+2 дауыс
517 көрілді
Тұрғын үй құрылыс жинақ шартының бағалау көрсеткіші деген не?

1 жауап

0 дауыс
Бағалау көрсеткіші – бұл аталған шарт бойынша салымдардың ұзақтығы мен шамасын бағалауға негізделген, шарттық сомаларды төлеу кезектілігін қалыптастыру үшін әрбір шарт бойынша Банк белгілейтін есептік шама.
        Тұрғын үй заемын алу үшін бағалау көрсеткішінің ең төменгі мәніне жету қажет.
        Банк ең төменгі бағалау көрсеткішін Банктің қолданыстағы тарифтік бағдарламаларына тәуелді түрде белгілейді.
        Бағалау көрсеткіші әр түрлі шарттар бойынша бағалау көрсеткіштерін қарапайым түрде салыстыру арқылы шарттық сомаларды төлеу кезектілігін анықтау үшін қолданылады.
        Бағалау көрсеткішінің ең жоғары мәніне жеткен тұрғын үй құрылыс жинақ салымшысына тұрғын үй заемын алу үшін артықшылықты құқық беріледі.
        Әр түрлі шарттар бойынша бағалау көрсеткіштерінің мәні тең болған жағдайда, ол бойынша нақты бағалау көрсеткішінің мәні қатаң түрде шарт талаптарына сәйкес есептелген көрсеткіштен асып түскен шартқа басымдық беріледі, басқаша айтқанда, кестеге және кезекті төлемдер сомасына қатысты талаптар бұзылмаған шарттар артықшылықты болып табылады.
Бағалау көрсеткішінің есебін жүргізу үшін мынадай формула қолданылады:
                    n
                    Е (Bi + Пi + Гi) * % * Ti
                    i="1"
 БК =--------------------------------, мұнда
                    ШС/1000
 БК – бағалау көрсеткіші;
 Bi - i-ші төлем (салым) мөлшері;
 Пi – есептелген сыйақы сомасы;
 Гi – есептелген мемлекет сыйлықақысының сомасы;
 % - салым бойынша банктің сыйақы мөлшерлемесі;
 Ti – төлем (салым) енгізген сәттен бастап бағалау көрсеткішін есептеген сәтке дейінгі кезең;
 i, n - төлемдердің (салымдардың) реттік нөмірлері;
 ШС – шарттық сома.
 Бағалау көрсеткішін есептеу үшін айдағы 30 (отыз) күн, тоқсандағы - 90 (тоқсан) күн, жылдағы - 360 (үш жүз алпыс) күн алынады.
<br>
Ақпарат [мына сайттан][1] алынды.


  [1]: http://www.hcsbk.kz/31535
...