Темекіні бочуктетіп бастағанбыз
Ол кездері дым көрмеген жас баламыз
Кеш батқанша вокзал алдын аңдушы едік
Әркімдердің темекіні тастағанын
Жерде жатса темекіге жүгіреміз
Оны қуысқа апарып үрдіреміз
Түтін шықса аузымыздан мәз-мейрам боп
Сорақысы жас өкпені бүлдіреміз
Көбінесе әке-шеше байқамайды
Темекі шегеді деп айта алмайды
Темекі иісі шығып үйге барған күні
3 сағат таяақпен ұрып айқайлайды
Балалықпен өтті нәрсе небір қалай?!
Көз ілеспей сол бір нәрселер кетті қалай?
Сол шылымға әуес болған қайран біз-ай
Енді міне темекіні тастай алмай жүрміз қалай?!
Көбісінің ойында бар шылым қою
Ол пәленің қиын екен күшін жою
Өкпеде не боп жатыр білмейміз-ау?!
Айқыш-ұйқыш түскен шығар небір ою!
Әй жастарым бұл пәлеге жоламаңдар
Жетісіп жүр дейсіңдерме жолағандар
Жамандыққа әуес болмай сабақ оқып
Білім қуып өрге қарай домалаңдар!
Бауыржан Тұрабаев