+1 дауыс
4.8k көрілді
пиязшықты өсімдіктер?

1 жауап

0 дауыс
Пияз туыстастар

Пияз туыстастар- даражарнақты өсімдіктер . Бұлар пиязшықты, кейде түйнекпиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері - ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қанқызыл түсті. Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі - қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Тұқымдары жел, құмырсқалар, жануарлар арқылы таралады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар - азықтық, малазықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.

Ұқсас сұрақтар

...