0 дауыс
19.6k көрілді
қызықты күлкілі анегдоттар жазсаңыздар достар   :D:D:D

5 жауап

0 дауыс
[қайталанған сұрақ][1]


[анегдот][2]
[осыныда қара][3]


  [1]: https://surak.baribar.kz/203394/
  [2]: https://surak.baribar.kz/123061/
  [3]: https://surak.baribar.kz/98041/
0 дауыс
Міне, сендерге анекдот:
 Жындыханада бiр жынды суға түсiп тұншығып өлейiн деп жатса,бiр жынды кұткарып калыпты. Дарiгер:МОЛОДЕЦ.Сенi ертең бул жерден шығарамын,сен жазылдың.Бiрақ сен кұтқарған адам асылып өлiп калыпты,-десе жынды тан калып карап тұрып:
Мен оны кепсiн деп iлiп койғанмын,-дептi.

Қазақ пен орыс бір бөлмеде жатады. Қазақ орысқа жұмбақ жасырады:
-На букву П, под кроватью лежить,- депті.
Орыс ары-бері ойланып, "Здаюсь" депті.
Қазақ "Потинка" депті. Орыс "Не потинка а ботинка, дурак"- деп ашуланыпты.
Қазақ "Ну ладно"- деп, "На букву Ы, тоже под кроватью лежит"-депті. Орыс ойланып-ойланып,
"Здаюсь" депті. Сонда қазақ "Ыптарой потинка"-депті. Хех)
+1 дауыс
Бiр кыз темекi шегiп турады, сосын бiр жiгiт орысша бiлмей темекi сурайын деп: девушка ты куритса дейдi, сосын кыз турып: а ты чё петух что ли? - десе, анау турып: да нет, я тоже куритса дептi…
+1 дауыс

 

Емханада:
- Бір операцияға 10 мың доллар тым көп емес пе? Мен бала-шаға асырап отырған адаммын ғой.
- Біз де бала-шағамыз аш отырмасын деп жүрміз ғой.

- Иттің инфаркт алуы мүмкін бе?
- Егерде оған адамға жасаған жағдайды жасасаң, әбден мүмкін.
*
- Дәрігер мен есте сақтау қабілетімді жоғалтым-ау деймін.
- Қай уақыттан бастап?
- Былтырғы жылдың 16 желтоқсанында сегізден он бес минут кеткенде. Ол күн жұма болатын.
*
Митингіде соққыға жығылған адамды моргке апара жатыр.
- Мен әлі өлген жоқпын.
- Біз де әлі жеткен жоқпыз.
*
Көше тәртібін бұзып, сол жақпен кетіп бара жатқан көлікті МАИ қызметкері тоқтатады.
- Жол ережесін өрескел бұзып, қайда асығып бара жатырсыз?
- Оны өзім де білмеймін. Не де болса кешіккенім анық. Өйткені бәрі кері қайтып келе жатыр.

Машинамен жолда келе жатқан ерлі-зайыптылар МАИ қызметкерлерін жиі кездестіреді.
Әйелі:
- Бұл көшедегі МАИ-дың барлығы семіріп кеткен бе, немене? – деп таңданса керек.
Күйеуі:
- Олар бронежилет киіп тұрған шығар – дейді.
Әйелі:
- Қойшы тегі, беттеріне де киіп алған ба? – депті.
*
Жолаушыларға лық толы автобус. Бір аялдамадан автобусқа мінген кемпір алдыңғы қатарда отырған жас жігіттің қасына келіп тұрады. Жас жігіт әлгі кемпірден:
- Апа, аяғыңыз ауырып тұр ма? – деп сұрапты.
- Иә, айналайын, аяғым сырқырап ауырып тұр.
- Апа, жас кезіңізде қарттарға орын беруші ме едіңіз?
- Иә, қарағым, үлкен кісінің автобусқа кіргенің көрсем, отырған жерімнен қарғып тұрып орын беретін едім.
- Е-е, жас кезіңізде қарттарға орынды көп бергендіктен ғой аяғыңыздың ауыратыны...
*
Заулап келе жатқан көлікті тоқтатқан МАИ қызметкері жүргізушіге:
- Жылдамдықты арттырған үшін салынатын айыппұл көлемін білесің бе?
- Жоқ.
- Ендеше біліп қой – 20 мың!
- Қауіпсіздік белбеуін тақпаса ше?
- Онда 7 мың бересің!
- Ортадағы бөлі сызығын қиып өтсе ше?
- Оған? Кемінде 10 мың!
- Ішіп алып айдағандарға не істейсіңдер?
- Правосын алып қоямыз.
- Ал бірден қатты жылдамдықпен, белбеу тақпай, сызықты кесіп өтіп, ішіп алып көлік айдаса не болады?
- Онда «бинго» болады!

