— Радикулит, сегізкөздің зақымдануы, арқаның құрысып қатты ауыруы, омыртқа бойының қисаюы, бел омыртқаның буынына тұз жиналуы (остеохондроз) секілді ауруларға мануалды терапия бірден-бір ем. Мұндай науқастарды пышаққа түсірмей, ешбір дәрісіз, қолдың құдіретімен қалпына келтіруге болады. Омыртқа буынына жиналған тұз қимыл-қозғалысты қиындатады, адам еркін жүріп-тұра алмайды. Ол асқынып кетсе, аяқ-қолдан жан кетіп, адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Ал «тән тұншыққанда, жан шыңғыратыны» мәлім. Яғни, адамның тәні мен жаны бірдей қиналады. Жалпы, адамды ерте қартайтатын екі ауру бар: соның бірі — остеохондроз. (Екіншісі — қант диабеті). Бұның дауасы — мануалды терапия. Қазір омыртқа жігінің орнынан жылжып кетуі (грыжа дисков) сырқатынан зардап шегіп жүргендер тым көп. Жаңа айтқанымдай, бұл бел, жамбас, аяққа нұқсан келтіріп, адам төсекке таңылып қалуы мүмкін. Дәстүрлі медицина бұл жағдайда операция жасауға кеңес береді, бірақ бұл тәсілден ауру қайтадан ушығады. Сол себепті науқасты операциясыз, мануалды терапия әдісі арқылы біржола орнынан тұрғызып жіберуге болады.
Манус — грек тілінде «қол» дегенді білдіреді, яғни мануалды терапия — қолмен емдеу тәсілі.
Дереккөз: http://www.aktobegazeti.kz/?p=5369