0 дауыс
46.2k көрілді
Мағжан Жұмабаевтын Қойлыбайдын кобызы поэмасы керек еди, тез арада.. комектесе аласыздарма ?АЛЛА разы болсын )

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ҚОБЫЗЫ (поэмасы)

Ертеде елбар екен қалың Найман,
Қытайға қалың Найман қанат жайған.
Қалың Найман ішінде Бағаналы,
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан.
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген,
Алдында жорғалаған шаштышайтан.
Қойлыбай қобыз алса-ақ қалбалаңдап,
Қақаман жетіп келед əлдеқайдан.
Қақаман жалғыз көзді жынның ері,
Ерегіссе тау-тасқа салған ойран.
Дарқанның Нəдір пері – аға жыны,
Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған.
Қойлекеңнің үшінші жанжолдасы –
Шайтанның шуасауы батыр Шайлан.
Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан,
Жын менен жолдас болған бала жастан.
Азырақ əңгіме үшін сөз қозғайын,
Қалың Найман жиылғанбір зор астан.
Бір асқа жиылыпты Найман тамам,
Бай, биі, батырлары балпаң басқан.
Ішінде сол жиынның Барақта бар,
Аузынан арыстандай жалын шашқан.
Бəйгеге екі жүздейат жіберіп,
Күрессап жиылған жұрт ұрандасқан.
Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар:
"Бəйгеге қобызың қос” деп сұрасқан.
Қалқасы қалың Найман қалаған соң,
Қойлыбайың бəйгеге қобыз қосқан.
Найманның ұлыдүбір сол асында,
Əлеумет алқа-қотандөң басында.
Айнала ығай-сығай, жақсы жайсаң,
Қойлыбай қобызымен ортасында.
Бас болып батыр Барақ қалаған соң,
Бəйгеге бақсы қобыз қоспасынба?
Қойлыбай сонда айтады шақырып ап,
Ыңғайлы бір бозбаланы өзқасына:
"Ат шабатын жерде бірсексеуіл бар
Жарып өткен жапанның жартасына.
Қобызды сексеуілге байлаптаста,
Мен сенем жын Қақаман жолдасыма”.
Қалың Найман бəйгеге қобыз қосып,
Шуласып отырысты дөң басында.
Бір кезде аткелетін мезгіл жетті,
Бозбала аталдынан шауып кетті.
Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды
Аруақ қалшылдатып, дірілдетті.
Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқетіп,
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті.
Көздері қып-қызыл бопқанға толып,
Сарыны сардаланы күңірентті.
Бірмезгіл екпіндетіп, долдандырып,
Бір мезгілжыны буып күбірлетті.
Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып,
Қызыл жел құйындатып дүрілдетті.
Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап,
Шапқылап жын-перілер дүбірлетті.
Осылай ойнап, сарнап бақсы жатты,
Қалжырады, қап-қара терге батты.
Сол кезде ат келетін құба жонды,
Түтіндей будақ-будақ бір шаңжапты.
Сол шаңның ортасында бір сексеуіл
Ербеңдеп ойнақ салып келе жатты.
Екі басы жерді ұрып кезек-кезек,
Сабалап қырды жолғып жаралапты.
Байланған сексеуілге қобыз берік,
Көз ашқанша жиынға келіпқапты.
Сексеуілді қопарып алыпкеліп,
Қақаман жұбатады ерке қартты.
Қобыз келді, Қойлыбай көзін ашты,
Қалың ел тамашадан тас боп қатты...

НАУРЫЗ (мақаласы)
Əр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Қай уақытта, қай халықта болса да жаңа жыл сол халықтың, сол уақыттың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Европа жұрттарының бір жерінде жаңа жыл – 1 январь, бір жерінде – 1 сентябрь, тағы осындайлар. Азияда жаңа жыл – жазғытұрым, қазақ елінде – марттың 22-сі.
Қай елдің жаңа жылын алсақ та, негізінде шаруашылық жағдай болады. Дін əсері жаңа жылдарда аз, жоқтың қасы болса, қу молдалардың мал табу үшін жалған қондырмасы.
Қазақ жаңа жылы дін əсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін əдеттері жасалмайды. Бар болғаны – ел бірбірімен көрісіп: "Жасың құтты болсын!” – дейді.
Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма депболжау жасайды.
Жаңа жыл күні қазақ əдетінше əр үйде қазан-қазан көже пісіріледі. Көженің ішіне қысқы соғымның тек басы салынады. Көжеге көп сүт құйылады. Басты, шекені қарттар мүжіп, құлақты балаларға кесіп беріп, басқа жұрттар көжені талап ішеді. "Ауыз ақтан айрылмасын, қызылды уақытымен (қыс) көрсетсін, жас құтты болсын” деп бата жасаптарқасады.
Бұл көже ішу (сүт құйған) – келе жатқан жазбен ұшырасып, қарсы алып, ас ішу ретінен аққа (сүтке) көшу. Көжеге тек бас салып асып жеу – қарлы қыспен, қыс тамағы (қызыл) қоштасу.
Міне, қазақтың жаңа жылының барлық маңызы – шаруашылық маңыз.
Қазақ жаңа жылы – жазғытұры күн мен түннің теңелген күні (22 март) болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ жаңа жылы ғылым қойнына да барып кіріпқалады.
Қазақ жаңа жылын "Наурыз” дейді. "Наурыз” əулиенің, əмбиенің аты болмаса керек. "Наурыз” күні райын, шаруа ыңғайын дұрыстап зерттеген бір шоңғал, "оқымаған агроном” атыболуға керек.
Сондықтан қазақтың наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы. Бұл мейрамды дұрыстап өткізу керек. Бұл мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып, қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл адамдарын тап-жігімен ұйымдастыратын мейрам ету керек. Мектеп оқушылары наурызды оқыту программасына айырым комплекс жасап ендіруі керек. Жастар ұйымдары, партия ұялары наурызды басқа ел тонайтын молдалар, елді адастыратын дін мейрамдарына қарсы қойып, халықтың басын, денесін дін дуасынан құтқаратын, сақтайтын үгітнасихат жүргізуі керек.
Наурыз тарихын сарқа жазуды білімділерден күтіп, біз осы қысқа əңгімемен тоқтаймыз. Ауылдың көзі, құлағы – мұғалімдерді, жас буын оқушыларды, ауыл кедейлерін жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылында жаңа жұртшылығының өркендеуін, жаңа-жаңа, татымды жемістер беруін, шаруашылығының жаңа жолымен, социалшылық жолымен ілгерілеуін тілейміз.
+1 дауыс

Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.

Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.

Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды. 

Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. 

Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді. 

Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді: 

Азамат! Анау қазақ ханым десең, 
Жұмақтың суын апар, жаным десең. 
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар, 
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең 
Екінің бірі, басқа жол жоқ! 

Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар. 

Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды. 

Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі. 
Мағжан Жұмабаев 

СОРЛЫ ҚАЗАҚ 

Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып, 
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, 
Алға баспай, барлық ісі кер кетіп, 
Нəр тата алмай, күшсіз, əлсіз бүгіліп, 
Оқу - білім жақындатпай, жолатпай, 
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай, 
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай, 
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр, 
Қанды жаспен екі көзін шылатпай. 
Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді, 
Қылыш алып "надандық” саған кезенді. 
Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу 
Ертелі-кеш басыңа мініп езгенді! 
Кітап əпер, оқысын, балаң қолына, 
Малды аяма оқу – білім жолына. 
Өнер алып басқалармен қатар бол, 
Қосыл бірдей адамзаттың тобына! 
Байғұс қазақ бас көтеріп тұрар ма? 
Көңілі түсіп, білімге мойын бұрар ма? 
Күні туып, оңынан – Күн, солдан – Ай, 
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма? 

ТӨГІЛГЕН ШАШЫ 

Төгілген шашы, Кез келсең мұндайға. 
Қиылған қасы, Жалындап күйіп, 
Керілген маңдай да. Бір ғана сүйіп, 
Тістері меруерт, Өлсең де болмай ма? 
Бейне қар – мамық ет, 

ТУҒАН ЖЕРІМ – САСЫҚКӨЛ 

Алыстан мұнарланып шалқыған көл, 
Бетінде күннің нұры балқыған көл. 
Жарысып саф күмістей ақ көбігің, 
Мап-майда мөлдіріңде қалқыған көл. 
Жаныңда жас балалар ойнаған көл, 
Жан-жануар суыңды ішіп, тоймаған көл. 
Көз салып жалтырыңа, мұңға батып, 
Ғашықтар жарын іздеп, ойлаған көл. 
Шешініп қыз-келіншек су алған көл, 
Əр жанды мөлдіріңнен суарған көл. 
Масайрап, суға тойып төрт түлік мал 
Дөңіңе ойнақ салып, қуанған көл. 
Сыртыңда ақ боз үйлер жарасқан көл, 
Байларың кедейлерге қарасқан көл. 
Ағайын тату-тəтті – қоныс бірге, 
Саулықты сағат сайын сұрасқан көл. 
Түрлі құс əуез қосып, шулаған көл, 
Шуақта балықтарың тулаған көл. 
Сапырып сары қымыз ертеңді – кеш, 
Басыңда кеңес құрып, дулаған көл. 
Сасық деп еркелетіп, ат қойған көл, 
От – суға иең түгіл, жат тойған көл. 
Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп, 
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл. 
Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл, 
Құрбымен ойнап – күліп, кел дескен көл. 
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап, 
Күресіп күн батқанда белдескен көл. 
Айдын көл, ата қоныс, құт болған көл, 
Сусын боп сұрағанға, от болған көл. 
Кеше бірлік, ынтымақ түгел шақта 
Бейне бір сенің басың сүт болған көл. 
Білмеймін не боларың, қайран көлім, 
Жарайды тең болмаса күн мен түнің, 
Итиіп қарашекпен келіп қонса, 
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің. 

