+1 дауыс
5.2k көрілді
Жазушылардың қыз жібек туралы сөздері керек эпиграф ретінде?

1 жауап

0 дауыс

Лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII ғасырда жазылған. Жырды тұңғыш рет 1880 жылы Е.А.Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған. XIX ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсанда ел арасынан «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазан қаласында бастырған. Ал Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 жылдары қазақ тілдерінде жариялаған. «Қыз Жібектің» Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 жылдары басылып шыққан. 1958 жылы «Қазақ эпосы», «Казахский эпос» жинақтарында, 1963 жылы «Қыз Жібек» деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланған. Сондай-ақ орыс тілінде 1988 жылы жеке кітап болып жарық көрген. Қазіргі орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағанбетов, Е.Рахметов, Р.Мәзқожаевтардың нұсқалары бар. Жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз.

Жырдың мазмұнында Базарбай деген байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 қыздың арасынан Сырлыбай ханның  Жібек атты қызын ұнатады. Үш ай бірге болған соң, Төлеген еліне барып келмек болып сапарға шығады.  Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіреді де, оның қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың екінші бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан оның інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.

Д.Мәсімхан

...