Сабақтың мақсаты: Елiмiздiң тарихын оқушыларға таныстыру, бiлдiру. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткiзу. Оқушыларды елiн, жерiн, халқын сүйюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілiгi: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы. Желтоқсан жұлдыздары. К.Рысқұлбеков., .Л.Асанова, Е.Сыпатаев, т.б.
Оқушы: Бұл Әнұран сөздерi дүниеге келіп. Егеменді ел атанғанымызша, бiздiң халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың не бір сұмдықтары өттi. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы желтоқсан.
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты кең байтақ қазақ жерiң. елiң, сақтаған ұлы тұлғаларды балаларға таныта отырып тәуелсiздiктiң тiзгiнiң берік ұстауға, отанымызды сүюге балаларды тәрбиелеу.
Оқушы: 1730 - 1916 жылдары Қазақ елі патшалық Ресейдің отарына айналады. Бiрнеше дүркін отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер болады.
Оқушы: 1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін Қазақстанда Кеңес өкіметі орнады.
Мұғалім: Олай болса, балалар, 1986 жылы желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналды.
Хор: Өз тәуелсіздігін алу үшін.
Оқушы: 1986 жылы 17 жслтоксанда астанамыз Алматы каласында мыңдаған қазақ жастары наразылық бiлдiрiп шеруге шықты. Олар:“Тәуелсiздiк керек Қазақ елiнің өз көсемi сайлансын” деген тілек білдірдi.
Сол кездегi үкiмет басшыларының бұйрығымен күш көрсетiлді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елiнiң тәуелсіздiгiн талап етiп, шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар нашақорлар” деген кiнә тағылды.
Окушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн!.
Базары кеттiп 6ір күнде,
Қайғыға халық 6атқан күн.
Әдiлдікпен шындықты,
Өтiрiк жала еткен күн.
Надан жасаған шындықтан
Адамдар азап шеккен күн.
Мұғалім: Тәуелсiздік дегенді калай түнесiндер?
Оқушы: Өз алдына дербес, еркiн мемлекет. яғни ешкiмге тәуелдi болмай, iшкi сыртқы мәселелердi өздерiнiң шеше алатын мүмкiндiгi болуды тәуелсiз мемлекет деймiз.
Ән: “Өз елiм” әнiн орындайды.
Мұғалiм: Тәуелсiз мемлекет атануымызға ана тiлiнен оқынымыздай кiмдердің еңбегi сiңді?
Оқушы: К.Рысқұлбеков. Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мухаметжанова сияқты азаматтардың.
Мұғалім: Дұрыс балалар! Бүгін бiр сәт осы атаған азаматтарды еске алайық.
Хор: Желтоқсан желі”.
Мұғалiм: Түн кәдiмгi миллиондаған түндердің бiрi. Бұл түнде қаланың кез—келген тұсынан ұстаған жастарды ұрып-соғып, өлiмшi халге жеткiздi. Осындай катыгездiктi көрген, Оларға араша түскендердің арасында К. Рысқұлбеков те бар еді.
Оқушы:
Желтоқсанның жан түршігер күндері
Жалдап әкер аяушылық білмеді.
Бұрымынан сүйреп ару қыздарды
Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.
Көрінiс: Желтоқсан күндерiнде.
Оқушы:
Бұрқ етінп қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарайа ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
(Желтоқсан күндерiнен көрiнiс көрсету.)
Оқушы:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бiр шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалiм: 1988 жыл 13 мамырда Семей түрмесiне әкелiнген Қ. Рыскұлбеков 21 мамыр күнi өмірiмен қоштасты.
Оқушы:
Желтоқсан айы естісің,
Дауыл боп бұрқыл ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Би: Қазақ биі.
Окушы:
шектеліп ана тіліміз, ,
Оқылмай өлең жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз.
Окушы:
Тарылтьп жатса даламыз,
Қайтіп бiз тыныс аламыз
Кақымыз да жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз.
Оқушы:
Жанымыз жомарт қазақпыз,
Мәнгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты Бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Ән: «Туған жер» орындалады.
Оқушы:
Қыстың қалай қанқызыл таңғы нұры,
Бүр жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.
Күйдіргідей кеудені күйдіреді,
Жүректегі желтоқсан жанғырығы.
Оқушы:
Өсер ұлдың қай сітте де білік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жаққан алауы.
Өздеріңдей ар-намысты жас өркен бар елдің
Ешқанда еңкеюге тиісті емес жолауы:
Оқушы:
Желтоқсан — заман, толғағы
байтақ даланың,
Шарпысқан сәтi үміт пен
күдiк наланың.
Желтоқсан - Қайрат, Ләззат,
Сәбира,
Құрбаны болған жаланың:
Оқушы:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым.
Ерлiктерің мәңгілік сақталады.
Оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсан
— Тәуелсiз Қазақстан Республикасы жарияланды.
Оқушы:
Дәл бүгін қуанышты қала далам,
Жасадың сол арманға жаңа қадам.
Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,
Басты ғой қызыл шоқты қара табан.
Оқушы:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мұғалiм: Мiне, балалар, ата-бабаларымыздың жерiмiздi, елiмiздi қорғай отырып, ғасырлар бойы тәуелсiздікті аңсап, осы тәуелсiздікке қолымыздың қалай жеткенiн, кiмдердiң еңбек еткенiн сабағымызда аз да болса мағлұмат алдық. Тәуелсiздiкті алу жолындағы халқымыздың ерен еңбектерін алдағы уақыттарда оқып үйренемiз. Бүгiн Қазақстан аз алдына Тәуелсiз Мемлекет. Біздiң өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.
Сендер — Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар.