+2 дауыс
78.0k көрілді
Мысалы: "жапандағы жалғыз жапырақты жалмандап жеп жатыр" деген сияқты))))

25 жауап

+15 дауыс
 
Жақсы жауап
Түп-тұқиянын талқылауға тырысқан тартуымның «Тематикасы», «Текстовкасы», «Тақырыбы» (теңеуін тілегіңіз таңдасын) − тіл тағдыры. Тіл туралы талай-талай талпынып, талаптанып, толғаныстан, талас-тартыстан туған тұсаукесер туындым. Тіл тағдыры талай тарландарды тыным таптырмай тұрған тақырып. Тарихты терең талдасақ, тіл тағдыры толғантқан талай танымал тұлғаларымыз түрмеге тоғытылды, тамұққа түсті, төбеттерге таланды. Тоталитаризмнің төтенше төбеттері Тұрарларымызбен тапанша тілімен тілдесті. Тәуелсіздігіміздің туы тігіліп, тайпа тағдыры тұрақтағалы тіліміздің түбегейлі тірілуін, туған тұғырына тік тұруын тай-тұяғымызбен, түгеліміз тіледік.
Тілінің тілеуін тілемейтіндердің тізіміне:
−төл тілінде түсініспейтін тексіздерді;
−туған тегін танымайтын тасбауырларды;
−тікішегін тезекке толтырып, тамаққа тойғанына тоқмейілсіген тоғышарларды топтастырдым.
Тізбелесек тағысын-тағы, топтасып тоқайласқан тұжырымсыздар, тіл тарихын түрпілеп түзетуге талпынған тұрлаусыздар, тұрпайы түсініктерімен тәнімізге тағылған таңба тәрізді.
Табаны тайғанақтап тұрған тіл тағдырына толғанбайтын, тәубені түсінбейтін, тәкапппар, төресымақ, табысқой танысымнан тіл тазалығын түсіндірмекке талабымды тосқанымда тулаған тайдай тарпынып, талағы тарс түсті.
− «Трагедизируешь! Таласып-тартысуға тұрмайтын тақырып. Төбеде тұрған тағынан түспейтіндердің таңдаған, «трасттылық», «традициялық», «транспаренттік», «толеранттық» туралы тілшілердің тапқан танымал терминдерінің түпнұсқасын талқылауың — тантықтардың теориясы. Так‑то товаришь!»
− «Тогда твоя теория тоже — твердолобая тупость (тәржімесі — топастық). Таңдағандарың «тоталитарлық» тіл! Тұран тіліміздің тарихи түп-тамырын түсінбейтіндердің, тіл тағдырын тендерге тоғытып тікелей табысты тілейтіндердің тұжырымдамасы».
Тәйтік топаспен тәжікелесіп, түк таппадым. Тоқтадым.
Тартысқа толы тағдырымның тебіреністерін «Т-мен» тізбектеген туындымда тұңғыш тентегім Темірханым туралы толғандым. Темірханым туғанда төбем Тәңірдің тұрағына тәк-тәк тимей тұрды. Тілеуім түзу-тұғын. Төңірекке табалатпай тәй-тәй тұрды. Таңдайы тақылдап, тілі түзелді. Төрт түлігім түгел, теңіздер таяз тартып, тіземе тимей тұрғандай-тұғын. Титімдей тәмпішіме тәлім-тәрбие тоқытатын, туған тілін терең түсіндіретін тиісті тұрақ таңдадым. Тұрған төңірегімізден төл тілімізде тәрбиелейтін «тәлімхана» таза-тақыр табылмады.
Тағатым таусылғандықтан, 9‑ға толған томпатай тентегімді тіліміздің тереңдегі тұнығымен табыстырдым. Төл тілімізді «тоталитарлық» тілден төмендетпей, терезесін теңестіріп таразыға тартудан тайынбадым. Тілімізді талас-талқыға түсіріп, «тендершілердің» торсығын толтырғанына төзбедім. Тілімнің тау-тасын талқандап, топ-тобымен, тайлы-тұяғымен топырлатып табанына тастауға тырысқандармен тартыстым. Таласқанмен тұрмыс түзелмесін түсініп, тәңірге табындым.
Темірханым, түсінген текті тояттайтындай тиянақтылығын танытты, тіпті тестілеуді тәп-тәуір тапсырып, төсбелгі тағынып, тума-туыс, таныстарымды таңдандырды. «Тесік тамның тәңірі төбесінде», «тең-теңімен, тезек торбасымен» тәрізді теңеулерді теріске тіркеу — түсінбеушілік. Темірханым тағдырдың талай тайғақтарына төтеп, талмастан талаптанып тереңдік танытты. Тұлпарымды тотталмайтын темірмен тағалап, тұмар тақтым. Тілді терең талқылағанда теңдестерінен таяқ тастам төрде тұрды. Тағдыр тәлкегі түсініксіз тылсым табиғат тәрізді. Танауы тәмпиған титтей түлегіме тіл тиді. Тәңірім тағдыр талқысына тағы тоғытып, түбінде Тимамды (Темірханымды) тәркілеп тынды. Тәңірдің тартуы таусылмауын, төзімімнің тозбауын тіледім. Төздім. Түңілмедім.
Түнде түсімде тіл тағдырын талдайтын талай тарихи тұлғалар топтасқан торқалы тойға тосыннан тап түсіппін. Түр-түсі тұрпайылау, төртпақ, тойған торайдай топ-томпақ төрде тұрған төраға толғанып тұр. Тіл төңірегіндегі тиіпқашпа талқылауларды түкке тұрмайтын текетіреске теңейді. Тіл тағдырын Тойфл тәсілімен тестілеп-ақ тұғырына тұрғызбақ. Тілді тестілеп тәлімдейтін тұжырымдамасына түсінбедім. Тәңірім-ай, таңертең тұншығып терлеп түрегелдім.
Тіл табиғатын ТЕСТілеу — тілді тұғырына тұрғызбайды. Тіл тестілеуге төзбейді. Тулақтай тырысқан тіліме тірек табылып, табалдырықтан төрге тартатын тарихи тұлғалар табылса, тұнжырауым тарқап, түркі тектес тілімнің тойында тамадалық талантымды талайыңа танытармын.
Толғауы тоқсан тебіренісімнің тобықтай түйіні — тілімнің тағдыры.
Тіл тақырыбын талдасақ:
−тарихы табанға тапталған тақырып;
−төркінін талдасақ − тамыры терең тақырып;
−талапты түлекті түбегейлі толғандыратын тақырып;
−тынысы тарылып, тығырыққа тіреліп тұрған тақырып;
−туған төрінен тұғырын таппай тұрған тақырып;
−талқылай-талқылай төзімді тауысқан тақырып;
−түбің түскір тексіздердің тәлкегіне түскен тақырып;
−тоны тігілгенмен, түймесі тағылмай тұрған тақырып;
−«тоқалдан туған» тақырып;
−табанын тас тескен, тасмаңдай тақырып;
−тулағы тықыр, тұяғы тұқыл тақырып;
−талапайға, талан-таражға, тендерге түскен тақырып;
−тіземен таптап, тезге тартып түзетуге төзбейтін тақырып;
−тілмашқа телмірген, тәржімашыға тәуелді тақырып;
−тар телпек тақиялы төбелтаздар түсінбейтін тақырып;
−толғағы толып тұрған тақырып…
Тек тіл тақырыбының толғағы талықсып түсік тастамауын тілейік. Тілдің туын тіктейтін талабы таудай тастүлектер тууын тілейік, туысқандар. Тәмсілге татитын, тәпсір тілемейтін титықтатқан тақырыбымды түйсігім тозып таусылғанша тәмәмдамаспын.
[Тек т әрпінен][1]


