0 дауыс
3.4k көрілді
Сіздерге қандай гүлдер ұнайды қыздар  ?

2 жауап

–1 дауыс
"Сіздерге қандай гүлдер ұнайды қыздар ?" осындайда сұрақ болама?!  Әр қыз әртүрлі гүлді ұнатады, әркімнің өз талғамы бар! Біз қайдан білейік сенің қызың қандай гүл ұнататынын?! Сен өзің одан сұра қандай гүлді ұнататынын! Қызыңның қандай гүл ұнататынын білмесең қалай онымен жүрсің???? Бірақ мен өз басым қызыма қызыл раушан гүлін сыйлайм әр кездесуде...
+1 дауыс
Гүлді таңдау алдымен оны кімге сыйлайтыныңызға байланысты. Мәселен, анаңызға, әжеңізге, жұбайыңызға немесе сүйген қызыңызға, құрбыңызға деген сияқты. Енді осы сұлу жаратылыс иелерін түр-түсіне қарай жіктеп көрсек. Әуелі гүлдердің патшайымы раушаннан бастайық. Бұл гүл ежелден махаббаттың нышаны саналады. Қызыл раушанды сүйген қызыңызға сыйлаған дұрыс, өйткені, ол - сезімді құпия білдірудің белгісі. Қызыл − махаббат түсі. Десек те оның да әртүрлі реңдері бар, осы жағына мән беріңіз! Ашық қызыл түсті гүлді ерекше жақсы көретін құрбыңызға немесе туысыңызға, ал қанық қызыл түсті гүлді тек сүйіктіңізге сыйлаған жөн. Ал алқызыл түс негізінен қарапайымдылық пен жастықтың белгісімен астасып жатыр. Мұндай гүлдерді кез келген жастағы адамға, кез келген жағдайда сыйласаңыз болады.
Сондай-ақ сары раушан сағынышты, аппақ түсті раушан шынайы сенімді білдіреді. Бірақ кейбіреулер сары гүл сенімсіздіктің, айырылысудың нышаны деп жатады. Сондықтан оны өте жақын адамыңызға сыйламаған жөн. Ақ гүлдер нәзіктік пен тазалықты аңғартады. Оларды, әсіресе, үйлену тойында сыйлау дәстүрге айналған. Мәселен, түймедақ, қынжыгүл (ландыш), бәйшешек тәрізді аппақ дала гүлдерін кез келген әйел затына тарту етуге болады. Сол сияқты орхидея мен қызғалдақ гүлдері екі адамның арасындағы өзара сыйластық қарым-қатынасты білдірсе, кәдімгі бәйшешек - жақсылыққа деген үмітті, қызыл қалампыр - ыстық сезімді, лалагүл (лилия) - мейірімділікті, фиалка - қарапайымдылықты, ақ нәркес (нарцисс) - адалдықты, сүмбігүл (гиацинт) − көтеріңкі көңіл күй, әзілдесуге деген құлшынысты, сарыгүл (ирис) - достық, адалдық, құрмет сияқты белгілерді білдіреді. Осы қасиеттерін ескере отырып, өзіңіз қалаған адамыңызға аталған гүлдердің кез келгенін сыйлай аласыз. Ең бастысы, ер-азаматтарымыз гүлдерді шын көңілмен, ыстық ықыласпен сыйлай білсе, қыз-келіншектер үшін одан артық сыйлық жоқ.
Толығырақ [МЫНА][1] жерде


  [1]: http://altaynews.kz/kaz/975-yzdara-anday-**-syylaan-drys.html
күшті +1)
одан артық сыйлық жоқ.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
0 жауап
...