1) Қазақстанда интернет арқылы төлем жасаудың ең тиімді жолы, Каспий банкінің интернет бөлімшесі, мына сілтеме бойынша барыңыз https://kaspi.kz , бірақ ол үшін Каспий банкінің клиенті болуыңыз керек, (бұрын несие алғандар т.б) егер клиент болмасаңыз ол да оңай мәселе. Каспий банкіне барып, банкомат картасын алыңыз, жеке куәлік, РНН қажет және бұл банкте оны тегін рәсімдейді, бірнеше күннен соң дайын болған банкомат картаңыз қолыңызға тиеді, сіз Каспий банкінің клиенті болып саналасыз. Банкомат картасын рәсімдеген кезде ұялы тел нөміріңізді көрсетесіз, яғни сол арқылы жеке кабинетке кіресіз интнреттегі. Қалаған пароліңізді қойып виртуалды шот ашасыз және оны Каспи бакінің немесе Касса 24 терминалдары арқылы толтыра аласыз. Ең бастысы шотты толтырғанда да, төлем жасағанда да ешқандай комиссия алынбайды. Бұл Қазақстандағы бірегей жүйе және қазіргі уақыттағы ең арзан интернет төлем жүйесі болып табылады. kaspi.kz интернет бөлімшесін пайдаланудың оп-оңай екені тіркелген кезеңде-ақ бірден байқалады. Мысалға, клиенттің ұялы телефонының нөмірі логин ретінде қолданылып, ал ақыны бар-жоғы 3 қарапайым қадам арқылы төлеуге болады. Интернет бөлімшенің өзі жаңа шоттардың түскенін ескертіп, есептегіштен көрсеткішті қалай алуға болатынын білуге көмектеседі әрі түбіртекті толтыруға өз септігін тигізеді. Сондай-ақ туыстарыңыз бен жақындарыңыздың басқа да кез келген пәтерін оңай қосуға болады. Әрі kaspi bank-інің баршамызға белгілі қаржы кеңесшілерінің қызметін де әрқашан кез келген уақытта пайдалануға болады, ол үшін 9999 тегін телефонына не 7777 қоңырау соқсаңыз болғаны. http://www.kaspibank.kz/ толығырақ біліңіз. Мұнда не төлеуге болады еш комиссиясыз : Ұялы, үй телефондарына, интернет, ар турлі интернет сервистеріне, комуналдық қызмет т.б. Бүгінгі таңда барлығымыз кезекте тұрамыз, төлем терминалдарын іздеп, комиссиялар төлейміз. Мұның барлығы – қиын, ыңғайсыз әрі қымбат. kaspi bank kaspi.kz интернет бөлімшесін іске қоса отырып, клиенттерге «Тегін төлемдер» атты қызмет ұсынды, ол төлемдер нарығындағы төңкеріс болды. Банктің клиенттері kaspi.kz сайтындағы «Тегін төлемдердің» арқасында комиссиясыз әрі кезекте тұрмай ұялы телефонның балансын толықтырып, коммуналдық қызмет ақысы мен басқа да төлемдерді үйінен немесе офистен шықпай, немесе ұялы телефонынан жылдам әрі оңай төлей алады.
2) http://my.kassa24.kz/entry/index Бұның терминалдары қазір барлық Қазмұнайгаз АЗС-де, супермаркет, аптекаларда бар ҚР-ң барлық қаласында. Мунда оңай интернеттен тіркеліп шот ашасын болды, сол шотты өзінің терминалы арқылы толтырасын, бірақ толтырғанда 1 пайыз ғана ұстайды болды. Ол 100-ден 1тг, 1000-нан 10тг, 10000-нан 100тг деген сөз, сосын комиссиясыз мұнда да ком. услугаға, ұялы тел-ға төлей аласын, ең бастысы ЖД билет, авиа билет алуға болады осы портал арқылы уйде отырып-ақ, толығырақ мұнда http://www.kassa24.kz/
Сонымен қоса Яндекс денги, QIWI кашелек-тың саиттары бар