СҮЙ, ЖАН СƏУЛЕМ 

Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да! 
Жылы, тəтті у тарады қаныма. 
Бұл лəззаттың бір минутын бермеймін 
Патша тағы, бүкіл дүние малына. 
Құшақтатып нəзік талдай беліңнен, 
Сүйгіз, сəулем, тəтті балдай тіліңнен. 
Бой шымырлап, талықсиды жүрегім, 
Балқып денем, барам еріп деміңнен. 
Кір қойныма, қыпша белің бұралып, 
Тарқат шашың, жатсын жібек оралып. 
Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс, 
Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып. 
Шашың – қара, денең – ақ бұлт, жүзің – Ай, 
Тісің – меруерт, көзің, сəулем құралай. 
Лəззат, рақат, бақыт – бəрі қойныңда, 
Сұрамаймын енді ұжмақ – жақсы жай! 
Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да! 
Жылы, тəтті у тарады қаныма. 
Жасағаннан бір-ақ нəрсе тілеймін: 
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да! 

САҒЫНДЫМ 

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. 
"Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым. 
Жатқан үйім – қабырғасы қара тас, 
Жарық сəуле, жылы күнге жаны қас. 
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке, 
Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас. 
Тапал, салқын, тым қараңғы үңгір тар, 
Есігімде мықты қара құлып бар. 
Кіп-кішкене терезелер темірлі, 
Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! 
Алтын күнді, қара жерді сағындым, 
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. 
Асау тайдай еркелетіп өсірген, 
Ағайынды туған елді сағындым. 
Əлдеқайда күн шығады, батады, 
Сорлы тұтқын күңіреніп жатады. 
Қарар болсаң терезеден темірлі, 
Көздеп тұрған күзетшілер атады. 
Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? 
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. 
Қоңырау қағып оятады ақырып, 
Тым болмаса сібірлеп те атпай таң. 
Бостандықта өткен күнді сағындым, 
Желдей зулап кеткен күнді сағындым. 
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті, 
Ойдағыны еткен күнді сағындым. 
Абақтының айға баға күні ұзақ, 
Жанды жейтін жылға баға түні ұзақ. 
Ескі мола дəн дыбыс жоқ, тым-тырыс, 
Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ. 
Қара жылан – қалың ойлар қаптады, 
Шыбын жаным барар жерді таппады. 
Ойлар жейді жас жүректі жегідей, 
Тəңірі ием, таңың-дағы атпады! 
Ойыны бір құрдастарды сағындым, 
Тілегі бір жолдастарды сағындым. 
Келешекке бірге жоспар құрысқан, 
Сырласатын жан достарды сағындым. 
Уға толды жас жүрегім, жабықтым, 
Таныс дауыс ести алмай зарықтым. 
Не дегенін, не істегенін біле алмай, 
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың! 
Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан, 
Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан. 
Жалындаған жас жүрекке не пайда, 
Дене күйіп, бір жатып, бір тұрудан? 
Жүрегіме жақын жанды сағындым, 
Жібек мінез, ақақ жарды сағындым. 
Айрыларда күншығыстан ағарып, 
Ақ жібектей шапақ таңды сағындым. 
Не көрсем де алаш үшін көргенім, 
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім. 
Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер, 
Істей берсін қолдарынан келгенін! 
Қара елім, қалың қара ағашым, 
Қайраты мол айбынды ер, алашым! 
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, 
Ақымақтар байқамаған шамасын. 
Қазағымды, қалың елді сағындым, 
Сарыарқамды – сайран жерді сағындым. 
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті, 
Арқадағы айдын көлді сағындым. 
Қуанышта:”Əй сені ме!” – дегендер, 
Күйініште мен үшін уайым жегендер. 
Құтылу қиын, басқан адым аңдулы, 
Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер. 
Тəңірі ие, өзің алшы панаңа, 
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма? 
Баласынан тұтқын болып сарғайған, 
Кім жеткізер сəлемімді анама? 
Абақтыда айды, күнді жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым. 
"Қарашығым, құлыным!” – деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым! 

ӨНЕР – БІЛІМ ҚАЙТСЕ ТАБЫЛАР 

Ер жігіт өнер табар ерте қуса, 
Ерініп, шаршамаса, белін буса. 
Ыртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей, 
Періште боп анадан қайта туса! 
"Жақын туған бауыр!” – деп, айналмаса, 
Қатын-сатын дегенге байланбаса, 
Тынықпай, дамыл алмай, ертелі – кеш 
Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса. 
Дүниенің қайғысына зарланбаса, 
Көз қысып, күлгеніне алданбаса, 
Қақ жарар қара қылды тура бөліп, 
Айтылған сөз жайынан жалғанбаса. 
Өсектен ат-тонымен алыс қашса, 
Естісе, ұялғаннан бетін басса, 
Жамандық – аты өшкірге жақын жүрмей, 
Аяғын күндік жерден байқап басса. 
Өзінен басқа жанды кем көрмесе, 
Құтыртып, шағыстырып жел бермесе, 
Табылмас аузына су тамызушы, 
Өзінің тар етігін кең көрмесе! 
Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе, 
Олардың əрбір сөзін үлгі көрсе, 
Естіген сөз, көргенді бос тастамай, 
Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе. 
Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе, 
Мылқау, меңіреу адамды қас деп білсе, 
Бейнеттің мұнарланған шөл даласын 
Жұмақта хорлар тіккен қос деп білсе. 
Наданды қатқан жансыз тас деп білсе, 
"Өнер-білім – қарны ашқа ас!” – деп білсе, 
"Дүниенің теңізінде адасқанға 
Тура жол көрсетейін, бас!” – деп білсе, 
Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса, 
Басқаға мойын бұрып көз салмаса! 
Өнер-білім жер астында болсадағы, 
Іздесе оны талпынып, бос қалмаса! 

ТОЛҒАУ 

Тек ел деген сөзі үшін, 
Ергенде ердім ұранға. 
Болмаса аян досыма, 
Досым түгіл қасыма: 
Аты бар деп атшы боп, 
Қошемет қып қосшы боп, 
Ел бастаған ағаға, 
Адьюдант болып ермедім. 
Адьюдант болып адамға, 
Ермеуіме көп белгі. 
Көп белгіден бір белгі: 
Ағаның азы қасарып, 
Аузына ауыр тас алып, 
Тұншығып оймен жатқанда, 
Талай аға тез жүдеп, 
Жөңкіле жүкті тартқанда. 
Жем мен жүрер жабыдай, 
Құрбының көбі тез түлеп, 
Топырлап топқа шапқанда, 
Жапанда жалғыз күңіреніп, 
Мен ойыма ергемін. 
Еділ кездім, шөл кездім, 
Кезгенімде не көрдім: 
Қайда барсам көр көрдім. 
Айдарлысы құл болып, 
Тұлымдысы тұл болып, 
Еңіреген ел көрдім. 
Қаралы көптің ішінде, 
Қара салып басыма, 
Елмен бірге еңіредім. 
Бұл айып деуші дей жатар, 
Мен мұны айып білмедім. 
Мен еліме басшы емен, 
Мен еліме қосшымын. 
Күлкісін гүлге бөлейтін, 
Жыласа бірге жылайтын, 
Жаны бір жолдас жыраумын. 
Жылағанда жалпы жұрт, 
"Жылама, күл!” – дегенде, 
Көне алмадым көнбедім. 
А дегеннен асылды, 
Тебіренген толқын бетінде, 
Көремін деп асықтым. 
Асыққаннан не пайда, 
Толғақсыз туар бала жоқ. 
Ту баста толқын бетінде, 
Асығып күткен асылды, 
Көре алмадым, көрмедім. 
Бұлқынған толқын бетінде, 
Қалқыған қу тезектей, 
Бір күн бура болғышыл, 
Бұзықтар болды көргенім. 
Көргенім анық алайда, 
Тезекке бола толқыннан, 
Ат-тонымды ап безбедім. 
Бұл безуден саулығым: 
Жүзден тоқсан толқында ед. 
Анда-санда ес кіріп, 
Сұрадым тоқсан саулығын. 
Ақталмаймын, қалайда, 
Толқынға жоқты жаулығым. 
"Жау” деген – жаудың жаласы, 
Əділ болсаң өмірімді, 
Ақтарып əділ қарашы. 
Отыз жыл өмір бойында, 
Жазғанымды жайып сап, 
Екі жар ғып санашы. 
Тексеруді отызды, 
Ауырсынсаң қояйын. 
Бір сөзімді есіңе ал: 
Мен толқынға жай болсам, 
Жеті жыл бұрын осыдан, 
Төңкерістің таңында 
Алты алашқа əйгілеп: 
Не бостандық, не құлдық, 
Не езілу, не теңдік, 
Не патшалық, не Кеңес – 
"Екіден бір” – дер ме едім. 

ҚАЗАҒЫМ 

Қазағым, таянды ғой қылта мойын, 
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. 
Қарашы өзіңе-өзің көз жүгіртіп, 
Жараспас бұдан былай күлкі-ойын. 
Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер, 
Ойламау келешекті түпке жетер. 
Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан, 
Жан қорқып, дене тітіреп есің кетер. 
Тасталық болыстыққа таласуды, 
Таласып жаман көзбен қарасуды. 
Мың-мыңның төгілуі жетер енді, 
Ізделік аққан бұлақ – қара суды. 
Бар жерді күннен – күнге алып жатыр, 
Біреулер алып қала салып жатыр, 
Қырылысып өзді-өзімен қазақ сорлы, 
Жерінен аузын ашып қалып жатыр. 
Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, 
Отырайық жиылып, оңдалайық. 
Мың жылғы өткен қумай ата-заңды, 
Өнерден кеш калмайық, ойланайық. 
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ, 
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ, 
"Ауыл болсаң – қоғам бол” – деген сөзбен, 
Бұлтармай ертеңді-кеш жүріп барсақ, 
Сол шақта көп түкіріп көл де болар, 
Көлде толқын айдаушы жел де болар. 
Мектеп пен медреселер көп салынып, 
Ағайын тату – тəтті ел де болар. 
Жиылмай өнерге аяқ баса алмаспыз, 
Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз. 
"Заман түлкі болғанда, тазы болмай” 
Биік қырдан алдағы аса алмаспыз! 

БҮГІНГІ КҮН ӨМІР, ӨЛІМ – МЕНІКІ 

Басы – сайран, сұм жалғанның соңы ойран, 
Адам өмірі – тағдыр ойыны. Біл де ойлан! 
Есіл жастық ескен желдей гуілдеп, 
Əлі-ақ кетер жүректен – от, күш – бойдан. 
Көздің нұры кеміп, жақтар суалар, 
Сүмбіл қара шаш селдіреп қуарар. 
Ет тарылып, сүйек қалып саудырап, 
Тамырларда сасық сары су ағар. 
Сұм тағдырдың емес пе бұл мазағы, 
Аз өмірде естен кетпес азабы. 
Жаты түгіл, жақыныңа жексұрын 
Болып, өзі тілесін деп қазаны! 
Қылсын мазақ, мейлі тағдыр ойнасын, 
Жалмауыз жер мейлі жұтсын, тоймасын. 
Жансыз суық көзін қадап қу өлім, 
"Тез” деп күтіп, тісін шықыр қайрасын. 
Не қылса да, ол өлімнің өз еркі, 
Жындандырад мені сұлу нұр көркі. 
Құшам, ішем, жынданамын, жылаймын, 
Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі! 

АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА 

Алыста ауыр азап шеккен бауырым, 
Қуарған бəйшешектей кепкен бауырым. 
Қамаған қалың жаудың ортасында, 
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым. 
Алдыңды ауыр қайғы жапқан бауырым, 
Өміріңше жапа шеккен жаттан бауырым. 
Түксиген, жүрегі тас жауыз жандар 
Тірідей терің тонап жатқан бауырым. 
Япырм-ай, емес пе еді алтын Алтай 
Анамыз бізді тапқан, асау тайдай? 
Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ, 
Жүзіміз емес пе еді жарқын Айдай?! 
Алалы алтын сақа атыспап па ек, 
Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек? 
Алтайдай анамыздың ақ сүтінен 
Бірге еміп, бірге дəмін татыспап па ек? 
Тұрмап па ед біздің үшін мөлдір бұлақ, 
Сылдырап, сылқ-сылқ күліп, таудан құлап? 
Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын, 
Тілесек бір-бір тұлпар бейне пырақ! 
Алтайдың алтын күні еркелетіп, 
Келгенде жолбарыс боп, жаңа ер жетіп. 
Ақ теңіз, Қара теңіз ар жағына, 
Бауырым, мені тастап, қалдың кетіп! 
Мен қалдым – жас балапан қанат қақпай, 
Ұшам деп ұмтылсам да дамыл таппай. 
Жөн сілтер, жол көрсетер жан болмады, 
Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай?! 
Қорғасын жас жүрекке оғы батты, 
Күнəсіз таза қаным судай ақты. 
Қансырап, əлім құрып, естен тандым, 
Қараңғы абақтыға берік жапты... 
Көрмеймін кеше жүрген қыр-сайды да, 
Күндіз – Күн, түнде – күміс нұрлы Айды да! 
Ардақтап, шын жібектей арайға орап, 
Өсірген алтын анам Алтайды да. 
Япырм-ай, айрылдық па қалың топтан, 
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан? 
Түріктің жолбарыстай жүрегінен, 
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?! 
Шарқұрып ерікке ұмтылған түрік жаны 
Шынымен, ауырды ма, бітіп халы?! 
От сөніп жүректегі, құрыды ма 
Қайнаған тамырдағы ата қаны?! 
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта, 
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа 
Лайық па құл боп тұру? Жүр кетелік 
Алтайға, ата мирас алтын таққа. 

ОРАЛ ТАУЫ 

Таласқан аспанменен көкпеңбек тас, 
Қарасаң төбесіне айналар бас. 
Жасаған мейірімі кең қадір тəңірі, 
Шығарған сол тауынан алтын, алмас. 
Жіп-жиі, шытырманды түрлі ағаш, 
Тұрғаны мұнарланып өсіп жалғас, 
Қарағай, шырша-батыр бір қалыпта: 
Шілде, жаз, қысын, күзін есіне алмас! 
Ішінде аю, қасқыр, түрлі аң толған, 
Адамзат батып жалғыз аяқ салмас. 
Бір күнде сенің иең түрік еді, 
Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді. 
Қорықпайтын таудан, тастан батыр түрік 
Қойныңа жайыменен кіріп еді... 
Ер түрік ең далаңа көрік еді, 
Отырса, көшсе, қонса – ерік еді, 
Тұрғанда бақыт құсы бақтарында, 
Іргесі жел-күн тимей берік еді. 
Тұрақсыз бұл жалғанда опа бар ма? 
Сақтан, алдар, бой салып жақын бар ма! 
Бүгінгі күн жан досың болып жүріп, 
Құлатып кетер ертең сені жарға. 
Қарашы төңірекке мойның бұрып, 
Алтай, Орал бойында тұрған түрік 
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ, 
Жоғалған əлдеқайда іріп-шіріп... 
Анамыз бізді өсірген, қайран Орал, 
Мойның бұр тұңғышыңа, бермен орал! 
Қосылып батыр түрік балалары, 
Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал. 

АЛТЫН ХАКІМ АБАЙҒА 

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, 
Бір сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес. 
Қарадан хакім болған сендей жанның 
Əлемнің құлағынан əні кетпес! 
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей, 
Қисайып қыңырайды жұртың ниеттес! 
Бұртиып, теріс қарап: "Аулақ жүр!” – деп, 
Болды ғой жақын туған бəрі кектес. 
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме: 
"Қор болды қайран сөзім босқа!” деме. 
Артында қазақтың жас баллары мен 
Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге! 
Ай жыл өтер, дүние көшін тартар, 
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар. 
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын 
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар. 
Жүрген жанның артында ізі қалар, 
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар. 
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар, 
Шешен өлсе, артында сөзі қалар! 
Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, 
Сау қалғанның көбісі ертең бітер. 
Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, 
Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер. 

АЙДА АТЫҢДЫ, СƏРСЕМБАЙ 

Айда атыңды, Сəрсембай, 
Ағарып алтын таң атпай 
Шығайық қырға, далаға. 
Шу-шу-шу... 
Əттең ғана бұл оқу! 
Келмес едім қалаға. 
Қарашы кейін бұрылып: 
Таудай болып созылып 
Қала – бір жатқан дəу пері. 
Айналасы – тұман, түн. 
Дем алысы – от, түтін. 
Жарқ-жұрқ етер көздері. 
Сөзі у-шу, ың да-жың, 
Сасық иіс ауыр тым. 
Тұншықтым ғой, құдай-ай! 
Кейін қарап нетеміз? 
Ауылға қашан жетеміз? 
Айдашы атты, Сəрсембай. 
Əйелдері ұятсыз, 
Күнде сүйгіш, тұрақсыз. 
Қылмыңдасар, керілер. 
Жүздерінің қаны жоқ, 
Көздерінің жаны жоқ, 
Еркектері – "перілер”. 
Оларда отты жүрек жоқ, 
Тамақтан басқа тілек жоқ. 
Қорсылдаған "доңыздар”. 
Түн баласы перілер, 
Жұмақтан артық көрінер – 
Оларға сасық үңгір тар. 
Көкті көрмес көр олар, 
Қарашы, келіп қаңғырдым, 
Сар даламды сағындым, 
Айда атыңды, Сəрсембай! 
Əлде ұйқың келе ме? 
Сəрсембай-ау, сен неге 
Шырқап бір əн салмайсың? 
Жетесің туған жеріңе, 
Еркелеткен еліңе, 
Жүрегім неге жанбайсың?! 
Сарыарқамның топырағы – 
Менің жаным шырағы, 
Кеудемде төсеп жатамын. 
Оның жібек желінің, 
Тəтті, кəусар көлінің 
Қазір дəмін татамын. 
Қайрылып кейін қараман, 
Шықтық па ұзап қаладан, 
Айтшы жаным ағатай? 
Кейін қарап нетеміз? 
Ауылға қашан жетеміз? 
Айдашы атты, Сəрсембай! 

