0 дауыс
7.3k көрілді
Ашура күні деген не? Бүгін естіп қалдым. Және 2 күндік ораза бар дейді? Ашура күні деген не? Бүгін естіп қалдым. Және 2 күндік ораза бар дейді? Ашура күні деген не? Бүгін естіп қалдым. Және 2 күндік ораза бар дейді?

3 жауап

+1 дауыс
Ашура түні және күні




Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Мухаррам айы – Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – мухаррам айында тұтылған ораза болып табылады.» (Муслим)

Бұл айдың ең қадірлі түні – Ашура түні. Аллаһу та’ала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Хазреті Адамның тәубесінің қабыл болуы, хазреті Нұхтың топаннан құтылуы, хазреті Юнустың балықтың қарнынан шығуы, хазреті Ибраһимнің отта жанбауы, хазреті Идристің тірідей көкке көтерілуі, хазреті Яқубтың ұлы хазреті Юсуфқа қауышуы, хазреті Юсуфтың құдықтан шығуы, хазреті Әййубтың аурудан құтылуы, хазреті Мұсаның қызыл теңізден өтуі, хазреті Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні болған.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ашура күні Нұх алейһиссаламның кемесі Жуди тауына отырды. Ол күні Нұх және қасындағылар, Аллаһу та’алаға шүкір ету үшін ораза тұтқан еді. Жануарлар да ешнәрсе жемеген еді. Аллаһу та’ала теңізді Бәни Исраил қауымы үшін ашура күні жарды. Және ашура күні Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламның және Юнус алейһиссалам қауымының тәубесін қабыл етті. Ибраһим алейһиссалам да осы күні туылды.» (Табарани)

Ертеден бері Қурайш қауымы да, Расулуллаһ та ашура күні ораза тұтатын еді. Мәдинаға келгенде де осы күні ораза тұтты және басқаларға да тұтуы үшін әмір етті. (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Әбу Дауд)

Мәдинада ашура күні ораза тұтқан пайғамбарымыз яһудилердің де ораза тұтқандарын көріп “неге ораза тұттыңдар?” деп сұрады. Олар “Аллаһтың исраил ұлдарын дұшпаннан құтқарған күні, Мұса бұл күні ораза тұтқаны үшін тұттық” деді. Расулуллаһ алейһиссалам мұсылмандардың бұл күні ораза тұтуларының себебін түсіндіру үшін “Мен Мұса алейһиссаламға сендерден де лайықтымын” деп бұйырды. (Бұхари, Муслим, Әбу Дауд)

 

Бұл күні жасалатын амалдар:

1) Ашура күні ораза тұту сүннет болып табылады. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Ашура күні ораза тұтқан адамның бір жылдық күнәлары кешіріледі.» (Мүслим, Тирмизи, И. Ахмед, Табарани)

«Ашура күні ораза тұтқан адам ол жылы тұта алмаған (нәпіл) оразаларының сауабына қауышады.» (Дәйләми)

«Ашура күнінен бір күн бұрын, бір күн кейін ораза тұтыңдар, яһудилерге ұқсамаңдар.» (И. Ахмед)

«Ашураның құндылығынан пайдаланыңдар! Бұл қасиетті күнде ораза тұтқан адам періштелер, пайғамбарлар, шәһидтер және салихтердің ғибадаттарындай сауапқа қауышады.» (Шира)

(Тек қана Ашура күні ораза тұту мәкрух болады. Алдыңғы бір күнмен немесе кейінгі бір күнмен қосып тұту керек!)

Пайғамбарымыз осы күні түс уақытында былай деп бұйырды:

«Бәріне естіртіңдер! Бүгін бір нәрсе жеген адам, кешке дейін ешнәрсе жемесін, аузы берік секілді жүрсін! Әлі *ешнәрсе жемеген адам ораза тұтсын! Өйткені бүгін ашура күні.» (Бұхари, Муслим, Әбу Дауд)
Пайғамбарымыз осы күні бір құрманы мүбәрәк аузымен суландырып балалардың аузына беретін. Балалар расулуллаһтың мұғжизасы ретінде кешке дейін ешнәрсе ішіп-жемейтін еді. Бұл күнде кейбір жануарлар да ешнәрсе жемей жүретіні білдірілген. Бір аңшы ашура күні бір киікті ұстап алады. Киік балаларын емізіп кешке қайтып келуі үшін расулуллаһ алейһиссаламнан шапағат сұрайды. Аңшы киікке кешке дейін қалмай емізіп дереу қайтып келуін айтқанда, киік “Бүгін ашура күні. Бұл күннің құрметіне балаларымызды емізбейміз. Сондықтан* мен кешке келу үшін рұқсат сұрадым” дейді. Мұны естіген аңшы киікті пайғамбарымызға сыйға береді. Пайғамбарымыз киікті босатып жібереді.

