+1 дауыс
5.5k көрілді
кешірерсіздер бірақ маған ҰБТ-ға дайындыққа емес олимпиадаға дайындыққа керек еді мен 8 сынып оқимын сондықтан 6,7,8 сыныптардың биологиядан сұрақтары керек еді сілтемесі болсада алдын ала коп коп рахмет!

1 жауап

+2 дауыс
1. Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі:
A) Гүлсерігінде.
B) Сабағында.
C) Тостағаншада.
D) Жапырағында.
E) Тамырында, тұқымда.
 2. Күн жылынғанда егілетін тұқым:
A) Бидай.
B) Арпа.
C) Сәбіз.
D) Сұлы.
E) Қауын.
 3. Көз қарашығының орталығы – жұлынның ... орналасқан
A) Мойын бөлігінде
B) Сегізкөз бөлігінде
C) Құйымшақ бөлігінде
D) Арқа бөлігінде
E) Бел бөлігінде
 4. Ішқұрттардан пайда болатын аурулардыњ алдын алу –
A) Темекі шекпеу.
B) үйдегі бунақденелілерді жою.
C) үй құстарын ұстамау.
D) Есірткі заттарды қолданбау.
E) Барлық гигиеналық шараларды сақтау.
 5. Органикалық заттармен қоректенетін бактериялар аталады:
A) Динитрлеуші.
B) Нитрлеуші.
C) Сапрофитті.
D) Паразитті.
E) Хемосинтездеуші.
 6. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы:
A) Жанама тамыр
B) Тамыр оймақшасы
C) Қосалқы тамыр
D) Негізгі тамыр
E) Тамыр түкшесі
 7. Жуашығымен(пиязшығымен) көбейетін өсімдік
A) Көктерек
B) Қызғалдақ
C) Картоп
D) Шегіргүл
E) Мойыл
 8. Гидраның қорегі:
A) Су планктоны.
B) Ұсақ шаянтәрізділер, балық шабағы, бунақдене дернәсілі.
C) Тек бактериялар.
D) Тек балдырлар.
E) Тек балық шабақтары.
 9. Өзен шаянның қорғаныш және қорегін аулайтын мүшесі:
A) құрсақ аяқтары
B) қысқа мұртша
C) ұзын мұрт
D) көздері
E) қысқыштары
10. Желбезек:
A) зәр шығару мүшесі
B) қан айналым мүшесі
C) жүйке жүйесі
D) ас қорыту мүшесі
E) тыныс алу мүшесі
11. Адамның омыртқа саны:
A) 34-36
B) 40-42
C) 33-34
D) 28-32
E) 29-31
12. Жүректің бұлшықетті қабаты:
A) Құлақша.
B) Эндокард.
C) Эпикард.
D) Миокард.
E) Қарынша.
13. Тұмауды қоздырушылар-
A) Вирустар.
B) Шаң-тозаңдар.
C) Саңырауқұлақтар.
D) Құрттар.
E) Бактериялар.
14. Эмоция:
A) Ән айту
B) Коньки тебу
C) Ұйықтау
D) Қуану
E) Кітап оқу
15. Күрделігүлділер тұқымдасына жататындар:
A) томат(қызанақ)
B) картоп
C) түймедағы
D) соя
E) алма
16. Қына денесін құрайтын жасушалар тобы:
A) саңырауқұлақ және балдыр жасушалары.
B) денесінің сыртқы қабат жасушалары.
C) денесінің үзінділері.
D) зеңсаңырауқұлақ жасушалары.
E) тек балдыр жасушалары.
17. Шұбалшаңдардың қозғалуы:
A) Сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.
B) Көлденең жолақты бұлшықеттердің жиырылуынан.
C) Кутикуланың жиырылуынан.
D) Ұзын бұлшықеттердің жиырылуынан.
E) Біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.
18. Жабын ұлпасының түрлері
A) тығыз сүйек шеміршек
B) шеміршек тығыз борпылдақ
C) борпылдақ, тығыз, безді, кірпікшелі
D) эпителий талшық тәрізді кірпікшелі
E) май шеміршек талшық тығыз
19. Ағзадағы заттардың ыдырауы
A) сіңіру
B) диссимиляция
C) алмасу
D) ассимиляция
E) қосылу
20. Бүйректі тексеріп емдейтін дәрігер
A) уролог
B) терапевт
C) дерматолог
D) невропатолог
E) хирург
21. Бөбек кезеңі
A) 3-5 жас
B) 1 жастан кейін
C) 1 жасқа дейін
D) 10 жасқа дейін
E) 10 жастан кейін
22. Хромосомалардың бар жері:
A) Клетка орталығы.
B) Рибосома.
C) Лизосома.
D) Ядро.
E) Цитоплазма.
23. Адамдағы бір,екі,үш жұмыртқа жасуша бірден ұрықтану белгілерін анықтайтын генетикалық әдіс:
A) егіздік
B) биохимиялық
C) генеалогиялық
D) цитогенетикалық
E) гибридологиялық
24. Продуценттер дегеніміз:
A) өсімдіктер
B) жануарлар
C) адам
D) саңырауқұлақтар
E) вирустар
25. Аршаның бүрінен:
A) Тамақтық зат алынады
B) Май алады
C) Бояу алады
D) Дәрі жасалады
E) Жіп иіреді
26. Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:
A) құртамыш
B) қантышқақ амебасы
C) безгек паразиті
D) трипоносома
E) лямблия
27. Былқылдақденелілердің сыртқы қаңқасы:
A) Сирекқылтанды жабын.
B) Бақалшақ.
C) Шапанша.
D) Жабын.
E) Көпқылтанды жабын.
28. Жарық қабылдайтын жасушалардың орналасуы:
A) Көз бұршағында.
B) Қасаң қабықшада.
C) Тор қабықша ішіндегі таяқшалар.
D) Тамырлы қабықшада.
E) Шыны тәрізді денеде.
29. Постэмбриондық даму кезеңдері:
A) бластула сатысындағы ұрық
B) туған сәттен басталады
C) туғанға дейінгі 8 айлық ұрық
D) туғанға дейінгі 6 айлық ұрық
E) туғанға дейінгі 1 айлық ұрық
30. Тірі табиғат өлшемі «түр» - деген ағылшын ботанигі
A) Плотон
B) Э.Дарвин
C) Ф.Энгельс
D) Джон Рей
E) Ч.Дарвин
...