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАГЕРЛІГІ ТУРАЛЫ ШОЛУ 

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы қазіргі Мағжан Жұмабаев атындағы мекенде дүниеге келген. Орташа ауқатты отбасынан шыққан. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады. 
1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медресеге оқуға түседі. Бұл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дəріс алған, жергілікті зиялы жан Мұхамеджан Бегишев ашқан екен. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. 
Мағжан осы кезден бастап - ақ əдебиетпен қатты шұғылданған. Тіпті қазақ, татар əдебиетін былай қойғанда, ол араб-парсы ақындарының, атап айтқанда, Фирдоуси, Сағади, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи сияқты даналардың дастандарын түп нұсқадан оқып үйренуді өзінің машығына айналдырған. Ал ұлы Абай мен жергілікті ақын Дəрдман өлеңдерімен табысу кішкентай Мағжанның жан- жүрегіне ауызбен айтып жеткізе алмайтын телегей-теңіз əсер əкеледі. Əрбір сауық кештерінде, шілдеханаларда қыз бен жігіттер ең алдымен Абай мен Дəрдман өлеңдерін əсем əнімен шырқайтын болған. 
Мағжан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазады. Абайға деген махаббатының нəзік қылын шертеді. 
Шәкірт ақын болуды арман етеді. Жас жігіттің өлең жазып жүрген талабы "Қаным - башқұрт, тəнім - татар, жаным - қазақ” дейтін белгілі ағартушы-жазушы Ғалымжан Ибрагимовты қатты толғантады. Сондықтан да Ғалымжан 1910 жылдың күзінде Мағжан өлеңдерінің қолжазбаларын Қазандағы Кəрімовтардың баспасына табыс етеді. 1912 жылы Мағжанның "Шолпан” атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Жас ақынның өлеңдер жинағы өзінің жылы сезім, жанды лирикалығымен көзге түседі. 
Елдегі оқумен қанағаттанбаған болашақ ақын 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге Медресе-Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дəрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар еді. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, жоғарыда айтылған белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі Сəлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен, ақын Сəкен Сейфуллинмен танысады. 
1912 - 1915 жылдары Мағжан Жұмабаев "Қазақ” газетінің редакторы, түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан жəне Шығыс мəдениетімен де, Батыс мəдениетімен де жан-жақты, терең сусындаған асқан дарын иесі Міржақып (Мир-Якуб) Дулатовтан дəріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға европалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мəдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген. 
Мағжан көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді 
1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында "Алаш” партиясын құруға қатысып, кейін Ақмола губерниялық "Бостандық туы” газетінде істейді. Мағжан өмірінің бұл тұсы драмалық жайларды бастан кешірген кез еді. Уақытша үкімет кезінде жəне онан соң біресе Колчак əскері, біресе Совдеп билік құрып тұрған кезде, "Алашорда”, "Үшжүз” партияларының айтысы кезінде М.Жұмабаев "Алаш” партиясының мүшесі ретінде біраз уақыт түрмеге жабылады. 1919 жылы жары Зейнеп баладан қайтыс болады, аздан соң ұлы да шетінейді. "Баланың қабір тасына ” деген өлең жазады. "Өлгені емес жерді тастап кеткені, ізгі оймен жайлы жаннат төрінен орын алып, ата-анасын күткелі” дейді ақын. Бұл тұстағы белгілі, əрі əйгілі өлеңі –"Мені де өлім, əлдиле”. Əлеуметтік жолайырық кезінде шартарап ой құшағындағы қамығулы ақынның ең жақындарынан айырылу қайғысы қатты күйзелтеді. 
Бірінен соң бірі келген қаза оған тағдырдың сайқымазағындай көрініп, ақынға ашынған көңілден "Өлім күйі тəтті күй. Балқиды жаным бұл күйге, Мені де, өлім, əлдиле” дегізеді. 
Жастайынан сүйіп қосылған жары Зейнепке арнаған "З-ға” деген өлеңінде: "Қосылған жас күнімнен жарым едің, сүйікті анық досым, жаным едің, алысқа ұзап жолға шыққанымда, сарғайып мені күтіп қалып едің” деген ақынның өкініш, қиналыс, жан толқуын аңғаруға болады. Екінші əйелі Зылихаға Мағжан 1921 жылы үйленеді. Ол кісі 96 жасқа келіп, 1989 жылы дүние салады. 
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында М.Жұмабаев Ташкентте өнімді еңбек етті. Сонда шығатын "Шолпан”, "Сана” журналдарында, "Ақ жол” газетінде қызмет атқарып, біраз дүниелерін бастырады. Дəл осы кезде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады. 
1923-1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мəскеуде Жоғары əдебиет-көркемөнер институтында оқиды, ол кезде институтты В.Брюсов басқаратын еді. Бұл жылдары ол орыс əдебиетін, Батыс Европа əдебиетін терең зерттеп, оқиды. Орыс мəдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. 
Бұл кезеңде де ақын жаны жай таппайды: ылғи сын, қаңқу, шаншу сөздерден көзі ашылмайды. Ескішіл, байшыл, ақын атанады. Оқушы қауымға Мағжан өлеңдерін жат өлең ретінде, өткенді көксейтін, жаңа өмірге ілестірмейтін, кертартпа, уайымшыл шығармалар деп уағыздайтын мақала, сөздер баспа бетінде көбейе бастайды. Əсіресе, өзі Мəскеуде оқуда жүргенде, мұндай материалдар қаптап кетеді. 1923 жылы Ташкент жұртшылығы алдында Ж.Аймауытов Мағжан ақындығын талдап, терең түсіндіретін баяндама жасап, оны "Лениншіл жас” журналына бастырып шығарса да, сыңаржақ сыншылар тобы ақынның соңынан қалмайды. Қайта Ж.Аймауытовтың өзін қоса сынайды. М.Жұмабаевтың ескішіл, жат өлеңдері орынсыз мақталды деп, оған кінə қояды. Ойламаған жерден болған төтенше оқиға Мəскеуде оқитын қазақ жастарының Мағжанға қарсы жиналысы еді. 1924 жылдың аяғына таман өткен бұл жиында Мағжан өлеңдері талқыланып, оның ақын шығармаларын теріске шығарған қаулысы елге, Қазақстанға жіберіледі. Мұндағы газеттер ол жиынның ұйғарымдарын басып шығарады. Мəселен, ”Еңбекші қазақ” газеті оны 1925 жылы 14 қаңтарда жариялаған. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сəлем хат” деген өлең жазады. Ол "Тілші” газетінде жарияланады. Өлеңде мынадай жолдар бар: 
Қайтуым хақ, белді буып тас қылып, 
Кет деме, елім , енді мені басқа ұрып. 
Дейтін болсаң: қой жырыңды, жырауым, 
Қобызымды қиратармын тасқа ұрып. 
"Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылғы 19 желтоқсанындағы санында "Сəлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен "Сəлемге сəлем” деген жауап өлең басылады. 
1912-1923 жылдары шыққан Мағжан жинақтарын қарап отырсақ, ылғи ғана қазақтың сор, бейшара халі, ғылым-білім, теңдік жоқтығы жырланады. Сонда Мағжанның ғажайып ақындық талантына бақталастықпен, бақастықпен қарсы шықпаса, неге осыншама шүйліккен деген ой туады. Бұл жорамалды кейінгі 60 жылдар жайы да дəлелдей түседі: ақталған ақынға жол бермей, атын мүлде өшіріп тастауға әрекеттенушілік, 1960 жылы "Өмір жəне поэзия” деген кітабында Ə.Тəжібаевтың Мағжан Жұмабаев творчествосын жоққа шығаруы, 1968 жылы "Простор” журналының ақын жайында ақтау мақалалар басылған нөмірінің солайымен жойылып кетуі, айналып келгенде, осының бəрі ілгері дəуірдегі дəлелсіз қудалау қылықтарының əшкере болуынан сескеніп, қорқу салдарынан емес пе екен деп ойлайсың. Əйтпесе, Мағжан ақындығына осындай адамдар шүбə келтіреді деу қиын. 
Мəселен, 1927 жылдың өзінде Ə.Тəжібаев: 
Мағжандай іздемеймін Қорқыт көрін, 
Қобызбен сарнамаймын сұрап өлім. 
Кезбеймін есуас боп ен даланы, 
Қуатты орыс, қазақ еңбекші елім. 
Көр де аулақ, өз басымнан өлім де аулақ, 
Көрсетем Мағжандарға көрдің төрін,- деп жазады. 
Мағжанның белгілі "Тоқсанның тобы” поэмасына да Ə.Тəжібаевтың қарсы ұзақ өлең жазғаны мəлім. Бірақ, енді, 90-жылдары Əбділда Тəжібаевтың өзін-өзі сынға алып, "Мағжанның алдында кешірілмес күнə жасадық” деуін, 1989 жылғы Мағжан жинағына мүлде жаңа көзқараспен мақала жазуын ақын алдындағы, жұрт алдындағы адалдығы деп қарауымыз керек. 
Мағжан шығармаларына көп тоқталып, саяси жағынан, таптық жағынан қатты сынға алғандардың бірі – Ғаббас Тоқжанов. "Мағжан совет тұсында” деген мақаласында ол Мағжанды табы, тобы бөлек, сөзі жат ақын дегенге дейін барады. "Пікір – идея жағынан Мағжан идеяшыл ақын, қиял – Мағжанның тəңірісі. Қазаққа келгенде, Мағжанның саяси жолы қазақ байына қосылып отыр. Бүгінгі қазақ еңбекшілерінің жаңа тұрмысы оған ұнамайды. Бүгінгі заман –"сұм заман”. Бұл жағынан қарағанда, Мағжан – байшыл ақын. Бұл күндегіден безген, келешегі жоқ, уайымшыл, жылауық ақын”. Тек саяси жағынан, тап тұрғысынан келіп сынап отырғаны көрініп тұр. Сол кездегі ағым солай, жаңа саяси идеологияның орнай бастаған кезі. Кейін бүкіл əдебиет саясатқа айналып, өзіндік, тəуелсіздік хұқығынан түгелдей айырылғанын тарихтан білеміз. Ал өлеңнің ажары, əдемілігі, көркемдік қасиеті дегенге келгенде мұнан Ғаббас Тоқжанов безбейді, мойындайды. "Қазақ əдебиетіне Мағжан кіргізген жаңалықтары жоқ емес. Мағжан – күшті ақын. Көркемдік, əдемілік жағынан қарағанда, Мағжан өлеңдері – үлкен оқиға. Жүсіпбек айтқандай, "Суретті, кестелі көркем сөз Мағжаннан басталады”. Мағжан – сөзге еркін ақын. Күшеншік ақын емес, айтам дегенін оқушының көңіліне қонғандай қылып айтады. Кейбір өлеңдерінде "шешендік, толғау күй төгіліп кететіні” рас. 
