+1 дауыс
387 көрілді
Мирда шығадығо вазможно  вы занакомы деп? Сода шығып тұрған адамдарға  менде солай шығып тұрамба?Қалай оғанда өзімді  вазможно  вы занакомы деп жібере алам әлгі адамға?

3 жауап

0 дауыс
Ол автоматический сен шыгып турасын
0 дауыс
Саған мен қарапайым тілмен түсіндіріп көрейін.
Ол жерде қарапайым алгоритммен жұмыс істейді. Яғни сенің және ол адамның ортақ көп достары болса шығады мүмкін сіздің мысалы 5 таныс досыңыздың досы екен. Мүмкін сіз бұл адамды танитын шығарсыз дегендей. Мынадай теория бар: Алты қол теориясы. Яғни біз бүкіл әлемде адамдар алты адам арқылы бір бірімізді танимыз деген. Сол қағида секілді сенің 2 досың үшінші бір адам да сенің санысын секілді дегендей.
СОңғы нақты жауап оған сен енбейсің. Сайт автоматты түрде ортақ достарың бар адам болса сол адамға ға сенің мынадай танысың бар ма еді деп автоматты түрде шығарады.
<br><br>
Алты қол алысу теориясы! Бұл теорияға сүйенетін болсақ мен әлемдегі барлық адамдармен 5 адам арқылы 6-шы адамды танимын деген сөз, яғни мен Қайрат деген жолдас баламды танимын, ол Бейбіт Қорғанды, Бейбіт Қорған Джонотанды, ал Джонотан Леди Гаганы дегендей мен 5 адам арқылы тікелей Леди Гаганы танимын деген сөз.

Бұл теорияны алғаш 1969 жылы Американдық психологтар Стэнли Милгрэм мен Джеффри Трэверс ұсынған. Олардың теңдеуі бойынша бүкіл әлемдегі барлық адамдар 6 адамнан тұратын бір-біріне ортақ таныстары бойынша барлығы бірін-бірі таниды деген тұжырымға келген.
Милгрэм өзінің тәжірибесінде американың екі қаласын алып өзінің тәжрибесін жүргізген. Ол былай істеген: Бір қаланың тұрғындарына 300 дана хат салатын конверт таратып беріп, белгіл бір адам арқылы екінші қаладағы адамға хатты беру керек болған. Басты шарттардың бірі тек конвертті бергенде тек таныстары немесе туысқандары арқылы беруі керек болған. Тәжірибе кезінде келесі қалаға 60 конверт келген. Милгрэм есептей келе әр конверт бес адам арқылы келгенін анықтаған. Соның нәтижесінде дүниеге «алты адам байланысы» дүниеге келген. Ал ойлай беріңіз бұл 1969 жылы шыққан теория, ал қазіргі таңдағы ақпараттық технологияның заманындағы техникалар бұл теорияның шындыққа жанасатынын дәлелдеп отыр.
Ірі өте мәліметтер қоры көп Microsoft та, әлемдегі ең көп қолданушы тіркелген Facebook әлеуметтік желісінде жүргізілген есептеулер де осы теорияның нақты болмаса да, сол есептеуге жақын келетіндігін дәлелдеп берді. Microsoft-тың қызметін пайдаланушы 240 миллион қолданушысы 6,6 адам арқылы байланыса алатындығын көрсеткен болатын.

p.s. Ал Обама менің саған таныс, туыстар арқылы салып жіберген апамның құртын алдың ба? Дәмді ма екен? :)
0 дауыс
Өтінем, қатесіз жазыңдаршы. Орфографияны сіздерге үйреткен шығар енді.|(
Оқып отырған кезде көңіліңді бөледі де, тіпті не сұрап отырғаныңызды түсінбей қаламын.
...