  [1]: http://til.yvision.kz/blog/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B+%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96/59121.html
жараисың
Мәәәә, мынау неше сөз?
Тең теңімен,тезек торбасымен дегенде,қазақта торба деген сөз жоқ,дорба болады,және бұл мақал былай айтылады"Тең теңімен,тезек қабымен"
базар жоқ
сол бір қате үшін соншама жылап "плакса"
Еркек ертен етик
+10 дауыс
Жетпісбай жездемнің жайлауда жетіжүз жетпіс жеті жылқысы жайылып жүр

Жетпісбай жездесінің жайлауда жеті жүз жетпіс жеті жылқысының жайылып жүргенін Жарас жақсы жобалады

Жетпісбай жездесінің жайлауда жеті жүз жетпіс жеті жылқысының жайылып жүргенін Жарас жақсылап жобалап, жұрттан жасырып жүрді
Жетпісбай жездесінің жайлауда жеті жүз жетпіс жеті жылқысының жайылып жүргенін Жарас жақсы жобалады Жалғас Жарастың жобасын жақтады

Жетпісбай жездесінің жайлауда жеті жүз жетпіс жеті жылқысының жайылып жүргенін Жарас жақсылап жобалап, жұрттан жасырып жүрді, жасырған жылқыларын  жоғалтты

жжжжжжжжжжарайсың
Жарайсыз! енді басқа әріптерден болса тіптен жақсы болар еді)))
кешегі кеңсеге келген келіншектің коңіл куйі көтеріңкі көрінеді!
Белгісіз
+17 дауыс

Тәңірдің тартуы, Тәуелсіз тілім!

Талай — талай тартысқа түскен тұста, төзімділік танытқан, тәуелсіз, тұғырлы, туы төрде тұрған тілімізді, тарихымызды танитындарда, танымайтындарда таңқалдыруда. Тіл туралы тақырыпты түртіп, тақырыпты тілге тиек тегенім теледидарды тамашалап тұрғандағы, телефонмен тілдесудегі, таусылмайтын тынымсыз тіршіліктегі, тағысы- тағы талай тұстарда тоғысатын тілдік тоғыстырулар, туған тіліміздің тағдыры. Толықтай түссем, тіліміздің туғандары тілге түрлі — түрлі тілдерді тоғыстырады, танымайтындары тануға талпыныс танытпайды. Топқа топырақты төкпей түсінгенім, туған тілінде тілдесуге тартынғандары! Тартынатындар, тап- тамаша тілімізді тани тұрып, таза тілмен түсіндірмей, төрдегі тілімізді табалдырыққа тартатындар ту таңда толып тұр. Туған тілінде тілдеспек түгілі, тілдесу түнгі түсіндеде тұрмайтындар таңырқауға тұрарлық. Турасы, тіліміздің тағдырына тосын тосқауыл. Татарлардың танымал тарихшысы, «Тілдің тыныш тұрғаны тарихқа тас тастағаны, тілдің тыным таппағаны тілді тауға тартқаны», — турасындағы тақырыпты талқылағаны тарихтарында таратылған. Тура татардың тарихшысы талқылаған тақырып тәрізді, тіл талқылауға, таласуға тұрарлық тақырып. 

