0 дауыс
5.1k көрілді
маған шығарма керек " Атырау- суйікті қалам" срочноо

3 жауап

0 дауыс
Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапарымен барғаны көпшілікке белгілі. Атыраулықтар Елбасының сол сапарын, кездесуден алған әсерлерін жыр қылып осы күнге дейін айтады. Өйтпегенде ше?! Атырау халқы бүгінгі жеткен жетістігімізді, тәуелсіздігімізді Елбасының салиқалы саясатымен тығыз байланыстырады. Расында, Атырауда Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен қолға алынған халықаралық жобалардың шоғыры жетерлік. Мәселен, Елбасының бастамасымен отандық мұнай-газ өнеркәсібінің өркен жаюына, облыс экономикасының қарыштап дамуына жол салған жобалар қазір қарқынды жұмыс істеуде.

Мұнайлы өңірге сапар барысында Елбасы «Тәуелсіздік басты мұратымыз еді. Біз өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басқан жаңарған, жаңа Қазақстанды құрдық. Еліміздің бірлігі мықты болса, әлі талай асуды бағындырамыз» деген еді. Тәуелсіздігіміздің арқасында Атырау облысы да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетіп отыр. Жетістік демекші, тәуелсіздіктен бұрынғы Атырау қандай еді, қазір қандай? Гури көпестен қалған барактар, сүреңсіз үйлер, балшыққа былғанған көшелер, мұнайы бар да, шырайы жоқ қала еді. Әрине, бұл қаланың ғана сиқы еді. Даласын айтуға сөз жетпейді. Жерасты бай­лығының қызығын көрмей, жаздың аптап ыстығы мен қыстың қаһарлы суығында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген еңбек адамдарының бағы тәуелсіздік таңымен бірге ашылды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін өңірдің кешегісі мен бүгініне талдау жасап көрелік.
1991 жылы Атырау облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар небәрі 30 млрд. теңгенің өнімін шығарған екен. Ал қазір, яғни 2011 жылы облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындар 3 триллионнан астам теңгенің өнімін шығарып отыр.
Елбасы Атырауға келген бір сапарында «қасиетті Атырау өңірінің дамуы, өркендеуі өзімнің жеке ба­қылауымда тұр» дегені көпшіліктің есіне берік сақталды. Иә, экономиканың локомотиві мұнай өнеркәсібінің дамуы, сөз жоқ, Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты. Оның айғағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тікелей өзінің бастамасымен мұхиттың арғы жағына барып, «Шеврон» компаниясымен қазақ елінің «қара алтынын» игеру жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл ғасыр жобасы жөнінде біз газетімізде кеңінен жазған болатынбыз. Міне, бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС – еліміздің экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып, мамандар дайындап, Атыраудың әлеуметтік жағдайын көтеруге белсене атсалысып жүрген елімізге келген инвесторлардың алғашқы қарлығашы.
Осы инвесторлардың көмегімен бүгінде еліміз Каспий теңізі қайраңынан мұнай өндіруді қолға алмақшы. «Болашақ» атты алып зауыттың құрылысы елдің назарында тұр. Теңіз астындағы «қара алтынды» ел игілігіне жарату үшін салынып жатырған зауыттың іргетасын қалап, «Болашақ» деп атын қойған да Елбасы болатын. Осы тәуелсіздіктің арқасында қазір бүкіл әлем Атырауға көз тігіп отыр. Егер Қашағанның мұнайы игерілетін жағдайда Қазақстан дүниежүзіндегі мұнай өндіруші мемлекеттердің алдыңғы легіне ілігеді. Сол себепті, бүгінде Атырауда мұнай-газ саласының бүгінгі заманғы технологияларын меңгеретін мамандар даярлау жедел қолға алынуда.
Экономиканың басым бағытының бірі – елге инвестиция тарту екені белгілі. Бұл бағытта Атырау облысы көш басында келеді. Мәселен, 1991 жылы инвестиция көлемі 2,4 миллиард теңге болса, бүгінде бұл көрсеткіш 1 трлн. теңгеден асты. Сөйтіп, облыста инвестиция көлемі жиырма жылда 460 есеге өсіпті.
Бүгінде Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялдық- инновациялық даму бағдарламасы облыста жедел қарқынмен жүзеге асып, бұрын-соңды болмаған жаңа кәсіпорындар ашылуда.
Реті келгенде Мемлекет басшысының өзі тұсауын кескен Атырау жылу электр орталығын кеңейтудің 4-ші кезегі туралы айтып өтуге тиіспіз. Электр және жылу энергиясын өндірумен айналысатын орталық жобасының құны – 16,5 млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 75 МВт. 1991-93 жылдары орталық қазандық агрегаттарын табиғи газды жағуға ауыстырғалы бері ауаға тарайтын лас заттар мен қалдықтар көлемі үш есеге азайды. Жобаның басты жаңалығы – Атырау өңірі бұрын электр энергиясынан тапшылық көріп келген болса, орталықтың төртінші кезегінің қолға алынуы аймақты энергиямен толық қамтамасыз етуге жол ашты. Осылайша, төртінші кезеңді жүзеге асыру арқылы Атырауды электр энергиясымен толықтай қамтамасыз ету мүмкін болып отыр. Бұл – ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы үшін де үлкен сый.
