+7 дауыс
613 көрілді
Негізі мынаны тіке админнің өзіне жазайындеп жатыр едім, бірақ мында жариялауды жөн көрдім.
Ұсынысым сұрақты модерациялау жайында боламақ.
Сайтта сапасыз, мағынасыз пайдасыз сұрақтардың көөөөөөөбеюіне байланысты, сұрақ қойғаннан кейін оны тіке сайтқа жарияламай, модератор, редакторлар модерациялап, керегін, пайладысын, мағыналысын жариялап, қажет болса өңдеп, қалғандарын бірден жасырып отыруды ұсынамын, яғни қолданушы сұрақ қойғанда ол тіке сайтқа шықпайды, админ, модератор, редакторлар мақұлдағаннан кейін жарияланып отыратын болады.
*Егер осылай жасасақ cұрақтар индексациядан өтіп кетті, енді оны өшіре алмаймыз деген мәселе автоматты түрде жойылады деп ойлаймын.*

Неге ашық жарияладым. Себебі сұрақ қойылғаннан кейін оны көп күттірмей барынша тездетіп модерациялап отыру керек. Модератор, редакторлар бұған қалай қарайсыңдар? Сайтта жиі отыра аласыңдар ма? Әр сұрақты қадағалап, жедел модерациялау қолымыздан келе ма? Өзім дәл қазір сайтта жиі отыра алмаймын, бірақ осы айдың соңынан бастап сайтта түнейтін боламын, мына жағдайымыз тіптен нашар, сұрақтарды тіпті ашып қарағым да келмейді.
Нағыз болмай жатса белгілі бір уақытты бөліп алып, кезекпен отырармыз? Белсенді модераторлар, редакторлардан кім қалды?
пы/сы: Админ мұндай мүмкіндік сайт движогында қарастырылған емес па?

8 жауап

+2 дауыс
өте дурыс!! сұрақтар   көбі түсініксіз, қате қойылуда.Бірінші кірген адам бұл сайтта тек оқушылар отырады екен деп ойлап қалуы мүмкін...модератор мен редакторлар  көп екен неге  сол қателермен  сұрақтың мазмұнымен жұмыс жасамасқа. сайтта   сұрақ қоюшылар  мықты көп емес қой..(әзірге)
+5 дауыс
Жақсы идея Абылай. Егер менің қолымнан келсе істеп беретін едім. Бірақ қап дейтінім менің миым ондай мүмкіншілікті жасауға шамасы жетпейді. Кезінде ондай мүмкіндік бар ма деп ақтарып шыққан едім бірақ болмады, таппадым.
Ендігі мәселе былай. Абылай байқаған болсаң мен 2-3 күн болды сайттағы сұрақтарды мейлінше тез өңдеп қойып жатырмын. Қажет еместерін өшіріп тастап жатырмын. Абылай енді редакторлықты  мен өзімнің мойныма аламын. Мейлінше тез өңдеп қоюға тырысып жатырмын.  Бірақ басқа да редакторлар мен модераторлар көмектессе болады. Енді уайымдамай-ақ қой ;) Мейлі индексациядан өтіп кетсе де өңдеп қоямын. Бірақ бір шарт осы уақытқа дейінгі сұрақтарды өңдемесе болғаны. Ал жаңадан қойылған сұрақтарды өңдеп отырамыз. Өңдеуге келмейтінін ойланбастан өшіріп тастауға болады. Бірақ бәрібір өңдеуге болатындарын мен тағы да бір қарап шығып өшіретін боламын.
Жылдам модерациялап отыруға болады екен. Оған менің көзім жетті, жалғыз өзім де біраз өңдеп қояды екенмін. Бір қарап өойып жұмыстарымды істеп отыруға болады екен. Тағы да көмекші болып жылдам өңдеп қойып отырамын десе еш қарсылығым жоқ. Басқа басқа сұрақтарды өңдеп отыруымыз керек секілді.
Сайтта Модераторлар деген бөлім бар, сен айтқан жүйе движоктың негізінде бар. Бірақ қалай қосу және істеп тұрғанын ұқпадым. Движокты 10 ақтарып шықтым бірақ таппадым, форумынан да ақпарат таппадым.
Әзірге солай толық редакторлап отыратын болдым, модераторларды да шақырамын. Ретке келтіру керек кез келген секілді. Жақсы бастама бастадың Абылай. Рахмет!
Admin. маған сұрақтарды өңдеуге  мүмкіндік берсең. қолымнан келгенше көмектесейін
кісі болмаш бауырым...
бауыр саған қатысы жоқ сурет
Жалғыз өзің емес бәрімізде көмектесеміз, бірақ модерациялауға (яғни үнемі кіріп отыруға) мүмкіндігіміз жоқ сияқты
+2 дауыс
Або бармысын бауреем)) Сен Сждан жоғалып кетті ма деп ойлап едім.  Не ғо керемет идея бұл)) Түүү сол кезде сұрақтарды өңдеуге де үлгіріп отыратын едік)))
+2 дауыс
Жалпы жақсы ұсыныс екен. Админге ойлануға мүмкіндік бергенде дұрыс. Өзім сайтта күніне бар -жоғы 1 сағат уақытымды бөлетіндіктен, кесіп-пішіп ештеңе дей алмаймын. Бірақ, мына ойың маған ұнады.
+1 дауыс
Меніңше, ол үшін арнайы бір адам отыру керек секілді.
Сосын ол қойылған сұрақ жасырылынып тұрса, біраз уақыттан соң сұрақ қойған адам үшін сұрақтың маңызы жоғалуы мүмкін.Сондықтан , бір жағынан дұрыс емес.
Мен сайтта отырғанда барынша өңдеп отыруға тырысамын.
+1 дауыс
Мен де шамам келгенше көмек аямаймын, негізі мен онсызда мүлдем түсініксіздерін жасырып, кәдігімгі сөйлем түрінде жазылғандарын мүмкіндігінше,мағанасын бұзбай сұрақты сөйлемге өңдеп отырамын.
+2 дауыс
Шәйнекпін:) Қалай плюстаймын?? (blush)
Сайтта жылдан астам уақыт журсем мен де плюсталамаятрм, мен улкеееен шайнекпін
0 дауыс
Ренжімеңдерші оқуда жүрмін. сайтқа кіруге уақытым болмай жүр.

Сабақ 9-40 тан басталып кешкі 6 дейін болады күнде.

Сағат 13-00 14-00 де Обед,сол уақытты пайдаланып үйге келіп тамақ ішіп аласың соссын Қайттан сабақ.
...