[Мына жерде тағы да бар][1]
[Мына жерде тағы бар][2]
[Мына жерде бар][3]
Паскаль программалау тілі
Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде – тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі ХVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.
Осы жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғарғы политехникалық мектептің оқымысты адамы – Никлаус Вирт ( 1968-1971).
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады. Ол Алго 60 тілінің жетілдірілген түрі болып табылады. 1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IBM PS –ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Келесі қатарда оның соңғы (7.0) вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған. Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.
Бейсик тілі сияқты Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, түрлі саналық инфорциямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.
Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктері бар:
• Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді;
• Тіл алгоритмді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте – бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет;
• Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;
• Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
• Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді;
• Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға болады.
1.2 Турбо Паскальда жұмысты бастау.
Турбо Паскальдың интегралдық ортасы пайдаланушының сұраныстарын операциялық жүйесіз-ақ қамтамасыз етеді.
Интегралдық ортаға кіру. DOS-тың командалық қатарында C:\TP\TURBO EXAMPLE1.PAS (ТР-әдеттегі Турбо Паскаль директориясының атауы), деп теріп, Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде Example1.pas жазуы бар Текстік Редактор терезесі пайда болады. Егер программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00.pas- стандартты атауы тұрады.
Редактордың терезеде терілетін программа мәтінін қабылдауға немесе бұрынғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып-өшіп тұратын курсор арқылы білуге болады. Редактордың шықпай-ақ, программаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аламыз.
Белсенді терезе. ТР интегралдық ортасы бірнеше тереземен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда біреуі ғана, яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептелінеді. Жоғарғыдағы әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез-келген терезені белсенді етуге болады.
Белсенді терезеде программа мәтінін көру. Егер терезеге программа мәтіні симаса, онда оны PgDn («алға»), PgUp («кейін қарай»)пернелерін басу арқылы парақтап көруге болады.
Программаны сақтау. Терілген (редакцияланған) программа белсенді терезеден F2 пернесін басу арқылы файлға сақталады. Егер файлға атау берілмеген болса, онда ТР файл атауын енгізуді сұрайды. F2пернесін әрдайым басып отырған жөн.
Программаны компиляциялау. F9 не ALT+F9 пернесін басылғанда компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса “Compile successful. Press any key” хабарламасы шығады.
Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+F9 пернелер комбинациясымен іске асады. Нәтиже ALT+F5 пернелері арқылы көрінеді (редактор терезесі «ашылады»). Редакторға қайта өту үшін кез-келген литерлік перне шертілуі керек.
Көшірме алу. Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. ALT+ F пернелерін шертіп, пайда болған “File” мәзірінен “save as …” қатары таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы a:\Example1.pas деп, теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны көшірмесі дискетке жазылады.
Файлды ашу. ТР-да дискіде сақталған программа мәтінін редактор терезесіне шығару (файлды ашу) F3 пернесін шерту арқылы орындалады. Алдымен енгізу өрісі бар сұхбат терезесі пайда болады. Мысалы, сақталған Example1.pas файлын ашу үшін a:\Example1.pas теріп, Enter пернесін басу керек.
Жаңа экранды ашу. ALT+F пернелерін басып, File мәзірінен New қатарын таңдалынған жағдайда жаңа экранда бос файл Nonamexx атымен пайда болады. Мұндағы «хх»-цифрлар.
Тексті баспаға шығару. Принтерді іске қосып, “File” мәзіріндегі “Print” қатары таңдалса, белсенді терезе мазмұны қағаз бетіне басылып шығады.
Турбо Паскальдан шығу. ALT+Х пернелерін басу арқылы орындалады. Егер ашылған терезе мазмұндарын сақтау ұмытылса, оны сақтау туралы хабарлама шығады.
[1]: http://pascal-9.narod.ru/
[2]: http://sc0016.akkol.akmoedu.kz/index.php?p=docs-view&d=CEA77450A1A67DBF
[3]: http://stud24.ru/programming-computer/paskal-programmalau-tl/79930-249993-page1.html