+17 дауыс

 Тарих тұстарын тереңінен тармақтай түскенімде, тілдің тамырының тереңге таралуына талпынған тарихшы тұлғалардың, талайды тамсандыратын туындыларымен, толғауларымен, тұжырымдамаларымен таныстым. Тілдің тік тұруына тер төккен талай-талай тарих тағылымдары тектен — текке, тегіннен — тегін туламаған. Түбінде, таптырмас тұста тілге тоқталатынымызды түсінген. Тұлғалардың Түрлі тілдерді танып, тілдесуі тамаша тірлік. Түрлі тілде тілдесе тұрып, туымыздың төрі, тегіміздің тірегі, тәңір тартқан тілімізге тер төге тілдесу түкке тұрмайды. Түрлі тілде тілдесетіндердің туған тілде тілдеспей тартынуы түсініксіз. Түсінгенім, түрлі тілде тарсылдатып, тоқтаусыз тілдессең табысты тұлғалармен табысың таразы тұсында тең тұрады. Түсінуге тырыссақ, түрлі тілде тілдесу тыныс — тіршілік тауқыметі. Туған тілінде тілдеспей, түрлі тілде тақылдаған тұлғалардың тағдыры, тіл тыңдармандарының, тілмәштардың, тер төгушілердің тірлігін терісінен тудыруда. Тілдің тізгіні түзу. Түзудіңде түзетулері табылып тұр. Тілге төгілген тоқтаусыз теңгелердің тізімін түзетіп, таразыласақ. Таразы тұсын талапқа тапсырсақ. Темір тұлпарлы тұлғалар, темір тұлпарға тағылатын талаптан тартынатындай, тұлғаларға түрлі тілде тілдессін, тілдеспесін туған тілінде тілдеспейтіндерге түрлі талап тағайындалып, тараулармен тыйымдасақ. Тыйым — түрлі тұстарда тұлғаны толғандырмай тұрмаған. Талап — тұлғаны талаптандыра, талпына түсуге тырыстырған. Туған тілін тыңдамай, тілдеспегендердің толық табысын тоқтатпаса да, тапқан-таянған табысының тиын — тебенін төмендетсе, тіліміз туралы түсінігі таяз тұлғалар тиесілі төлем төлеп тұрса, тілге түскен табыс түсімін, тастанды тұлғалардың тегін тамақтануына тарқатса, төңіректе тұратын тұрғындардан тіл төрағалары тағайындалса, туған тілімізде тамашаланатын телеарна табылса, табылған телеарна түпкір — түпкірдегі тұрғындарымызғада тартылса, тілшілердің тақырыптары түгелімен туған тілімізде тарап, тергеушілеріміз тек туған тілінде тергесе, тілден тасалап, тайтарылатындар түбегейлі тергеуге тіркелсе талай тірліктер тыңғылықты тындырылып, тіліміз төңіректегі тілдердің төбесіне тым тақалмасада, таяулайтыны тура. Тегіміз, түбіміз — түрік. Танитын түріктермен тілдескенде тамсанатыным, түпәй — түпәй тілім тасқа тілімізді таза, толық тіркестермен, туған тіліндей тоқтаусыз, тамаша тәсілдермен түсініп, түсіндіретін таланттары. Тілімді тым төмендетпеймін, тәңірге тәубә тілімізге тер төгушілердің тізімін тасаға тастамайық. Тіліміздің тарихы тақадай толып тұрсада, түрімізді төмен түсіретініміз, тілімізге титтей талпындыратын, турашыл, тіреуші тұлғаларға  тапшылығымыз.

+19 дауыс

Тамыздың тоғызы тура тарихын таппай турмын, таңғы тоғызға таяған тұста, Талдықорғандағы тәртіп түзету түрмесінде түрлі тараптағы тәртібін түзеушілермен тұтқындарға тілімізді таныстыру тұрғысында, «түрмедегі тәртібін түзеушілермен тұтқындар тек туған тілде тілдесейік» тақырыбында талқыға түскен. Тақырыпты түйіндеген тәртіп түзету түрмесінің тергеуші төрағасы Таңсық, «тілге таяқ тастамай, таяқты түсініктері таяздарға тастайық» түйінімен тәмәмдады. Тілімізді тастамай табалдырықта тұрса төрге, төрде тұрса таққа тағуға, топтаса тартып тырысайық. Таңдана тыңдаған тындарманды толқытып тұратын тілімізді толтырып, толықтырғанымыз, тарихымызды терең түсіне түскенімізге тең. «Тілмен тарих тамырлас, тілмен тарих тағдырлас. Тіршілік тыныш тұрғанда, тәкәппарлық танытпай, тоқтамастан тайталас» тура тақпақтай тауып түйген түйіндім. Тәуелсіз тіліміздің туыс — туғандары тіліміздің тапталмауын тілейік. Туған тіліміз — тұғырымыз! Тәуекел түбіне түсіп, таласпай табысайық, тартынбай танысайық! Той-томалақтарда тәп-тәтті тілімізде тарсылдап, тоқтамастан тілектер төксек, тыңдамайтын тыңдарман табылмайды. Тыңдамайтындарды топтасып тыңдатуға, тілді танымайтындарды таныстыруға, тату тұрмайтындарды табыстыруға тиіспіз. Тәңірім, тіл туралы тақырыпта тағы тілдестіргей!
 Тамыздың тоғызы тура тарихын таппай турмын, таңғы тоғызға таяған тұста, Талдықорғандағы тәртіп түзету түрмесінде түрлі тараптағы тәртібін түзеушілермен тұтқындарға тілімізді таныстыру тұрғысында, «түрмедегі тәртібін түзеушілермен тұтқындар тек туған тілде тілдесейік» тақырыбында талқыға түскен. Тақырыпты түйіндеген тәртіп түзету түрмесінің тергеуші төрағасы Таңсық, «тілге таяқ тастамай, таяқты түсініктері таяздарға тастайық» түйінімен тәмәмдады. Тілімізді тастамай табалдырықта тұрса төрге, төрде тұрса таққа тағуға, топтаса тартып тырысайық. Таңдана тыңдаған тындарманды толқытып тұратын тілімізді толтырып, толықтырғанымыз, тарихымызды терең түсіне түскенімізге тең. «Тілмен тарих тамырлас, тілмен тарих тағдырлас. Тіршілік тыныш тұрғанда, тәкәппарлық танытпай, тоқтамастан тайталас» тура тақпақтай тауып түйген түйіндім. Тәуелсіз тіліміздің туыс — туғандары тіліміздің тапталмауын тілейік. Туған тіліміз — тұғырымыз! Тәуекел түбіне түсіп, таласпай табысайық, тартынбай танысайық! Той-томалақтарда тәп-тәтті тілімізде тарсылдап, тоқтамастан тілектер төксек, тыңдамайтын тыңдарман табылмайды. Тыңдамайтындарды топтасып тыңдатуға, тілді танымайтындарды таныстыруға, тату тұрмайтындарды табыстыруға тиіспіз. Тәңірім, тіл туралы тақырыпта тағы тілдестіргей!