 

2) “Сила-и рахим” жасау керек. Яғни туыстарға қонаққа барып, оларға сыйлық беріп, әртүрлі көмектермен көңілдерін аулау керек. Хадис шәрифте «Сила-и рахимді тәрк еткен адам, ашура күні туыстарына қонаққа барса, Яхйа және Иса алейһиссаламның сауабындай сауапқа қауышады» деп бұйырылды. (Шира)

 

3) Ілім үйрену керек! Хадис шәрифте: «Ашура күні ілім үйреніліп жатқан немесе Аллаһу та’ала зікір етіліп жатқан жерде біраз отырған адам жәннатқа кіреді» деп бұйырылды. Бұл түні ілім ретінде әһли сүннет кітабын (мәселен “Намаз кітабын”) оқу керек. Сонымен қатар Құран кәрім оқу керек, намаздан қазасы бар адам қаза намаздарын оқуы керек. (Шира)

 

4) Садақа беру сүннет, яғни ғибадат. Хадис шәрифте: «Ашура күні түйірдей садақа берген адам Ухуд тауындай сауапқа қауышады» делінген. (Шира)

Емдік ниетпен сүрме жағып жүрген адам бұл күні де сүрме жағуына болады. Хадис шәрифте: «Ашура күні исмид сүрмесін жаққан адам көз ауруын көрмейді» делінеді. (Хаким)

 

5) Көп сәлем беру керек. Хадис шәрифте: «Ашура күні он мұсылманға сәлем берген адам бүкіл мұсылмандарға сәлем бергендей сауапқа қауышады» деп бұйырылды. (Шира)

 

6) Отбасын, бала-шағасын қуанту керек! Хадис шәрифте: «Ашура күні жанұясының напақасын мол ұстаған адамның бүкіл бір жылғы напақасы мол болады» делінеді. (Бәйһақи)

 

7) Ғұсыл алу керек. Хадис шәрифте: «Ашура күні ғұсыл алған мұсылман күнәлардан тазарады» деп бұйырылды. (Шира)

(Бұл сауаптар сенімі дұрыс, яғни әһли сүннет болған, намазын оқитын және харамдардан сақтанатын мұсылман үшін. Бұларға мән бермейтін адам ашура күні бір емес, бірнеше рет ғұсыл алса да күнәлары кешірілмейді.)

Хазреті Хусейн 10 мухаррамда шәһид етілді. Бұл ұлы имамның шәһид болуы әрине бүкіл мұсылмандар үшін үлкен қайғы. Хазреті Омар, хазреті Осман, хазреті Әли және хазреті Хамзаның шәһид етілуі де осы секілді үлкен қайғы. Бірақ пайғамбарымыз хазреті Хамзаның шәһид етілген күнінде аза (траур) тұтпады. Аза тұтуды да әмір етпеді. Аза тұту тыйым болмағанда, бәрінен бұрын пайғамбарымыздың өлімі үшін аза тұтылатын еді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аза тұтқан адам өлмей тұрып тәубе етпесе, қияметте ауыр азап көреді.» (Муслим)

