маған сендердің көмегі керек болып тұрған еді өтінем білсеңіздер жазып беріңіздерші

0 дауыс
506 қаралым
149-жаттығу.Мәтіннен тіркескен сөздерді теріп жазыңдар.
мысалы:жирен қасқа,қара торы,ауыл аймақ,жедер жәрдем,ақ сүек,тоғыз құмалақ,т.б.
Алыстан көрінетін қызыл қоңыр мұнара ханымның көзіне оттай басылды.Бұлар жақындай түскен сайын асқақ мұнара көкке өрмелей тым биіктеп барады.Түбіне келіп күймеден түскенде,қызыл қоңыр қыш тастан қаланған тас бәйтерек ханымның таң-тамаша жанарынан жарық дүниені қалқалап тұрғандай болды.енді ханым күннен-күнге өзгеріп келе жатқан мұнараны нөкерімен бірге күнде қызықтайтын болды.Мұнара әуелі көгіс тартты.Көкпеңбек мұнара көк аспанның өзімен астасып кеткендей.күні кеше қожырайып тұратын қып-қызыл тас діңгектің орнына аспанды тіреп тұрғандай жып-жылмағай,жіп-жіңішке көк сирақ шыға келіпті.
Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс
Қоңыр мұнара, асқақ мұнара, тас бәйтерек, жарық дүние, көкпеңбек мұнара, көк аспан, қып-қызыл тас,  тас діңгек, көк сирақ. БОЛА МА???
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы