де.
Білмеймін әлі күнге қалай етіп
Таралғы тағатынын үзеңгіге.
Әуре боп күні бойы күбінемін,
Жөн сұрап енді кімге жүгінемін?
Әкем жоқ ақыл айтар, жөн көрсетер,
Амалсыз көрші шалға жүгіремін.
Амалсыз әркімге бір жүгіремін,
Амалсыз әркімге бір жүгінемін.
Қайтейін қайран әкем қасымда жоқ,
Амалсыз өткен күнге үңілемін.
Үңілсем қайран жүрек сызды өбеді,
Жанымның жарқ етпейді іздегені.
Көзіме күлімдеген көктем емес,
Салпы етек, салыңқы иін күз келеді.
Жарқын жаз талақ етіп атырапты,
Кетіпті жел қуалап жапырақты.
Күлмейді күміс бұлақ бұйығыңқы,
Күндегі мінезі жоқ жасып ақты.
Басында қыраны жоқ құз қалыпты,
Қасында құмары жоқ қыз қалъшты.
Алқаптың балбыраған шалғыны жоқ,
Орнында көк сүмелек мұз қалыпты.
Күн сайын өңір өңі сұйылады,
Сұр тұман жер бетіне жиылады.
Ондыда біздің ауыл бұйығады,  
Жынды жел туырлығын жұлқып тартып,
Өңінен күлкі реңі сұйылады.
Кешқұрым бүлк - бүлк етіп қазан қайнап,
Ошаққа бала - шаға жиылады.
Жиырып алашұбар алашаны,
Жиылып бала - шаға бал ашады.
"Келеді көкем, сақа алшы түсті!"
Көп бала көк сақаға таласады.
Солармен мен де бірге таласамын,
Солармен мен де бірге бал ашамын.
Қуанам, алшы түссе, "Келеді!" деп,
Үстінде тайраң салып алашаның.
Үйімде көкем барда күмбірлеген,
Домбыра үндемейді кімді іздеген?
Көкемнің шапаны тұр керегеде,
Өзінен өзге жұртқа кигізбеген.
Көкемнің бармағынан бал саулады,
Осы ауыл талай тыңдап тауса алмады.
Көп болды сол көкемді көрмегелі,
Күйіне біздің ауыл тамсанғалы.
Соқтырған қыр өкпегін, таң самалын
Мен де іздеп ерке күйді тамсанамын.
Қаңсыған домбыра да сездіріпті,
Бал бармақ күйші несін аңсағанын.
Сарғайған сағынышпен жылдар да өтті,
Төсінен қара жердің мұз, қар кетті.
Үй - үйдің босағасын безеп алған
Көп қыстан ірге тепкен ызғар кепті.
Көп үйде қайта бақыт күлімдеді,
Көп әке бүлдіршіндей ұлын көрді.
Көп төрге ілінсе де сұр шинельдер,
Тек қапа біздің төрге ілінбеді.
Көп болды көп үйде той күбінгелі,
Көп үйге шүйіншісі жүгіргелі.
Өзге үйді күлімдеткен жомарт бақыт
Тек қана біздің төрге үңілмеді.
Біржола қылғынды ма күй тамағы,
Бұл үйде енді қай жан күй шалады -
Қаңсыған қара домбыра қала берді,
Мені ешкім маңдайымнан сипамады.
Жетсе де жеңіс күні, қыз қуанып,
Кетсе де қайғы мұзы жылжып ағып
Өзге үйде тойдың әні шарықтаса,
Булығып қайғы уына біз жыладық.
О, Мезгіл, бұрынғыдай аға бердің,
Жан көкем сен де алыста қала бердің.
Мекендеп көкірегін жалғызыңның,
Мекендеп көкірегін қара жердің.
Жатырсың қай жерінде қара жердің,
Білмеймін, молаңа іздеп барар едім.
Жасырды жанарыңды қай топырақ,
Шіркін - ай, шарлай - шарлай табар ма едім!
Бастың сен ақырғы рет қай араны,
Жұттың сен ақырғы рет қай ауаны,
Қай көкке кезің түсті ақырғы рет,
Қай жердің желі сонда аялады.
Қай жерде өлім сенен өшін алды,
Қай жерде еміріңнің көші қалды.
Кекілі желпілдеген жалғызыңды
Қай жерде ақырғы рет есіңе алдың?
Жетпейді туған жердің желі де оған,
Жетпейді өз қырыңның селі де оған.
Төкпейді мөлдір жасын бұршақтатып,
Сен өскен сахараның көгі де оған.
Белгісіз қабіріңе қиырдағы,
Қырыңның қызғалдағы бұйырмады.
Қайғыдан тамшылаған ыстық жасым,
Жамылған топырағыңа құйылмады.
Белгісіз қабырыңа қиырдағы,
Тілеулес дос - жараның жиылмады.
Жыл сайын құшақ - құшақ гүл терсем де,  
Өзіңе бірі де оның бұйырмады.
Мен де өстім, мектеп бардым, жыр жаттадым,
Жақсы әннің қағып алдым ырғақтарын.
Зерек деп ауыл - аймақ болды риза,
Сен оны естімедің, тіл қатпадың.
Бейнелеп туған жердің кешкі көгін,
Қытықтап сұлулардың ет жүрегін
Кыр жаздым, риза боп қалыпты жұрт,
Сен оны оқымадың, естімедің.
Артыңда жайраңдаған бар ұланың,
Аясын сая бақтың жамыламын.
Жігіт боп, мен де бүгін шаттығымның
Шалқыған сәулесіне малынамын.
Жарылғап бұл дүние тілегімді,
Толтырды шаттық күлкі реңімді.
Садақ қас, найза кірпік қазақ қызы
Менің де лүпілдетті жүрегімді.
Әкенің мейіріне шөлдепті о да,
Қыр гүлін қабіріне термепті о да.
Туыпты әкесі алыс жүрген шақта,
Ғұмыры оның жүзін көрмепті о да.
Бірімін мен өзім де сол түлектің,
Жастықтың шалқарында толқын өптім.
Қызықтар қызығым көп бұл өмірде,
Жалғыз - ақ өзіңді аңсап толқып өттім.
Өтсе де елеңдетіп көп ай тағы,
Өзіңді енді келмес деп айтады.
Өзге жұрт біздің үйдің иесі деп,
Бүгінде өзіңді емес мені айтады.
Деуші едің ылғи мені құлыншағым,
Қайтейін бәрі соның бүгін сағым.
Сен жоқта құлының да әке болып,
Сипамақ құлынының тұлымшағын.
Ортайтқан өлімінді кенеремді,
Қосамын жүрек күйі мен өлеңге.
Тілегім - баяғы қыс қайта қақап,
Жазбасын жоқтау дастан немерең де!
+1 дауыс
Мұқағали Мақатаев
 Әке
       Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
0 дауыс
Әке туралы тақпақ,

