+1 дауыс
5.2k көрілді
Қостанай облысындағы бұрынғы Торғай қаласы жайында не білесіз?

2 жауап

+1 дауыс
Жатқа білмесем де мына жайлы білемін [----->][1]

Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ Торғай өңірін сөз етпеу, қысқаша тарихына тоқталмау мүмкін емес. Есіл мен Торғай өңірінің төсіне шыққан маржанындай болып аз ғана жылдар көлемінде дүр ете қалған, кейіннен талай тоқырауды басынан өткізген Арқалық тарихы мен тағдырына бүгін күні біз қарай алмаймыз.
Тарихқа жүгінсек Торғай есімі тым әріге сілтейді. Халық қамқорышысы, би, философ дана Асаққойғы Торғай өзеніне қарап «Ақсуың бал татитын, ақ шабағын май татитын екен» - деп тамсанған дейді. Бұған қосымша тағы бір дерекке назар салсақ, Торғай даласының сан ғасырлардан белгілі екендігіне көзіміз жете түседі, «Торғай даласы ескі болғанымен Ресей жеріне қатынастың ең маңызды керден жолы болды» деп жазды, Гладышев пен Муравев деген зерттеушілер бұл жолмен 1283 жылы Италия саяхатшысы Рубик Еділден бастап, Жайықтың жоғары жағынан созақ, құмкент арқылы Іле қаласына дейін жүріп өткен. Орта Азиямен байланыстыратын маңызды керуен жолы болды. Ол жолмен тауар тиеген керуендер жүретін еді, сондай-ақ бұл жолмен талай Ресей және Батыс емшілері жүріп өтті» - деп сол заманның өзінде-ақ Торғай даласы деген сөз тарихқа енгендігін көрсетеді.
Мына дерек те назар аударуға тұрарлық; 1694 жылы тобылдық Тәке ханға Ресей елшісі Прашин мен Скибин Торғай даласындағы керуен жолымен жіберілген» деген архив деректерібар. Тұтас бір ұланғайыр өлкеге есімін беріп тұрған Торғай өзені – тіршілік көзі, оның ұзынды,ы 825 шақырымға созылып жатыр.  
Ресей патшаларының қай қайсысы болмасын қазақ даласын отарлауды басшы мақсат еткені тарихтан белгілі Ресей пастшасының 1732 жылы берген уәдесі далада қалып, қазақ жері бөлшектенуге түсті, орыс отарлаушылары Жайық бойымен ішке қарай 744 шақырым, жоғарғы Жайыққа дейін 561,5 шақырым, жоғары Жайықтан үйге дейін 753 шақырым, Үйден Омбыға дейін 641 шақырым, Омбыдан Өскемен –Ертіске дейін 950, барлығы 3590 шақырымдық орыс пайдасы үшін желі тартылды. Оңтүстік жағын Сырдария – Жетісу жерлері мен түйсіктіріп, қазақ даласын түгел әскери күшпен қоршауға алды». Әскери отарлаушылар қазақ жерін шарлап, үлкен 3 бөлікке бөліп тастады. Олар Шығыс, Орта және Батыс бөлік болып аталады. Торғай даласы осы үш бөліктің шығысына қарады, 1845 жылы Торғай өзенінің оң жағасына бекіністің іргесі қаланып, оған Орынбор қазақтарының бірнеше отбасы көшіріліп әкелінді. Оларды жерсіндіріп тұрақтандыру үшін әскери міндеттен, салықтан босатты. Оларды жергілікті халық шабылуынан қорғау үшін 2 рота солдат ұстады. 1868 жылы патша әкімшілігінің шешімімен қазіргі Арқалық қаласынан 289 шақырым қашықтықтағы Торғай бекінісі қола болып аталады. Ресей отарлаушылары көздеген мақсатына жету үшін қазақ даласына басқару жүйесін күн сайын жақындатуды көздеген. Сөйтіп, 1868 жылы 21 қазанда орынбор даласындағы және Сібір ведомствасына қарайтын қазақтарды қиындықтан құтқару үшін деген желеумен жаңа Ереже шығарды. Бұл Ереже бойынша Торғай, Орал, Ақмола облыстары құрылды. Бұрынғы Орынбор облыстық басқармасы таратылып, орнына Торғай облыстық басқармасы құрылды. Торғай облысы солтүстігінде Орынбор губерниясымен, батысында Орал, оңтүстігінде Сырдария, шығсында Ақмола облыстары мен шектесті. Торғай облысы Торғай, Ырғыз, Елек, Николаев деген төрт уезге бөлінді. Жаңа ереже қазақтардың қалыптасқан басқару жүйесін быт-шыт қылды. Аға сұлтандық билік жаратылды. Сұлтандар, ел билеуші ру басшылары мен билердің, дін иелерінің ісіне шек қойылды. Сот құрылымы өзгеріп олардың бәрінің орнына ауылдық, болыстық, уездік жүйе құрылды.
Қазақ күн көрісінің негізгі – малдық өрісі, шабындағы халық жер-жерде көтерілістер жасап жаты. Олар: Торғай облыстарының Арыстанов Ханғали (сурет) Сұлтан патша үкіметінің жаңа ережесіне қарсы көтеріліс жасады. Ашал не қамтыған және қаруланған орыс әскеріне көмек бере алмады, «Жаңа Ереже бойынша Торғай уезінің географиялық жағдай, бұрынғыға қарағанда билік жүргізуге оңай, «ықшам» - деп жазды уезд бастығы А.П.Яковиев, 1888 жылғы есебінде «Торғай облысына орыс қарашекпенділері ХІХ ғасырдың аяғына жақын еркін ене бастады. 1882 жылғы мәлімет бойынша Торғай 501 келімсек болса, 1901 жылы оның саны бірнеше есеге өскен. Келімсектер саны өскен. Келімсектер саны өскен сайы қазақ халқының да мінзе-құлқы, дәстүр –салты өзгере бастағанын көреміз. Амал не, ел, өзгерістер оң өзгеріс емес еді.
Қазақ даласында, онымен қатар Торғай өңірінде де отаршыларға қарсы жекелеп күресу, қарсылық көрсету нәтижесіз екенін қазақ зиялылары жақсы білді. Сондықтан да күш біріктіріп, жаппай жұмыла қарсы күрес мәселесін көрерді. Бұл мәселе жөнінде өзінің әділ сөзін Ә.Бөкейханов «Қазақ» газетіне 1913 жылғы 23 қарашадағы №39 сонында жазды.
Торғай өңірі халқының өмірі жыл сайын құлдырап бара жатқандығы жөнінде «Тургайская газета», «Қазақ» басылымдары қатты алаңдаушылық білдірді. Торғай түнегі кешеңгер Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтар жылма жыл кедейленіп, халық күш-қуатынан айырылуда, егіншілікті дамытуға қаражаттары жоқ. Сондай-ақ, құнарлы жерлерді переселендер иеленіп келіп жатыр» деп патша саяхатын әшкерленген еді. Сол кездегі қазақ ахуалына ара түскен қазақ зиялылары бірен-саран болса да болды. 1941 жылғы 23 қаңтарда «Қазақ» газетінің №97 санында Досымжал Қылышбай.
«Өткен жылдарда Есіл өзені бойындағы ата-бабаларымыздан бері мекен етіп атқарған қыстаулық, жаздық, егіндік жерлерімізді мұжықтарға тартып алып берді.
Өзімізді тақыр далаға айдап шықаннан кейін ол жерде молымызға жайлым болмай, арық болып қыстан қырыла бастады» - деп жазды.Мақалада орыстардың қарсылық көрсеткен қазақтарды заңсыз өлтіргенде жазады.
Бұл 1941 жылғы жағдай болғанмен орыс отаршыларының қазақ жеріне тұяғы тигеннен бергі әрекеті екені даусыз.
Халқының тағдыры таразыға түскен осындай ауыр күндерде Торғайдың тонжарған түлегі Мыржақып Дулатов, «Қалғанша жарты жөңқом мен сенікі, пайдаланып шардақа жараса, Алаш» деп жария салды. «Оян, қазақ» кітабында.
 [сілтеме][1]