Көріп отырсыз, бəрі де əділ. Сонда Мағжанға неғыл дейсің деген сұрақ туады. Өзі күшті, тапқыр ақын болса, сөзге шебер, көркемшіл болса, ойдағыны айтатын болса, енді оған не істемедің деп өкпелеу керек? Ол тек, ұрандап кетпеуі, "тап-тап” деп жар салмауы, "айқайлап” қол соқпауы үшін ғана айыпты атанып тұр. Шындығына келгенде, алақайдың жөні жоқ екенін 1927-28 жылдардағы кəмпескелеу, онан соңғы колхоздастыру, одан барып орасан, қырғын аштыққа ұрыну – осының бəрі қып-қызыл ұрандарға байсалдырақ қарау керек екенін, сабырмен, сын көзімен қарау керек екенін əбден дəлелдеді. 
Мағжанның өз басы жайында, оның əрқилы шығармалары, кейбір жеке өлеңдері туралы сан-алуан пікірлер туып, шабуыл сынға қаптай бастады. Қазақстанға жаңа келген, өлең, əдебиет түгілі, халық, ұлт жайын əлі аңғарып біле қоймаған Ф.И.Голощекиннің өзі Мағжанды сынай бастауы сол үлкен, əрі қауіпті дүрбелеңнің салдары екені анық. Осыншама айқай-шудың аяғы Мағжанды түрмеге жабуға апарып соқты. Онымен де бітпей жанжал ұлғая берді. 
1929 жылы Мағжан Жұмабаев "Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10 жылға сотталды. Шын мəнісінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді. 
Өкініші сол, 1929 жылдан 1938 жылға дейінгі ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймəлəм. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, еліне келеді. Петропавлда мектепте орыс тілі мен əдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып істейді. Бірақ біраз уақыттан кейін бұл қызметтен босатылады. Ол туралы өзі: "Не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне, 20 шақты күн болды жұмыссыз отырмын” деп жазады Алматыға Жазушылар одағының бастығы Сəбит Мұқановқа жолдаған хатында. Аударма ісімен айналысқанын, бірақ шарт жайында баспадан хабар жоғын айта келіп, Мағжан тағы да: "Мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өз қалам күшіммен көрсетем деген тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлап отырмын,” – дейді. Бұл хат 1937 жылы 20 ақпанда жазылады. Наурыз айында Алматыға келеді. Бұл кез айтыс-тартыс дегеннің нағыз қайнап тұрған кезі еді. Біреудің үстінен біреу жала жауып, ұстатып, айдатып жатқан уақыт. 13 тамызда Ілияс Жансүгіров ұсталады. 29 тамызда Жазушылар одағының хатшысы М.Қаратаевтың "Социалистік Қазақстанда”: "Қазақ əдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толық жою керек” деген басаяғы жиырма шақты жазушыны, ең алдымен Сəкенді қаралаған, мұндай фашист жендеттерінің көзін жою керек деген мақаласы басылды. 16 қыркүйекте "Казахстанская правда” осы мақаланың орысшасы басылды. 24 қыркүйекте Сəкен үйінен ұсталып əкетілді. Мұндай жағдайда өзі 7-8 жыл отырып келген Мағжанның күні не болмақ? Аласапыран тұста, ақыры 30 желтоқсанда Мағжан ұсталады да, 1938 жылы атылады. Бұл саясяттың мәнісі – тапта, тапшылықта, партияны қолдау, яки қолдамауда емес, халықтың оқыған, бетке ұстар қаймағын түгелдей жойып жіберуінде болған. 
Мағжан 1936 жылы Омбы жағында жүрген сəттің бірінде інісі Мұхамеджанға жолығып, осы тұста жазған "Өміріме өкпем” деген өлеңімен таныстырады. Бұл кейін Мұхамеджанның қызы Гүлханыстан табылды. Онда ақынның трагедиялық мүшкіл халі, өмірге налуы өте қайғылы суреттелген. 
Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың ба? 
Тəн арып, тамырда қан қалмадың ба? 
Жалған үшін жан қиып, жапа шектім, 
Еңбегім екі болып жанбадың ба? 
Жайшылықта жан қиған, жақын дүние, 
Талып тұрсам, назарың салмадың ба? 
Ортекедей орғытып, оққа жығып 
Жалмауыз, жауыз жалған, жалмадың ба? 
Ақын үнін 1927 жылдан кейін естімейміз. Ақын үні тынды. Өзі бір кездері толғана жазған үні өшкен бұлбұл кейпі ақынның басына келді: 
Дариға аяқталмай үзілді жыр, 
Сұм жүрек жалын болып қалды ғой құр. 
Бұлбұлдың үнін үзген не болды екен, 
Мынау не, көлдің беті жыбыр-жыбыр? 
Көл беті жыбыр-жыбыр бақа: "бақ-бақ”, 
Сайрасын енді қалай бұлбұл бейбақ! 
Өмірдің өзгермейтін құрсын заңы 
Бір жақтан бұлбұл шықса, бақа шықпақ. 
Жыршы құс бақырайған бақа көрсе, 
Бақылдап тырбық бақа əнін бөлсе, 
Ойласаң таңқаларлық дəнеңе жоқ- 
Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе. 
Мағжан Жұмабаев өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген-түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның творчествосының бір қырында, мұңлы толғаныс, өкіну жəне қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразысының екінші қырында, романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш- күйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы қасірет шеккен, азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір екі оттың жалынына шалынып, соған шарпылған! Оның творчествосында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астан-кестен, аласапыран жайымен астасып жатады. Алдыңғы толқын Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сықылды Мағжанға да жағылмаған қара май, шашылмаған лас сөз қалған жоқ. Ол талай əділетсіз сындарды естіді. Соның бəрі оның елім, жұртым деген ақ жүрегіне, халқының жігер-қайратын шыңдаймын, ішін жаңалаймын деп арпалысқан арманына шіркеу бола алмайды. Мəуе төккен жеміс ағашын жайқалып тұрған шағында үсік шалды. Ақын дер шағының шабытты кезеңін айдауда, қуғын-сүргінде өткізді. Ақыры қаза тапты. Туған əдебиеті бақшасын баптасуға мүмкіндігін сарқа алмай арманда кетті. 
Мағжан Абай дəстүрін жаңалады. Мағжан лирикасы жүректің ең нəзік пернелерін сөйлетті. Адамның интимдік сырларына тіл бітірді. Ол философиялық, əлеуметтік-саяси мəні зор проблемалардың тамаша көркемдік шешімін тапқан поэма жанры үлгісін жасады. Қазақ жерінің табиғатын ба, тарихын ба, елінің игілігі жолында өзін құрбандыққа шалған ерлерін бе – қайсысын жырласа да, ол біз қазақпыз, біз еш жұрттан кем емеспіз деген астарлы идеяны құлаққа құйып отырды. Мағжан поэмаларында лирика мен эпос, кейіпкердің ішкі жан дүниесі, өмірі мен халқының тарихы, жеке адам мен ұлт тағдыры тартысты драмалық сюжетке тоғыса келіп, ғаламат көркем байламдарға бастайды. Мағжан ақын қазақ поэмасын баяндау тəсілінен шығарып, суреткерлік арнаға бұрды. Əсіресе жан диалектикасын көрсетуде ол алдына жан салмады. 
Абай қазақ поэзиясын əлемдік поэзия деңгейіне көтерсе, Мағжан бұл деңгейді биіктетпесе, аласартқан жоқ. Дыбыс-буынның айрықша үйлесімін тауып, қазақ өлеңі жолдарын күйше күмбірлетті. 1918 жылдың өзінде Ж.Аймауытов пен М.Əуезов былай жазыпты: "Сезімге əсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұттікі” Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар, жүрегінің сезімін суреттейтін нəрсемен жалғастырып əкететін артықша бір маңыз бар. Бұлар сыршыл (лирик) ақындар». 
Мағжан Жұмабаев творчествосын нахақтап жамандап, құлдыратуға тырысқандар да, оның ақындық құдіретін бағалап, биікке көтергендер де болды. Ахмет Байтұрсынов та, Жүсіпбек Аймауытов та, Міржақып Дулатов та өздері нағыз трагедиялық күй кеше отырып, əдебиет пен өнер парызын ұмытпады, ақынның өнер талантын жоғары бағалады, оның үлкен болашағына берік сеніммен қарады. 
Мағжан ақынның ерекше сымбатын Сəкен Сейфуллин де, Бейімбет Майлин де құрметпен атап, қасиеттей білді. Мағжанның бүкіл түркі тілдес əдебиетке əсерін жоғары бағалаған адам түрік əлеміне белгілі оқымысты башқұрт Ахмет Зəки Уалиди Тоған. Ол: "Қазақтың ұлттық ақыны Жұмабайұлы Мағжан... өз жырларын тікелей Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу бойын мекендеген қалың қазақ пен таулық қырғыздарға арнаса да, оларға бүкіл түркінің жəне Түркістанның шерін жеткізді, түркілердің бұрынғы шат- шадыман өмірін елестете білді”,- деп жазды. 1928 жылдың өзінде-ақ Мұхтар Əуезов қазақ поэзиясына деген ұғымын байытқан Мағжан Жұмабаевқа ғажайыптай өлеңдері үшін риза екенін айтып жазды. Белгілі əдебиетші Қошке Кемеңгеров Мағжан поэзиясын өте жоғары бағалаған. 
Мағжан Жұмабаев біраз əңгіме, мақала хабарлама, аудармалар жасаған. "Шолпанның күнəсі” деген ұзақ əңгімесі 1923 жылы "Шолпан” журналында басылған. В.И.Лениннен, М.Горькийден көп аудармалар жасаған. Мамин-Сибиряктың "Ақбоз ат” əңгімесін аударған. Басқа да аударма шығармалары бар. 
Ең үлкен ғылыми еңбегі – "Педагогика”. Бұл еңбекті ақын балаларды, жастарды тəрбиелеу ісіне аса қатты мəн беріп жазған. Ескі қазақ өмір-тұрмысынан, əдет-ғұрпынан нені алуға болады, оны жаңа заман тəртібімен қалай ұштастыру керек, негізгі классикалық педагогиканың қағидаларын қалай қабылдап, бойға сіңіру қажет деген сияқты мəселелерді Мағжан аса биік зерттеушілік қабілетпен шешеді. 1992 жылы "Педагогика” басқа да шығармаларымен қатар "Ғылым” баспасынан жарық көрді. 
М. БАЗАРБАЕВ, 
филология ғылымдарыныңдокторы 
М.Жұмабаев. Таңдамалы. - А.: Ғылым, 

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ӨМІРІМЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ 

1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, "Молодежный” совхозында (қазір Мағжан Жұмабаеватында) дүниеге келген. 
1905-1910 жылдары Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медресесінде оқиды. 1910-1911 жылдары Уфадағы "Ғалия” медресесінде оқиды. 1912 жылыҚазан қаласында "Шолпан” аттытұңғышжинағыжарық көреді. 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды. 
1916 жылы Қызылжарға келеді, "Алаш” партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола губерниялық "Бостандық туы” газетінде істейді. 
1922 жылы Ташкентке келеді де, орыс – қазақ тілдері мен əдебиетіненҚазақ – Қырғызинститутындасабақ береді. 
1923-1927 жылдары Москвадағы Жоғары əдеби-көркем институтында оқиды. 
1927 жылы Қазақстанға қайтып оралып мұғалімдік қызмет атқарады. 
1929 жылы Қызылжар қаласында тұтқындалып, 10 жылға кесіледі. 
1936 жылы М.Горький мен Пешкованың араласуымен 10 жылы 7 жылғатүсіріліп, айдаудан босатылады. 
1936 жылыҚызылжарға келіп техникумда сабақбереді. 
1937 жылы желтоқсанның 30 күні Алматыда тұтқындалады. 
1938 жылы 19 наурызда халық жауы деген жала жабылып нақақтанатылады. 
Жетсе егер қорқыныштықара түнім, 
Басса дерт, əлімқұрыпшықпай үнім, 
Көңілашар, кеудеме жан кіргізер 
Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім. 

БҮГІНГІ КҮН ӨМІР, ӨЛІМ – МЕНІКІ 
Басы – сайран, сұм жалғанның соңы ойран, 
Адам өмірі – тағдыр ойыны. Біл де ойлан! 
Есіл жастық ескен желдей гуілдеп, 
Əлі-ақ кетер жүректен – от, күш – бойдан. 

Көздің нұры кеміп, жақтар суалар, 
Сүмбіл қара шаш селдіреп қуарар. 
Ет тарылып, сүйек қалып саудырап, 
Тамырларда сасық сары су ағар. 

Сұмтағдырдың емес пе бұл мазағы, 
Аз өмірде естенкетпес азабы. 
Жаты түгіл, жақыныңа жексұрын 
Болып, өзітілесін депқазаны! 

Қылсын мазақ, мейлі тағдыр ойнасын, 
Жалмауыз жермейлі жұтсын, тоймасын. 
Жансыз суық көзін қадап қу өлім, 
"Тез” депкүтіп, тісіншықыр қайрасын. 

Не қылса да, олөлімнің өзеркі, 
Жындандырад мені сұлунұр көркі. 
Құшам, ішем, жынданамын, жылаймын, 
Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі! 

АЙДА АТЫҢДЫ, СƏРСЕМБАЙ 
Айда атыңды, Сəрсембай, 
Ағарып алтын таңатпай 
Шығайық қырға, далаға. 
Шу-шу-шу... Əттең ғана бұлоқу! 
Келмес едім қалаға. 
Қарашы кейін бұрылып: 
Таудайболып созылып 
Қала – бір жатқан дəу пері. 
Айналасы – тұман, түн. 
Дем алысы – от, түтін. 
Жарқ-жұрқетеркөздері. 
Сөзі у-шу, ың да-жың, 
Сасық иіс ауыртым. 
Тұншықтым ғой, құдай-ай! 
Кейін қарапнетеміз? 
Ауылға қашан жетеміз? 
Айдашы атты, 
Сəрсембай. Əйелдері ұятсыз, 
Күнде сүйгіш, тұрақсыз. 
Қылмыңдасар, керілер. 
Жүздерінің қаны жоқ, 
Көздерінің жаны жоқ, 
Еркектері – "перілер”. 
Оларда оттыжүрек жоқ, 
Тамақтан басқа тілекжоқ. 
Қорсылдаған "доңыздар”. 
Түнбаласы перілер, 
Жұмақтан артық көрінер – 
Оларға сасық үңгір тар. 
Көкті көрмес көр олар, 
Қарашы, келіп қаңғырдым, 
Сар даламды сағындым, 
Айда атыңды, Сəрсембай! 
Əлде ұйқың келе ме? 
Сəрсембай-ау, сен неге 
Шырқап бір əн салмайсың? 
Жетесің туған жеріңе, 
Еркелеткен еліңе, 
Жүрегімнеге жанбайсың?! 
Сарыарқамның топырағы – 
Менің жаным шырағы, 
Кеудемде төсепжатамын. 
Оның жібек желінің, 
Тəтті, кəусар көлінің 
Қазір дəмін татамын. 
Қайрылып кейін қараман, 
Шықтық па ұзап қаладан, 
Айтшыжаным ағатай? 
Кейін қарапнетеміз? 
Ауылға қашан жетеміз? 
Айдашы атты, Сəрсембай! 

