0 дауыс
1.9k көрілді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Достық...Бұл сөзде өтеееее үлкен мағына жатыр. Достық деген адамдардың тек сырласып, құпияларын ашуы емес, достық деген адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, әрқашан көмекке дайын тұрар жақындығы. Кемедегінің жаны бір деген емес пе! Достық та дәл осындай болуы керек, досының басына іс түскенде өзі қиналғандай досына жанұшыра көмектесуі. Сонымен қатар досы қуанғанда өз қуанышындай қуана білуі. Өз басымда санамалап отырсам амал достарым да, адал достарым да баршылық. Оны көріп жүрміз. Бірнәрсе керек болғанда ғана амандаса кеетін де адамдар бар. Қайтерсіз?! Сырымды ашпауға тырысамын, қатты шыдамай кеткен кезде ғана айтамын құрбыма. Мені ойым осылай!

+1 дауыс

  Достардың да әр түрлісі болады ғой. Мысалы; жәй достар, бала кезден келе жатқан ажырамас достар, стакандас, қызметтес достар деген сияқты.Менін достарым көп болмаса да жанашыр достарым бар, оның ішінде он бір жыл бірге оқыған сыныптас достарға ешнарсе жетпейтін шығар. Бала кезден бірге ойнап-өскен, жақсы-жаманды, қуаныш пен қайғыны бірге көрген, сырлас достарға не жетсін. Бір ойшыл айтқан екен ( аты есімде жоқ ): Осы өмірінде жанашыр бес досын болса нағыз өмір сүргенін,- деп. Достардың санымен емес, сапасымен мақтану керек.

...