0 дауыс
89.6k көрілді
дүние жүзінде қанша мемлекет бар және оның астанасы ,жер көлемі,ерекшелігі керек өтнем  тауып беріңіздерші:(

14 жауап

+1 дауыс
200-ден аса мемлекеттін  астанасы мен жер колоемін   калай  жазып отырамын
жазуға болатын еді ең құрмаса басты басты мемлекеттірді Мысалға Қытай Ресей Үндістан тағы сол сиқты...сізде тек еріншектік басым соны жеңсеніз бған жауап жаза алатын едіңіз....
маған географиядан керек ағайымыз кез-келген елді айтам соның астанасын айтасыңдар деді .сол себепті оның табиғаты аунау мынау керек емес .мысалы  қазақстанның астанасы-астана,ресейдікі-москава  деп кете берет
+1 дауыс
Камбоджа
Камбоджа Корольдігі – Оңтүстік-шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 181 мың км2. Халқы 11,6 млн. адам (1998). Астанасы – Пномпень қаласы 1993 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы король (1993 жылдан – Н.Сианук). Заң шығарушы орган 4 жылға сайланатын парламент (Ұлттық ассамблея), ал үкімет билігі құрамын парламент бекітетін корольдік үкімет қолында (1998 жылдан Премьер-министр Хун Сен). Тұрғындарының 91%-ы кхмерлер, 4%-ы вьеттер, 3%-ы қытайлар.
Қазақстан
Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ншы орында. Жер көлемі — 2 724 900 шаршы шақырымды құрайды.
 Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Дегенмен мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.
Кабо-Верде
Кабо-Верде, Кабо-Верде Республикасы (Қlehas do Cabo Verde) – Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 4033 км2. Халқы – 406 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары португалдар мен африкалықтар арасынан шыққан мулаттар (60%), сондай-ақ, банту (35%), баланте, мандьян, т.б. жергілікті ұлыстар мен еуропалықтар (3%), т.б. Ресми тілдері – португал тілі мен креол тілі.
Кувейт
Кувейт — Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы — Кувейт қаласы (тұрғын саны 60.000). Басты қалалары: Хауалли (т.с. 190.000), Салимия (т.с.200.000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17.818 кв. км.
Куба
Куба Куба Республикасы — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик.
Қособа
Қособа Жалпақтал ауданындағы Көктерек ауылы маңындағы оба. Ол 19 қорғаннан және 1 құрбан шалатын орыннан тұрады. Қорғандар топырақ үйіндісі түрінде.Топырақ үйінділерінің диаметрі 6-50 м, биіктігі 0.2-2 м. Құрбан шалатын орынның пішіні төртбұрышты (70×20 м), биіктігі 0.5 м-ге дейін. Оба археологиялық барлау (Ғ.А.Кушаевтың басшылығымен) кезінде 1971 жылы табылды.
Колумбия Республикасы
Колумбия Республикасы (Columbіa) – Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 1141748 км2. Халқы – 39,3 млн. адам (1999). Тұрғындарының 58%-і метистер, 20%-і еуропалықтар, 14%-і мулаттар, негрлер, үндістер. Қала халқы 73% (1996). Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындары христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Богота. Конституция бойынша елді Президент басқарады (1998 жылдан Андрес Пастрака Аранго) және ол 4 жыл сайын сайланып отырады.
Қырғызстан
Қырғыз Республикасы, Қырғызстан – Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 198,5 мың км2. Халқы – 5,2 миллион адам. Қырғыздар (60,6%), орыстар (15,3%), өзбектер (14,3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы – Бішкек қаласы (624 мың адам). Конституциясы бойынша – Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері – қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі – 31 тамыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – сом.
Кипр
Қыбрыс (грек. Kypros, түрік. Kіbrіs), Кипр Республикасы (грек. Kyprіake Demokratіa, түрк. Kіbrіs Gumhurіetі) – Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген. Жалпы жер көлемі – 9251 км2. Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Қыбыр түрік республикасында тұрады. Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады.
Америка Құрама Штаттары
ҚШ, Америка Құрама Штаттары (ағылш. The United States of America, USA) — Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
 АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.
Құрама Патшалық
Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-нде эстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады.
Кот-д-Ивуар
Кот-д’Ивуа́р Респу́бликасы (фр. République de Côte d’Ivoire); 1986 жылға дейін қазақ тілінде Піл сүйегі жағалауы Республикасы деп аталып келді.)- Батыс Африкада орналасқан мемлекет.