БАЛАПАН ҚАНАТ ҚАҚТЫ 

("Балапан” журналына арналыпқара сөзбен жазылған өлең) 
Балапан қанат қақты... Жас еді. 
Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. 
Амалсыз қақты. Солтүстіктің суығына шыдай алмады. 
Суық жел сүйегіне жетті. Ызғар өкпесіне өтті. 
Ұшып орманға барып еді, күні кеше күбірлесіп, күлімдесіп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. 
Ұшып тоғайға барып еді, қанша шырылдап айналып жүрсе де, қалың ақ кебінін жамылып, тоғайтұрмады. 
Балапан баспана таба алмады. 
Балапан қанат қақты... 
Аштан өлетін болды. 
Ойды-қырды қар басқан. 
Бір қылтанақ таба алмады. 
Тоңып, дірілдеп, аласұрып жүрген балапанды көріп: "Қорама кір, қолымда тұр, қалған-құтқанымды берермін”, -деп күледі солтүстіктің салқын жүрек, тас бауыр адамы! 
Балапан қанат қақты... 
Ойы – жан дəрмен жылы жаққа жетпек, егіз Есіл – Нұраның тəтті суларынан ішіп, 
Аралдың ыстық құмын құшпақшы. Терең Балқаштың мөлдіріне шомылмақшы. 
Алтайдың етегінде "ух” деп демін алып, Марқакөлдің қаймағында жүзбекші. 
Балапан қанат қақты... 

ОСЫ КҮГІ КҮЙ 
Ойламай отқа түскеннеткен жанбыз, 
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүргенжалғыз. 
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда, 
Япырм-ай, қалдық па рас, тіпті таңсыз?! 
Тақаулы тамағына өткір пышақ, 
Текжатыр тұяқ серппей сонда да аңсыз, 
Тыңдамас, сөзгетүспес, ырыққа көнбес 
Болды ма қайран қазақ тастайжансыз? 
Жер кетті, жаныңкетті, қам жемедің, 
Құлболдың қара табаненді малсыз. 
Ортаға қамап алып қырып жатыр 
Қара жүрек "надандық” қолмен сансыз. 
Қазағым, арыстаным, қайратты ерім, 
Тұрдың ба қаруқылмай, құр амалсыз? 
Түнбасталды, неболмақалда күнің, 
Бос жүрсең ешпанасыз, үйсіз, тамсыз? 
Сандалдың: алдың – боран, артың – тұман, 

Түккөрмейсəуле берершырақ-шамсыз. Білімсіз ит надандық жеңгені ме? Буының қалтырайды болып əлсіз. 

ТУҒАН ЖЕР 

Бұлжарыққа аяқ басып туғанжер, 
Кіндік кесіп, кірім сенде жуғанжер. 
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде 
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. 

Жаратылдым топырағыңнан, сен – түбім, 
Жалғаны жоқ, бəрі сенен жан-тəнім. 
Сенен басқа жерде маған қараңғы, 
Жарық боларШолпан, Айым, сен – Күнім. 

Тəтті суың дəмі аузымнан ешкетпес, 
Қалың нуың, қыр, суыңажер жетпес. 
Кеңдалаңда ойынойнап қалсамшы, 
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!... 

Балақ түріп, қозы қуып, жарысып, 
Батпағында тең құрбымен алысып, 
Түнде ақсүйек, алтыбақан, алкүндіз 
Үйретем депасау тайғажабысып. 

"Адам басы – алла добы” – деген рас, 
Қалай қуса, солай кетпек сорлыбас. 
Кім біледі, мен де шетке кетермін, 
Туғанжерім, сені тастап басым жас. 

ЖҰЛДЫЗДЫ – ЖҮЗІК, АЙДЫ АЛҚАҒЫП БЕРЕЙІН 

Келші, көзім, күн бетіңді көрейін, 
Сүйші, сəулем, тұншығып мен өлейін. 
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, 
Жұлдызды – жүзік, Айдыалқа ғыпберейін. 
Сөзің – сиқыр, есті тұман басқандай, 
Ессіз жүрек дария болып тасқандай. 
Күлкің, Күнім, күндейкүміс табаққа 
Мінсіз сұлу меруерттішашқандай. 

Шашың – толқын, жүрегімнің жарына 
Соғылды да, баттыулызарыма. 
Айнам, сағанарнапжырлар жазамын, 
Қаламымды малып жүрек қанына. 

Жырларыммен кестелейтін орамал, 
Бүлдіргендей, бөбектайым, бетіңбал. 
Балға талайшыбын қонуға ұмтылар, 
Ұмтылғанда орамалмен қағып қал. 

Еркетайым, келсеңегерқасыма, 
Сəулелерден шоққадар ембасыңа. 
Көз жасымнан меруерттізіпберер ем, 
Келші, күлмей көзден аққан жасыма. 

Келші, көзім, Күннұрына көмейін, 
Сүйші -өлейін, "неге өлейін?” – демейін. 
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей, 
Жұлдызды – жүзік, 
Айдыалқа ғып берейін! 

БАТЫР БАЯН (поэма) 

Бірінші тараудан үзінді 

Жүрегім, мензарлымын жаралыға, 
Сұмөмір абақты ғойсаналыға. 
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі, 
Сондықтан жаным күйіп жанады да. 
Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң, 
Толғанып қарауым сол саяғыға. 
Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар 
Əдемі ертегідей баяғыда. 
Əдемі өткенді ойлапайнымасам, 
Сұмөмір күштіуынаядыма? 
Ертегі уатпайма баланы да, 
Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да? 
Ақын да бір бала ғойайға ұмтылған, 
Еркімен өзі-ақ отқа барады да. 
Жай тақтақжабайыдан жолқалғанда, 
Қанды ор боп ақын жолы қалады да. 
Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын, 
Күрсініп көзіне жас алады да. 
Ақында адамзаттан досболмайды, 
Жалғыз-ақсырынсөйлер қаламына. 
Мен де ойдыағытамын қаламыма, 
Арқаның көз жіберсем алабына: 
Сарыарқа – сары дария, қиыры жоқ 
Көз болсын, қандай қыран, талады да. 
Ішінде сары дария көзтоқтатар 
Көкшетау – Сарыарқаның аралы да. 
Көкшеде күні кеше қойдай өрген 
Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да. 
Айрылып асау, ерке аңдарынан 
Көкшенің тас жүрегі жаралы да! 

Арқада жер жетпейді Бурабайға, 
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға. 
Бұлт құшқанмəңгі мең-зеңКөкшетауға 
Бөлектау: "Ой, бауырым!” – дер анадайда. 
Оқжетпес найза қия – қыранға ұя, 
Қарасаң жанның шері тарамай ма? 
Солардың ортасында Бурабайкөл, 
Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға. 
Бурабай – Арқа арлы, жер еркесі, 
Ертеде қоныс болған Абылайға. 

Бауырында Бурабайдың қалың ағаш 
Көкшеніңжалыменен біткенжалғас. 
Арудың ақпен өрген тұлымындай 
Қарағай, қызыл қайың, тал аралас. 
Ертедежелөтпейтін қызыл ағаш, 
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш! 
Қабірінен əулиеніңалашқа артық 
ЕртедеАбылайға орда болғанағаш. 
Ордасын сол ағаштағы Абылайдың 
Меккедей тəуепқылған тамам алаш. 
Қиынкүнтуғаналашбаласына, 
Шұбырып жапанның сардаласында, 
Кез болғанжауданүркіп "Ақтабанға”. 
Дұшпанның қалғандай боптабасына. 
Арқаға аяқ салып, түскен барып 
Екі оттың – орыс, қытай арасына. 
Күндерде сонау – қара, тапсырғанел 
Тағдырын Абылайдай данасына. 
Солкүнде елқорғаған Абылайдың 
Қылсаң да азқанша тəуеп моласына. 

Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ, 
Жақыннан тыншытпайды қалыңқалмақ. 
Артында – ор, алдында – көр, жан-жағы жау, 
Дағдарған алаш енді қайда бармақ? 
Солкезде елге қорған болған Абылай, 
Көпжаудың бірін шауып, бірінарбап. 
Күндердің бір күнінде хан Абылай 
Қалмаққа – (ойына алды) – деген сөз шыққансоң, 
Ордаға батыр, билер келді аңдап. 

Жиылды өңшеңноян ығай-сығай, 
Байжігіт, Тасболат пен биТолыбай, 
Ту баста Абылайды хан көтерген 
Қамқоры Қарауылдың шешенҚанай. 
Ашуыжауғанқардай, шөккен нардай 
Қартқыран Қанжығалы қартБөгенбай, 
Бөкеңнің жас жолбарыс жеткіншегі 
Аузынан жалын шашқан жас Жанатай. 
Найзасын нажағайдай ойнататын 
Жас барыс Бəсентиін Сарымалай... 