+10 дауыс

Абайсызда аяғын ауыртып алған Арманды апасы ауруханаға апарды

+11 дауыс
Жамбыл "жайықтың" жағасында жүріп,жеті жүз жетпіс жеті жұмытқаны жеті жылда -жатып жеді!
жұмытқаны  емес  қой жұмыртқаны болады ғой
+2 дауыс
!!!!!!!!!!!!СЫРДАРИЯНЫҢ САНДУҒАШТАР САИРАҒАН САСЫҚ СУЫНДАҒЫ САРЫ САЗАНДЫ САРЫ СЕТКІГЕ САЛҒАНДА САРЫ САЗАН САҒЫЗДАИ СОЗЫЛДЫ СОЛ САРЫ САЗАНДЫ СЕКСЕН СОМҒА САТҚАН САҒЫМБАИ СЕН СОПЛЯК  !!!!!!!!!!!!!!!!БАЛАЛАР БАЛҒАБАИДЫҢ БАКШАСЫНА БАРМАҢДАР БАЛҒАБАИДЫҢ БАҚШАСЫНА БАРСАҢДАР БАЛҒАБАИДЫҢ БРАТАНЫ БАЛТАБАИ БАСТАРЫҢДЫ БЕСКЕ БӨЛІП БЕРЕДІ
+4 дауыс
Балалар бақшаға бармаңдар бақшаға барсаңдар байдың бес баласы бастарыңды беске бөліп береді
0 дауыс

Таудың табиғаты тамаша.Талғат,Таңат,Тұрарбек,Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап таңқурай терді.Талғат тау табиғатытындағы тасқа таңба тастап кетті.

0 дауыс
С әріпінен сипаттама сиякты создер бар ма?
0 дауыс
талғат тәтесінен тығылып теректін түбінде темекі тартты
0 дауыс
Талғат таудың тамаша табиғатын тамсанып тұр.
0 дауыс
"Мамам мені магазинға май мен макаронды мацеклшіден мінгізіб медеаторларға міне макарон мен май" деп айт деді
0 дауыс
Сұрақ-жауап сайтының сенімді, сұлу, сүйкімді серігі Сарыағаштық Сексенбай сері сайтты сәндеп-дамытуға сәл септігін *тигізу *үшін сексен серке, сегіз сиыр сыйлапты.. #ӨтірікӘңгімеҚиял #Meddi
...