+2 дауыс
904 көрілді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі ,
Азаматтық құқықтың  шарты,
Некені тоқтату ,
Кәмелет жаска толғандардың қылмыстық жауапкершілігі,
Еңбек ақысы. ??????

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі  -  
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.

2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Агенттік туралы ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттік өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Агенттіктің, егер оған заңдарға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

5. Агенттік пен оның аумақтық органдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құрайды.
Аумақтық органдар өз қызметін заңдарда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады. [толық][1]
Азаматтық құқықтың шарты - Азаматтық  құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық  жауапкершілік  қолданылады.  Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына  келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік  заңға және шартқа  сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы  жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың  құқығын қорғау  жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады. [толық][2]
Некені тоқтату - Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жарияланған немесе сот хабар ошарсыз  кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы арқылы қалпына келтіруі мүмкін. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды. Егер неке қию кезінде тараптарға қайтыс болды немесе хабар ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже қолданылмайды. [толық][3]


  [1]: http://kz.government.kz/structure/org/ags/03
  [2]: http://referaty.kz/node/3728
  [3]: http://www.dua.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=922:2011-06-23-12-58-53&catid=45:stat&Itemid=356&lang=ru
Ризамын. Өте пайдалы ақпарат. Ерінбей осылай ізденіп жауап бергеніңізге мың алғыс. Сұрақ дұрыс қойылғанда, мына сұрақ пен мына жауапты мысал ретінде ұсынып отыратын едім. Рахмет сізге!
...