Жиналған өңшеңбөріБурабайға, 
Алаштың кебесіндей ізгіжайға. 
Батырлар бұғаудағы арыстандай, 
Абылай тұңғиық бір тереңойда. 
Бəрідеел қорғаны – батыр, билер, 
Аттанбайтек жатудан таппай пайда: 
"Жүрелік, жау басынар!” – деген сөзбен 
Салады Қанайбиді Абылайға. 
БиҚанай: "Бұ қалай?” – депбастағанда, 
Абылай сұрайды одан: "Баян қайда?” 

"Қанайым, ойыңудай, тілің шаян, 
Амалне, келген жоққой батыр Баян. 
Көпжаудың албастысы, елеркесі 

Баянның батырлығы алашқа аян. 
Баянның аруақты құр атынан 
Көпқалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? 
Наркескен, өрттейескен, қайтпас болат 
Баянсыз қанатымды қалайжаям?! 
БиҚанай! Аттанбайды хан Абылай, 
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!”- 
Деген соңойы теңіз хан Абылай, 
Аяңдап батырларға қайтты Қанай. 
Байлаулы бөрілерді азақылмай, 
Кестелеп, сөзбен сипап айтты Қанай, 
Күңдеу ме, көтеру ме? – кім біліпті,- 
Батырлар дестіжалғыз "Баян бала-ай!” 
Көкшенің бауырында өңшең көкжал 
Күңіреніп күтіпжатты күндер талай. 
"Жау!” – десежатпайтұғын батыр Баян, 
Апырм-ай, келмеуінің мəні қалай? 
Жас Баянжауды талайкөрмеп пе еді, 
Сорғалап сұңқардайын төнбеппе еді, 
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, 
Санқолға аш бөрідей кірмеппе еді?! 
Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей, 
Найзасын, сірə, шалғай сермеппе еді? 
Бірінайт, бəрінайт та, басқа батыр Баяндай "алашым!” -деп еңіреп пе еді? 
Бұлжолы кешігуі жайемес қой, Тұлпарым кез болды ғойорға, тегі! 
Арқада бір өзенді дер Обаған, 
Солжерде азғана Уаққоныс қылған. 
Уақтың ерте күнде өжет-қайсар Ер Көкше, 
ЕрҚосайдай еріболған. Солеріерте күннің, 
Ер Көкшенің Нəсілінен қайтпас алмас Баян туған. 
Баянның ер ағасы Сары, 
Қос қыран тізе қосып жауын қуған. 
Айналып оны айт, мұныайт, Баянды айт, 
Ер Баян алашыңның бетінжуған. 

Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ 
Қыранмен қара құстайалысқан шақ. 
Баласы алтыалаштың Абылайдың 
Астында ақтуыныңтабысқан шақ. 
Қазақтың батырлары бəрі қыран, 
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап... 

ҚОЙЛЫБАЙДЫҢ ҚОБЫЗЫ (поэмасы) 

Ертеде елбар екен қалың Найман, 
Қытайға қалың Найман қанат жайған. 
Қалың Найман ішінде Бағаналы, 
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан. 
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген, 
Алдында жорғалаған шаштышайтан. 
Қойлыбай қобыз алса-ақ қалбалаңдап, 
Қақаман жетіп келед əлдеқайдан. 
Қақаман жалғыз көзді жынның ері, 
Ерегіссе тау-тасқа салған ойран. 
Дарқанның Нəдір пері – аға жыны, 
Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған. 
Қойлекеңнің үшінші жанжолдасы – 
Шайтанның шуасауы батыр Шайлан. 
Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан, 
Жын менен жолдас болған бала жастан. 
Азырақ əңгіме үшін сөз қозғайын, 
Қалың Найман жиылғанбір зор астан. 
Бір асқа жиылыпты Найман тамам, 
Бай, биі, батырлары балпаң басқан. 
Ішінде сол жиынның Барақта бар, 
Аузынан арыстандай жалын шашқан. 
Бəйгеге екі жүздейат жіберіп, 
Күрессап жиылған жұрт ұрандасқан. 
Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар: 
"Бəйгеге қобызың қос” деп сұрасқан. 
Қалқасы қалың Найман қалаған соң, 
Қойлыбайың бəйгеге қобыз қосқан. 
Найманның ұлыдүбір сол асында, 
Əлеумет алқа-қотандөң басында. 
Айнала ығай-сығай, жақсы жайсаң, 
Қойлыбай қобызымен ортасында. 
Бас болып батыр Барақ қалаған соң, 
Бəйгеге бақсы қобыз қоспасынба? 
Қойлыбай сонда айтады шақырып ап, 
Ыңғайлы бір бозбаланы өзқасына: 
"Ат шабатын жерде бірсексеуіл бар 
Жарып өткен жапанның жартасына. 
Қобызды сексеуілге байлаптаста, 
Мен сенем жын Қақаман жолдасыма”. 
Қалың Найман бəйгеге қобыз қосып, 
Шуласып отырысты дөң басында. 
Бір кезде аткелетін мезгіл жетті, 
Бозбала аталдынан шауып кетті. 
Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды 
Аруақ қалшылдатып, дірілдетті. 
Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқетіп, 
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті. 
Көздері қып-қызыл бопқанға толып, 
Сарыны сардаланы күңірентті. 
Бірмезгіл екпіндетіп, долдандырып, 
Бір мезгілжыны буып күбірлетті. 
Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып, 
Қызыл жел құйындатып дүрілдетті. 
Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап, 
Шапқылап жын-перілер дүбірлетті. 
Осылай ойнап, сарнап бақсы жатты, 
Қалжырады, қап-қара терге батты. 
Сол кезде ат келетін құба жонды, 
Түтіндей будақ-будақ бір шаңжапты. 
Сол шаңның ортасында бір сексеуіл 
Ербеңдеп ойнақ салып келе жатты. 
Екі басы жерді ұрып кезек-кезек, 
Сабалап қырды жолғып жаралапты. 
Байланған сексеуілге қобыз берік, 
Көз ашқанша жиынға келіпқапты. 
Сексеуілді қопарып алыпкеліп, 
Қақаман жұбатады ерке қартты. 
Қобыз келді, Қойлыбай көзін ашты, 
Қалың ел тамашадан тас боп қатты... 

НАУРЫЗ (мақаласы) 
Əр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Қай уақытта, қай халықта болса да жаңа жыл сол халықтың, сол уақыттың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Европа жұрттарының бір жерінде жаңа жыл – 1 январь, бір жерінде – 1 сентябрь, тағы осындайлар. Азияда жаңа жыл – жазғытұрым, қазақ елінде – марттың 22-сі. 
Қай елдің жаңа жылын алсақ та, негізінде шаруашылық жағдай болады. Дін əсері жаңа жылдарда аз, жоқтың қасы болса, қу молдалардың мал табу үшін жалған қондырмасы. 
Қазақ жаңа жылы дін əсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін əдеттері жасалмайды. Бар болғаны – ел бірбірімен көрісіп: "Жасың құтты болсын!” – дейді. 
Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма депболжау жасайды. 
Жаңа жыл күні қазақ əдетінше əр үйде қазан-қазан көже пісіріледі. Көженің ішіне қысқы соғымның тек басы салынады. Көжеге көп сүт құйылады. Басты, шекені қарттар мүжіп, құлақты балаларға кесіп беріп, басқа жұрттар көжені талап ішеді. "Ауыз ақтан айрылмасын, қызылды уақытымен (қыс) көрсетсін, жас құтты болсын” деп бата жасаптарқасады. 
Бұл көже ішу (сүт құйған) – келе жатқан жазбен ұшырасып, қарсы алып, ас ішу ретінен аққа (сүтке) көшу. Көжеге тек бас салып асып жеу – қарлы қыспен, қыс тамағы (қызыл) қоштасу. 
Міне, қазақтың жаңа жылының барлық маңызы – шаруашылық маңыз. 
Қазақ жаңа жылы – жазғытұры күн мен түннің теңелген күні (22 март) болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ жаңа жылы ғылым қойнына да барып кіріпқалады. 
Қазақ жаңа жылын "Наурыз” дейді. "Наурыз” əулиенің, əмбиенің аты болмаса керек. "Наурыз” күні райын, шаруа ыңғайын дұрыстап зерттеген бір шоңғал, "оқымаған агроном” атыболуға керек. 
Сондықтан қазақтың наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы. Бұл мейрамды дұрыстап өткізу керек. Бұл мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып, қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл адамдарын тап-жігімен ұйымдастыратын мейрам ету керек. Мектеп оқушылары наурызды оқыту программасына айырым комплекс жасап ендіруі керек. Жастар ұйымдары, партия ұялары наурызды басқа ел тонайтын молдалар, елді адастыратын дін мейрамдарына қарсы қойып, халықтың басын, денесін дін дуасынан құтқаратын, сақтайтын үгітнасихат жүргізуі керек. 
Наурыз тарихын сарқа жазуды білімділерден күтіп, біз осы қысқа əңгімемен тоқтаймыз. Ауылдың көзі, құлағы – мұғалімдерді, жас буын оқушыларды, ауыл кедейлерін жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылында жаңа жұртшылығының өркендеуін, жаңа-жаңа, татымды жемістер беруін, шаруашылығының жаңа жолымен, социалшылық жолымен ілгерілеуін тілейміз. 

...