Әкем мені аялап,
Өсірді ғой баяулап
Ер жеткен кезде,
Үйленемін лезде!
0 дауыс
Әкем менің батыр
Шауып келе жатыр
0 дауыс
Әкесіз өмір қара түнек, Әке деген екінші жүрек. Өмірдің мәнін үйреткен, Әкенің орны бір бөлек. Әке деген жалғыз барың, Әке деген ұятың-арың.
0 дауыс
Акедеген аскар тау
0 дауыс
Ата-ана деген баланың-

Асқар тауы биігі.

Бала деген ата-ананың,

Ойнақтаған киігі.

Ата-ана деген баланың,

Мәуелі бастар шың басы.

Бала деген ата-ананың,

Өмірінің жалғасы
0 дауыс
АКЕ ДЕП МАКТАНАМЫН БАР АЛЕМГЕ
БАЛГЫН ЖУРЕК ДУРСИЛДЕЙДИ СЕН ДЕГЕНДЕ СЕН УШИН ИСТЕРМИН МЕН НЕ КАЛАЙСЫН ОРЫНДАРМЫН СЕН УШИН МЕН БАРИНДЕ
0 дауыс
Асқар таудай, әкем бар мына менің,

Әкешім деп мақтанатын бала менмін,

Әке сөзі қасиетті болса егер

Неге оны сыйламасқа қалың елім,

Әке сөзі үш әріптен құралғаның

Бір ғана сөз,жер шарына таралғанның

Қай қазақ дәлелді айтшы қане!

Әке орнын баса алмас ешбір нәрсе,

Дәлдейтін ақындар мендей дер ем

Әкені, құрметтеген жұмақтық дерм,

Түсінсен сен,орны бөлек екенін,

сол бір жанның

Жан дүнениен,ашылар сол сәтте дерм

Әкешім, пана болдың бәрізмізге,

Сыйламыз сізді біз,әрбір сәтте,

Ауырмай,анамменен бақытты боп,

Ұзақ ғұмыр кешініз,бұл өмірде........
0 дауыс
Акедей тирек табылмас, акемсиз журек кагылмас,аскар тауым турмаса ,жанымнын шамы жагылмас. Осы олен шумактарын авторын билетиндер бар ма?
...