+1 дауыс
24.4k көрілді
Дифтонг дегеніміз не???

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.
Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тен түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы, латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.
Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.
Дифтонгоид — дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекше түрі. Оған и, у, ие, уо, уө дыбыстары жатады.
Мәліметтер http://kk.wikipedia.org сайтынан алынған

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 19.01.2013 Қоғам сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.01.2013 Қоғам сұрақ қойды
...