Мысалы біз аспанға қараймыз да тек көгілдір аспанды ғана көреміз. Ал ол аспанды асып ұшып шыққан ғарышкерлер ғаламшарларды көреді. Біздің жер тек сол көптеген ғаламшарлардың бірі ғана. Мүмкін тағы басқа да ғаламшарлар бар шығар біз білмейтін, бізден мүлде басқа тіршілік өмір сүретін, біздің білімдерімізден мүлде бөлек басқаша білімдері бар, басқаша ойлайтын, біздердін жеткен білімдерімізден мүлде басқаша айтып түсіндіру мүмкін емес.
Сондай-ақ мені мазалайтын сұрақ сол ғаламшарлар қалықтап жүрген аспанның ар жағында не бар? Ғаламшарлар арасынан асып ары қарай жүре берсе қайда дейін жетуге болады? Білем біздердің зымырандарымызды жанар майы алысқа қарай қалықтай беруге жетпейтінін. Бірақ сонда-да бұл біздің өмір сүріп жатқан әлеміміздің соңы бар ма? Ғаламшарларды асып ары қарай жүре бергенде ақыры бір жеріне жетіп аяқталады ма? Аяқталатын болса біздер домалана қоршалған домалақ кеңістіктің ішіндеміз ба әлде төртбұрыш па әлде үшбұрышпа. Мүмкін ол жақты асып жүре беретін болсақ бітпейтін шығар? Шегі жоқ әлем шығар? Мүмкін барлығын асып өтіп жүре беретін болсақ жұмақ пен тозақ орналасқан "екінші әлемді" тауып алатын шығармыз?? Білмеймін, осы сұрақтар кішкентайымнан миымды жеп келе жатыр)) Жалғыз отырып ойланып кетсем болды жауабын таба алмай әбден әлек боламын. Аспанға қарап қорқа да бастаймын "біздің тұрып жатқан әлеміміздің ар жағында мүлде басқа тіршіліктер өмір сүретін шығар біздердің әлеміміз оларға жай ғана микробтың көлемімен бірдей болып көрініп" деген ойларға да кетемін.