«Адамды күпірге тартатын екі нәрсе бар. Біріншісі: біреудің ата-тегіне сөгу, екіншісі: өлі үшін аза тұту.» (Мүслим)
rahmeeeeeeeeeeeeeeeeeet gulim kashan keledi ol
0 дауыс
мен Ашура күнінің екінші күні ғана ауыз бекиткен болатынмын.
0 дауыс
Ашура күні
Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға тән, Аллаһтың сәлемі және игілігі пайғамбары Мұхамметке, үй ішіне, әрі баршаүмметіне болсын.
Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады. Биыл Ашура күні – қараша айының 24 – не дәл келеді . Мухаррам айы Құран кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Мухаррам айының бірінші күні ораза тұту ол жылдың барлығын оразамен өткізгенмен бірдей болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді:
اَفْضَلُ الصِّيَامِ بَعْدَ رَمَضَانَ شَهْرُ اللهِ الْمُحَرَّمِ وَاَفْضَلُ الصَّلاَةِ بَعْدَ الْفَرِيضَةِصَلاَةُ اللَّيلِ
«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза Аллаһтың мухаррам айында тұтылған ораза, ал парыз намаздан кейін ең құнды түнгі намаз болып табылады.» (Муслим) ( Kürsüden öğütler 495 бет ).
Бұл айдың ең қадірлі түні – Ашура түні. Аллаһу та’ала көп дұғаларды тәулік бойы қабыл еткен. Хазреті Адамның тәубесінің қабыл болуы, хазреті Нұхтың топаннан құтылуы, хазреті Юнустың балықтың қарнынан шығуы, хазреті Ибраһимнің отта жанбауы, хазреті Идристің тірідей көкке көтерілуі, хазреті Яқубтың ұлы хазреті Юсуфқа қауышуы, хазреті Юсуфтың құдықтан шығуы, хазреті Әййубтың аурудан құтылуы, хазреті Мұсаның қызыл теңізден өтуі, хазреті Исаның туылуы және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні болған.
Хадис шәрифте былай делінеді: «Ашура күні Нұх алейһиссаламның кемесі Жудитауына отырды. Ол күні Нұх және қасындағылар, Аллаһу та’алаға шүкір ету үшін ораза тұтқан еді. Жануарлар да ешнәрсе жемеген еді. Аллаһу та’ала теңізді Бәни Исраил қауымы үшін ашура күні жарды. Және ашура күні Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламның және Юнус алейһиссалам қауымының тәубесін қабыл етті. Ибраһим алейһиссалам да осы күні туылды.» (Табарани)
Ертеден бері Қурайш қауымы да, Расулуллаһ та ашура күні ораза тұтатын еді. Мәдинаға келгенде де осы күні ораза тұтты және басқаларға да тұтуыүшін әмір етті. (Бұхари, Муслим,Тирмизи, Әбу Дауд) (Дін ислам. kz ) .
قَدِمَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّمَ الْمَدِينَةَ فَرَأَى الْيَهُودَتَصُومُ يَوْمَ عَاشُورَاءَ، فَقَالَ: مَاهَذَا؟قَالُوا: هَذَايَوْمٌ صَالِحٌ،نَجَّى اللهَ فِيهِ مُوسَ وَبَنِي إِسْرَائِلَ مِنْ عَدُوِهِمْ، فَصَامَهُ، فَقَالَ: أَنَا أَحَقُّ بِمُوسَى مِنْكُمْ فَصَامَهُ وَ أَمَرَ بِصِيَامِهِ
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдинаға қоныс аударған кезде, яһудилердің ашура күнінде ораза ұстағанын көрді. Ол: «Бұл қандай ораза?» - деп сұрады. Сонда оған: «Бұл – ерекше күн. Аллаһ Тағала осы күні Мұса пайғамбар (ғ.с) мен Исрайылұлдарын дұшпандарынан құтқарды. Сондықтан Мұса (ғ.с) осы күні ораза ұстайтын», - деп жауап берілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен Мұсаға сендердерге қарағанда жақынмын», - деді де, осы күні ораза ұстауды бұйырды». (Бұхари, Муслим, Әбу Дауд). (Ислам ғылымхалы, Н. Анарбаев, Е. Қарақұлов)
صِيَامُ يَوْمِ عَاشُورَاءَ اِنِّى اَحْتَسِبُ عَلَى اللهِ اَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِى قَبْلَهَا
« Ашура күні ораза тұтқан адамның бір жылдық күнәлары кешіріледі » , - деген. (Муслим, Тирмизи, И. Ахмед, Табарани) . ( Kürsüden öğütler 49 4 бет ).
إِنَّ عَاشُورَاءَ يَوْمٌ مِنْ أَيَّامِ اللهِ، فَمَنْ شَاءَصَامَهُ،وَمَنْ شَاءَتَرَكَهُ
«Ашура – Аллаһтың күндерінің бірі. Қалаған адам ораза ұстасын, қаламаса, ұстамаса да болады», - деген. (Ислам ғылымхалы, Н. Анарбаев, Е. Қарақұлов)
عَنْ عَائِشَةَ قَالَتْ كَانَ عَاشُورَاءَيَوْمًاتَصُومُهُ قُرَيْشٌ فِى الْجَاهِلِيَّةِ وَكَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّمَ يَصُمُهُ فَلَمَّا قَدِمَ الْمَدِينَةَ صَامَهُ وَاَمَرَ النَّاسَ بِصِيَامِهِ فَلَمَّاافْتُرِضَ رَمَضَانُ كَانَ رَمَضَانُ هُوَ الْفَرِيضَةُ وَتَرَكَ عَاشُورَاءَ فَمْنَ شَاءَصَامَهُ وَمَنْ شَاءَتَرَكَهُ
«Жәһилийат дәуірінде (Исламнан бүрын) Құрайш қабиласы (тайпасы) Мухаррам айының оныншы күні ораза үстайтын. Расулуллах (с.ғ.с.) та бүл оразаны үстайтын. Мәдинаға һижрат еткеннен (қоныс аударғаннан) кейін бүл оразаны Өзі (с.ғ.с.) ұстап, оны басқаларға да бүйырды. Рамазан айында ораза ұстау парыз етілгеннен кейін: «Қалаған адам Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстасын, қаламаса ұстамасын»,—деп айтты.» Хадисті Айша анамыздан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті. ( Kürsüden öğütler 495 бет )
Қорта келгенде Ашура күні дінімізде елеулі уақиғалардың орын алған ерекше күн екені аңғарылады. Аллаһ Өзі жарылқап, тура жолғасалсын. Ораза ұстап, намаз оқу ең абзал амал жамағат.
http://www.google.co.in/search?&q=%d0%90%d1%88%d1%83%d1%80%d0%b0+%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96
...