  [1]: http://sabakka.ucoz.kz/load/kursty_zh_mystar/tor_aj_irini_ys_asha_tarikhy/33-1-0-386
Менде Торғай жеріненмін Тауіш ауылынан қазір Арқалы қаласында турамын және осында АргПИ 3-курс студентімін, келесі жылы 4 курс сондықтан диплом жазу керек "Торғай табиғаты" тақырыбында дипломдық жұмыс жазам ба деген ойым бар бірақ материалым аз болып отыр сондықтан. пікір калдырам деушілер Торғай табиғаты жайында соның ішінде Торғай өзені туралы материалдар болса [email protected] ға хабарласса деймін.
Торғай өзіне негізінде бұрынғы мұзбасу дәуірі аяқталған кезде пайда болған. казіргі танда узындығы — 825 км. су жинау алабы — 157 мың км2.
0 дауыс
Торғай Уезі – 1868 – 1917 ж. Торғай облысы құрамында болған төрт уездің бірі. Орталық Торғай қаласы болды. Уез 13 болыстық пен 65 ауылдан құралды. Торғай уезі облыстың оңтүстігінде орналасып, Ұлытаумен шектесті. 1897 жылғы санақ бойынша уезде 87039 адам болды. Олар негізінен мал ш-мен айналысты. Торғай өз. бойында есімі аңызға айналғанҚыпшақ Сейітқұл егіншілікпен айналысқан. Ы.Алтынсарин 1868 – 1974 ж. Торғай уезі судьясы, 1876 – 1979 ж. Торғай бастығының көмекшісі болды. 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың бас кезінде Торғай уезі қазақтары патша өкіметінің қоныс аудару саясатына наразылық танытуын күшейте түсті. Торғай уез аймағында 1916 ж. Торғай көтерілісі болды.
...