Массасы 14 г кальциймен қалыпты жағдайдағы (қ,ж )көлемі? [жабық]

+1 дауыс
4.4k қаралым
массасы 14 г кальциймен қалыпты жағдайдағы (қ,ж )көлемі 1,12л азот әрекеттесті нәтежесінде неше грамм кальций нитриді тузілетінін және қай заттан қанша грамм артық қалғанын есепте
• Санаты: Химия
жабық | 4.4k қаралым

1 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Химиялық реакция теңдеуін құрамыз:

3Ca + N₂ = Ca₃N₂

Зат мөлшерін есептейміз:

n(Ca) = 14 : 40 = 0,35 моль

n(N₂) = 1,12 : 22,4 = 0,05 моль

Көріп тұрғанымыздай, азот жеткіліксіз, сондықтан есептеуді соған қарай жүргіземіз.
1 моль азоттан 1 моль кальций нитриді түзіледі, демек 0,05 моль Ca₃N₂ алынады.

m(Ca₃N₂) = 148 × 0,05 = 7,4 г

Реакция теңдеуіне сәйкес кальций азотқа қарағанда 3 есе көп жұмсалады.
Яғни реакцияға 0,15 моль Ca түсті.

Қалған кальций мөлшері:

0,35 − 0,15 = 0,2 моль

Массасы:

m(Ca) = 40 × 0,2 = 8 г

Жақсы жауап таңдалды

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
10.09.2020 • Санаты: Химия Аноним сұрақ қойды
127,937 сұрақ
322,810 жауап
153,169 пікір
72,930 қолданушы