Бір байдың көлігі аяқастынан бұзылып қалып автобусқа отыруына тура келеді. Кондуктор:
- Клара Цеткин, түсеміз! Лев Толстой, дайындаламыз!
Сәлден кейін:
- Чапаев, дайындаламыз!
- Бауырым, менің аты-жөнімді қашан айтасың, мен қазір түсуім керек.

Білгім келген бір сұрақ:
- Қытай мен МАИ қызметкерінің ұқсастығы неде?
- Екеуі де тамақты таяқпен жейді.

Жол бойында МАИ қызметкері көлікті тоқтатып, жүргізушіге:
- 100 доллар беріңіз. Әйтпесе сіздің көлігіңіз бен өзіңізді де қамауға аламыз.
- Басеке, мен ереже бұзған жоқпын ғой.
- Маған не қыл дейсің. Сен қашан ереже бұзады деп күтіп жүреді екенбіз ғой, сол...
*
МАИ инспекторы «Мерседес» көлігін тоқтатты.
Мәшинеден «жаңа қазақ» шықты. Инспектор:
- Ішіп алыпсың ғой. Қане, үрле!..
«Жаңа қазақ» қалтасынан жүз доллары алып ұсынды.
- Түкке түсінбей тұрмын. Тағы бір рет үрле!
«Жаңа қазақ» енді елу доллар береді.
« -Түу... ештеңе түсінер емеспін, бірінші жолғыдай қайта үрлеші!

90-нан асқан шал төсек тартып қалады. Орнынан тұрмай қойыпты, бала-шағаның да шулағанына құлақ аспапты. Сонда баласы әкесінің құрдасын шақырып алады. Әкесінің құрдасы келіп, жатып алған досының қасына отырып:
- Ә...Жатырмысың...Жат, жата ғой, әй, Құрманбай, ананы қара, қыздар кетіп бара жатыр десе...
Жатқан шал:
- Қане? - деп басын көтерген екен...
*
Бір шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:
- Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті.
Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі:
- Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме? - деген екен.
*
Сот:
- Айыпкер, сіз бір дүкенге үш рет ұрлыққа түсуіңіздің себебі неде?
Айыпкер:
- Бірінші мәрте әйеліме көйлек алдым. Одан кейін әйелім «көйлекті ауыстырып кел!» деп екі рет жұмсады. Бітті! Бар болғаны осы....
*
Сот залында:
- Сіз мына кісінің туысқанысыз ба?
- Иә, бірақ біздің арамыз аса жақын емес. Алыс туысқаным болады ол маған. Біз бір үйде 15 бала өстік. Бұл кісі үйдің тұңғышы болса, мен – кенжесімін.

- Алло! Полиция ма? Мен шағымданайын деп едім. Бірнеше күннен бері менің үйіме қорқытып жазылған хаттар келуде.
- Мм... Кімнен екенін білесіз бе?
- Нақты кімнен екенін айта алмаймын, бірақ қол қойылған.
- Кімнің қолы?
- Салық комитетінің бастығының...

Ауыл. Түн іші. Біреу есік қағады:
- Сізге отын керек пе ?
- Жоқ. Керек емес.
Таңертең үйдің иесі есік алдына шықса, біреулер қысқа деп дайындаған отынды үптеп кетіпті.

