0 дауыс
14.2k көрілді
Махамбет Өтемісұлының барлығы неше өлеңі бар,тез арада көмек керек болып тұр?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.

Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды.

Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.

Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Оның шығармалары қазақ поэзиясының сатира, элегия, монолог, арнау жанрларының қалыптасуына, стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Ол жыраулық поэзия дәстүрін шебер  дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.

Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді.

Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар көп еңбек сіңірді. Алғаш 1908 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Мұрат ақынның Ғұмар қажы оғлина айтқаны» атты жинақта Махамбеттің 100 жолдан астам 2 толғауы басылды. Ғ.Мұштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақындарының басты шығармалары» жинағында Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жылы Қ.Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды. Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Ресейдің «Выборг кеме жасау зауыты» ААҚ Қазақстанның тапсырысы бойынша «Махамбет» атты мұнай құю танкерін жасап шығарып, суға түсірді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды.
0 дауыс
Қысқаша айтқанда 85 өлеңі болу керек.
+1 дауыс
Өлеңдер
Арғымақтан туған қазанат
Арғымаққа айдай таға қақтырса
Еңіреу ұлы емшек боз
Исатай деген ағам бар
Мінгені Исатайдың ақтабан-ай
Міне алмаған алаға
Аймақ көл
Айныман
Арғымақтың баласы
Арғымаққа оқ тиді
Ат - жігіттің майданы
Атадан туған аруақты ер
Ақ жүрегін тербетіп
Баймағанбет сұлтанға айтқан сөз
Бағаналы терек
Елмен қоштасу
Ер жігітке оқ тиді
Ерлердің ісі бітер ме?
Ерулі атқа ер салмай
Есіл ер
Жабығу
Жалған дүние
Жалғыздық
Жақия
Зынданда
Кел, кетелік
Күмісті мылтық қолға алып
Күн болған
Күн қайда?
Көшер еді-ау біздің ел
Мінкен ер
Махамбеттің Баймағамбетке сұлтанға айтқаны
Махамбеттің Жәңгірге айтқаны
Мен - қарақұстан туған қалықпан
Мен едім
Мен тауда ойнаған қарт марал
Мен — мен едім, мен едім!
Мұнар күн
Мұңайма
Нарын
Нарында
Реніш
Соғыс
Тілек
Тайманның ұлы Исатай
Тар камау
Тарланым
Толғау
Уа, Нарын
Шашылу
Шегініс
Шонты биге
Қайда бар
Қақақулап шақырмай
Қоштасу
Қызғыш құс
Ұл туса
Ұлы Арман
Әй, Махамбет, жолдасым
Әрәйнә
Өкініш.

САНА))))
0 дауыс
Махамбет Отемисулынын монологы бар ма?
0 дауыс
Махамбеттин баганалы терек поэмасынын толык нускасын тез арада шыгарып берсениздер отиниш!!! Еш таба алар емеспин!!! Ертенге дейн болса мумкин болса!!!
...