Бір рет пайдаланатын шприц шығаратын зауыт «Брандо» ЖШС деп аталады. Кеңес кезеңінен Павлодар қаласында жұмыс істеп келе жатқан осындай зауыттың бір реттік шприцке деген елдегі сұранысты қанағаттандыра алмай отырғандығын ескерсек, қазыналы өлкеде бұрын болмаған жаңа жобаның қуаты жылына 250 млн. дана шприц шығаруға жетеді.
Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған келесі нысан – тұрғын үй құрылысына қолданылатын жеңілдетілген 3D панелін шығаратын зауыт. «Контракшн КZ» компаниясы салған бұл зауыт жылына 1,2 млн. шаршы метр көлеміндегі панель шығарады. Газ трубина құрылғыларын жөндейтін зауыт та қатарға қосылды. «КазТурбоРемонт» ЖШС – салған құны 6 млрд. теңгеге бағаланған өндіріс орны ғана емес, Қазақстандағы жалғыз өндіріс орны. Ол Орталық Азияда қолданылатын газ трубина құрылғыларының барлық жаңа түрлеріне қызмет көрсете алады. Аталмыш зауытта бүгінде 157 маман жұмыс істейді. Зауыттың қуаты жылына 18 – күрделі, 12 ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге жетеді. 130 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға жол ашқан.
Ал Индербордағы құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыттың қуаты жылына 120 мың тонна қоспа шығаруға жетеді. Құны 4,2 млрд. теңгеге бағаланған бұл өндіріс орны Индербор ауылының ғана емес, Атырау облысындағы барлық құрылыс алаңдарының қажеттілігін өтеуге күш салуда.
Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылып, Мемлекет басшысының өзі өткен жылғы Атырауға сапарында арнайы аралап көрген жылыжай мен көкөніс қоймасы бүгінде табысты жұмыс істеп келеді. Облыс орталығынан 4 шақырым жерде салынған жаңа жылыжайдың жалпы жер аумағы 0,47 гектарды құрайды. Көкөніс қоймасы 5100 тонна көкөністі сақтауға есептелген. Құрылыстың тапсырушысы – «Жайық Агро» КМК. Құны 766 млн. теңгені құрайтын нысанның өз қазандығы, су сақтайтын резервуары, кәріздік насос стансасы бар. Көкөніс сақтау қоймасының қызметін кез келген кәсіпорын пайдалана алады.
Аталмыш бағдарлама аясында өткен жылы іске қосылған жетінші жоба – металл жаймалар шығаратын металлургиялық комбинат. «Металлопродукт» ЖШС-на қарасты комбинаттың құны – 1,5 млрд. теңге. Бүгінде жүзге жуық жұмысшы еңбек ететін комбинаттың қуаты жылына отыз мың тонна жайма шығаруға жетеді.
Үстіміздегі жылдың өзінде шикізатқа негізделген экономикадан шығуға бағытталған төрт бірдей ірі жобаның іске қосылуы осы сөзімізді дәлелдей алады. Мәселен, «ШевронМұнайГазИнк» компания­сының металопластикалық құбырлар шығаратын зауыты.
«Новус Силинг Каспиан» ЖШС-на қарасты жоба мұнай кәсіпшілігі жабдықтары үшін әртүрлі тығыздағыш төсемдер шығарады. Мұнайды игеру саласындағы отандық технологияның үлесін арттыруға септігін тигізген жоба қуаты жылына 200 мың төсем шығаруға шақталған. Құны 200 млн. теңгеге бағаланған жоба аясында 58 жұмыс орны ашылды.
«Сорғы жабдықтарын жөндеу және жаңарту сервис орталығы» да – инновациялық жаңа жоба. «Флоусерв Казахстан» ЖШС-ның бұл сервис орталығы сорғы жабдықтарды жөндеу және жедел қызмет көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Үстіміздегі жылдың маусым айында іске қосылған орталық шеңберінде 75 жұмыс орны ашылды. Құны 2,5 млрд. теңгеге бағаланған жоба қуаты жылына 20 сорғыны жөндеуге, жаңартуға жетеді.
Құлсары қаласында мұнайға арналған резервуарлар шығаратын өндірістің іске қосылуы да – Атырау, одан қалды ел экономикасы үшін айтарлықтай үлкен жаңалық.
Жуырда іске қосылуы тиіс «Рауан Налко» ЖШС қолға алған мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер шығаратын зауыт арқылы ингибиторлар, еріткіштер шығару мүмкін болғалы отыр.
«Тұз» ЖШС-на қарасты натрий гипохлоридін өндіру зауытын жаңа жылға дейін іске қосу жоспарланып отыр. Оның қуаты «жылына 30 мың тонна гипохлорид өндіруге жетеді» деп күтілуде.
Міне, мұның бәрі – тәуелсіздіктің жемісі, халықтың игілігіне жарайтын жаңа жұмыс

[Міне!][1]

  [1]: https://www.google.kz/search?sourceid=navclient&aq=&oq=%D0%90%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83%20%D1%88%D1%8B&hl=ru&ie=UTF-8&rlz=1T4AURU_ruKZ504KZ506&q=%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83%20%D1%88%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0&gs_l=hp..0.0i19j0i30i19l4.0.0.0.7182...........0.LKCE3jaXa44#hl=ru&rlz=1T4AURU_ruKZ504KZ506&sclient=psy-ab&q=%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83%20%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D1%88%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0&oq=%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D1%88%D1%8B%D2%93&gs_l=serp.1.1.0j0i8i30.17140.28575.0.31536.21.21.0.0.0.2.2456.5898.6-2j0j1j1.4.0...0.0...1c.1.Xtw1QrOPkwI&pbx=1&bav=on.2,or.r_gc.r_pw.r_cp.r_qf.&fp=b621b7fef15d67ff&bpcl=35466521&biw=1366&bih=556
...