Бір шетелдің қылмыскерден жергілікті тергеушілер жауап алып отыр:
- Алтынды қайда тықтың?
Аудармашы:
- Алтынды қайда тықтың?
Қылмыскер:
- Айтпаймын!
Аудармашы:
- Ол айтпайды!
Тергеуші:
- Егер алтынды қай жерде екенін айтпасаң, біз сені өлтіреміз!
Аудармашы:
- Алтынның қай жерде екенін айтпасаң, олар сені өлтіреді!
Қылмыскер:
- Алтынды үйдің алдына, табалдырықтың астына көмгенмін.
Аудармашы:
- Атыңдар, оңбағандар, бәрібір айтпаймын!!!
*
Сот залында:
- Театрға ішіп алып барғаныңызды мойындайсыз ба?
- Мойындаймын! Сау болсам, театрға жолап нем бар?!

- Кеше ет комбинатында болып, колбасаның қалай жасалатынын көрдім. Екінші ет жемейтін болдым. Бүгін сүт фермасына барып, сыр, айран, сүттің қандай жағдайда жасалатынын көрдім. Бұдан былай сүт тағамдарына жоламаспын. Осы көргенім жетер! Енді арақ зауытына мені итпен сүйреп апара алмайсың!

Әйелі күйеуіне:
- Арақты кесемен ішетін жағдайға жеткенсің бе?
- Дәрігер стақанды қолыңа алушы болма деді емес пе?!

Дүкендегі оқиға.
- Маған бір шөлмек арақ беріңізші.
- Ал сен 18-ге толдың ба?
- Ал сізде ішімдік сатуға лицензия бар ма?
- Не болды ашуланып, бар ғой...

Бір жігіт дүкен әкімшілігіне шағымданып жатыр:
- Сіздер неге халықты алдайсыздар?
- Жала жабуға болмайды, біз не деп алдадық?
- Сіздер кір жуатын ұнтақтың қорабына, «сыйлық ретінде 100 грамм тегін аласыз» деп жазып қойыпсыздар. Ашып қарадым, ішінде ұнтақтан басқа ештеңе жоқ. 100 грамы қайда?
*
Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
- Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші! Лев Толстой деген классикті білесің бе?
- Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой...

Мұғалім оқушыға:
- Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
- Шешемнің қолы тимейді.

Екі жігіттің әңгімесінен:
- Арақтың зиянды қасиеттері туралы кітап оқыдым, қоятын шығармын...
- Арақты ма?
- Жоқ, кітап оқуды.

Екі студент әңгімелесіп отыр.
- Егер декан маған айтқан сөзін қайтып алмаса, онда мен университеттен кетемін.
- Ол саған не деп еді?
- «Университеттен жоғал» деген!
*
Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы айналып құлап қалады. Қасына бір келіншек келіп, айналасындағыларға:
- Су әкеліңдер, су әкеліңдер, - дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:
- «Аналарға сумен қоса нан ала келіңдер» деп айта салыңызшы, - дейді сыбырлап.
*
Оқ

- Дәрігер мен есте сақтау қабілетімді жоғалтым-ау деймін.
- Қай уақыттан бастап?
- Былтырғы жылдың 16 желтоқсанында сегізден он бес минут кеткенде. Ол күн жұма болатын.

Машинамен жолда келе жатқан ерлі-зайыптылар МАИ қызметкерлерін жиі кездестіреді.
Әйелі:
- Бұл көшедегі МАИ-дың барлығы семіріп кеткен бе, немене? – деп таңданса керек.
Күйеуі:
- Олар бронежилет киіп тұрған шығар – дейді.
Әйелі:
- Қойшы тегі, беттеріне де киіп алған ба? – депті.  
ОСЫ ЕКЕУІН ТҮСІНБЕДІМ?
0 дауыс
1.Қожанасыр мен Алдар теңіз жағасында кездесіп қалыпты. Алдар Қожанасырды сөзбен ұстамақ болып:

-Қожеке, осы теңіздің суы қанша шелек? - деп қойып қапты. Қожанасыр әпенді ойланып, ойланып былай депті:

-Осы теңіздей шелек тапсаң бір - ақ шелек болады. ))

2.Қожанасыр қаладағы баласына қонаққа барады. Қожекеңнің туалетке шыққысы келетінін айтыпты баласына. Баласы туалетке апарып тетігін басып кетіп қалған екен. Біраздан соң әкесі баласына келеді. Сөйтсе бұтына жіберіп қойған екен. Баласы "Әке, не боп қалды?" деп сұраса, "Қайдан білейін, шорылдап тұрғанға" депті)))

