0 дауыс
4.3k көрілді
Рецензия сөзіне анықтама?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Рецензия – білімнің бұл саласында құзырлы басқа адам берген ғылыми жұмысқа талдау жасалған және баға берілген жазбаша мәтін. Рецензияда жұмыстың сапасы, оның стандарттарға сәйкестігі, сонылығы, сондай-ақ автор алдына қойған мақсатқа жете алды ма екендігі бағаланады. Әдетте дәрежелі (ғылыми дәрежесі бар) адамдар, немесе басқарушы лауазымдардағы практикалық қызметкер рецензент бола алады. Егер рецензентті сен өзің тапсаң – бұл туралы алдын ала хабарлап қой, жетекшің рецензенттер туралы бұйрық шығару үшін деректерді ұсынуға тиіс, әйтпесе рецензияның күші болмайды. Рецензияда мақтаулармен қатар, мынадай мәселелердің болуын қадағала:

1) кімнің жұмысына берілгенін көрсету (сенің аты-жөнің, жоо атауы, мамандықтың коды мен атауы, жұмыс тақырыбы);

2) рецензент лауазымының толық атауы / регалийлері, оның тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы, жұмыс орнының мөрі;

3) ескертулер, яғни жұмыстағы кемшіліктер, олар бір жағынан, рецензенттің жұмысты оқығандығын және саған әлі де қай жаққа қарай өсу қажет екендігін көрсетеді, екінші жағынан, ескерту жұмыстың «тамырына балта шаппауға тиіс», яғни қатты сын айтылмау керек, оның сынына сен жауап бере алатындай бол. Жауабыңды жетекшіңмен келісіп ал.

Рецензияны оқығаннан кейін рецензентке алғыс білдіріп, (тіпті рецензент залда отырмаса да – бұл да ғылым әлемінің ізеттілік ережесі) және оның ескертулеріне барынша сыпайы түрде жауап беру қажет.
...