3. Қожанасырдың келіні есік алдын сыпырып жатыр. Бір кезде шыдамай жел жіберіп қояды да, "Ай, тоқшылық - ай" дейді. Екінші рет тағы да жел жіберіп қояды да, "Ай, тоқшылық - ай" дейді. Үшіншісінде тағы бір рет осырыпты да, "Ай, тоқшылық, ай" депті. Сөйтеді де артына қарап қалса Қожекең тұр дейді. Келіні сасып қап "Ойбай, ата, қашан кеп қалдыңыз?" десе, Қожекең "Бірінші тоқшылықта келіп қойғам, айналайын депті.)

Сәлден соң:

- Келін, ай, келін?

-Не болды, ата?

-Ауыңнан айналайын десем бола ма?)

4.Қожанасыр автобуста. Іші ауырып отырып, шыдамай жел жібереді. Қасында отырған орыс кемпір "Фуу, воняет, воняет" деп айқайлап қоймапты. Қоймаған соң әпендіміз айтыпты:

-Адамның іші ауырып өлейін деп жатса, ән айт, ән айт деп қоймағаны нес?)

5. -Қожеке, теңіздің суы неге ащы?

-Тұрып қалғандықтан шығар.

Жындылар жайлы:

1. Бір жынды жарға шегені теріс бетімен қағып жатса керек. Қасына екінші жынды келіп, "Әй, жындымысың, бұл бұ жардың шегесі емес, ана қарама қарсы жардың шегесі" депті)

2.Бір жындыны милиция ұстап алыпты. Олар жындыдан қайда тұратынын сұраған ғой.

-Әкеммен бірге тұрамын.

-Әкең қайда тұрады?

-Ағаммен бірге тұрады.

-Ей, ақымақ, ағаң қайда тұрады?

-Менімен бірге тұрады.

-Сен қайда тұрасың?

-Әкеммен бірге тұрамын.

-Әкең қайда тұрады? ..............................))

Жарты сағаттан соң:

-Ағаң қайда тұрады?

-Не деген топассыңдар, үшеуіміз бірге тұрамыз ғой))

3.Фонтанға бүкіл жындыхананың "тұрғындары" түсіп жатыр. Тек бір жынды қарап отыр. Дәрігерлер келіп:

-Неге түспедің, ойнап, күлмейсің бе, достарың сияқты?-дейді.

-Қойш, кит жеп қояды.)

4.Дәрігерлер қабырғаға автобустың суретін салып, "Ал, мініңдер, кеттік" депті. Жындылардың бәрі қабырғаға соғып, "міне" алмай жатады. Тып-тыныш қарап тұрған жылғыз адамға дәрігерлер барып сұрайды:

-Бармайсың ба, не?

-Адам көп қой, таксимен бара салам))

5.Жынды шемішке шағып отыр. Қолынан шемішкесі түсіп кетеді. Жынды "Бері кел " дейді, екінші рет "Бері кел деймін саған" депті. (Шемішке қайдан келсін). Болмаған соң қолындағы бүкіл шемішкесін лақтырып жіберіп айтыпты: -Барып, жетелеп алып келіңдер ананы маған!!))

6.Екі жынды жындыханадан қашады. Дәрігерлер қуып келеді. Біріншісі есі кіресілі-шығасылы, ал екіншісі "мүлде арғы жаққа өтіп кеткен" екен. Дәрігерлер жетіп қалғанда екеуі қамыс арасына тығыла қалады. Дәрігерлер қамыстың жыбыр ете қалғанын көріп арасына кірмекші болады. Сонда біріншісі "Мяяяу" деп мысықтың даусын салыпты. Дәрігерлер енді кетейін деп жатқанда екінші жынды былай депті:

-Мяяяяяяу, біз мысықпызззз)))



Қолмен жазған еңбегім еленер деймін)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 2.11.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+3 дауыс
9 жауап
+1 дауыс
7 жауап
APOSTAL_KZ 20.01.2015 Достық сұрақ қойды
+1 дауыс
5 жауап
...