 Коста-Рика
Коста-Рика Республикасы – Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 51,1 мың км2. Халқы – 3,841 млн. адам (1999). Халқының 97%-ы креолдар мен метистер, қалғандары – негрлер. Астанасы – Сан-Хосе қаласы. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының көпшілігі христиан дінінің католик тармағын ұстанады. 1949 жылғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент үкіметті де тікелей өзі басқарады (1998 жылдан М.А. Родригес Эчеверрия). Заң шығарушы органы – Заң шығарушы ассамблея (57 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекесі 15 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1821). Ақша бірлігі – Коста-Рика колоны. Ел аумағы 7 провинцияға бөлінген.
Қатар
•Жер көлемі 11400 км2.
 •Халқы 724 мың адам (1999).
 •Негізгі тұрғындары – катарлық арабтар. Оған қоса пәкстандықтар, үнділер, ирандықтар тұрады.
 •Ресми тілі – араб тілі.
 •Тұрғындары, негізінен, мұсылмандар.
+1 дауыс
Мен бәрін жазып берер едім бірақ компьютер желісі рұқсат берей отыр...Сізде бірәз еңбектенуніз керек мен тек аздап шайнап бердім әрі қарай сіз жалғастырңыз... Мына сайтт толық бүкіл мемлекет бар өте ыңғайлы сайт http://1referat.kz/page/373 және де мынау да жақсы нақ сізге http://wiki.bugin.kz/oxot-tenizi/itemlist/user/63-miko.html?start=510)) Гафу өтінем толықтай жауап жаза алмадым...)
+2 дауыс
Дүние жүзінде 235 ел бар! толығырақ http://stranymira.com/
0 дауыс
230 мемлекет-ау деймін қателеспесем.
0 дауыс
Алғашқы жер көлемі бойынша 30 мемлекетті алшиш, және де дамыған ірі мемлекттің соларды сұрайды ғо саған айтайын керек болса қашанға дейін керек
+5 дауыс
"ЕЛДЕР ЖӘНЕ АСТАНАЛАР" 1.Қазақстан-Астана 2.Англия-Лондон 3.Германия-Берлин 4.Испания-Мадрид 5.Франция-Париж 6.Италия-Рим 7.Португалия-Лиссабон 8.Бразилия-Бразилиа 9.Норвегия-Осло 10.Швеция-Стокгольм 11.Финляндия-Хельсинки 12.Ирландия-Дублин 13.Исландия-Рейкьявик 14.Украина-Киев 15.Беларусь-Минск 16.Венгрия-Будапешт 17.Грекия-Афины 18.Дания-Копенгаген 19.Канада-Оттава 20.Мексика-Мехико 21.Чили-Сантьяго 22.Боливия-Ла-Пас 23.Перу-Лима 24.Куба-Гавана 25.Ямайка-Кингстон 26.Үндістан-Нью-Дели 27.Америка-Вашингтон 28.Аргентина-Буэнос-Айрес 29.Чехия-Прага 30.Түркия-Анкара 31.Қытай-Пекин 32.Польша-Варшава 33.Жапония-Токио 34.Оңтүстік Корея-Сеул 35.Солтүстік Корея-Пхеньян 36.Австралия-Канберра 37.Сальвадор-Сан-Сальвадор 38.Гвиана-Кайенна 39.Эквадор-Китф 40.Панама-Панама 41.Коста-Рика-Сан-Хосе 42.Алжир-Алжир 43.Словакия-Братислава 44.Ливия-Триполи 45.Сауд Арабиясы-Эр-Рияд 46.Тунис-Тунис 47.Египет-Каир 48.Йемен-Сана 49.Оман-Маскат 50.Иран-Тегеран 51.Ирак-Бағдад 52.Сирия-Дамаск 53.Мадагаскар-Антананариву 54.Өзбекстан-Ташкент 55.Қырғызстан-Бішкек 56.Түрікменстан-Ашхабат 57.Әзірбайжан-Баку 58.Тәжікстан-Душанбе 59.Ливан-Бейрут 60.Израиль-Тель-Авив 61.Палестина-Иерусалин 62.Иордания-Амман 63.Біріккен Араб Әмірлігі-Абу-Даби 64.Кувейт-Әл-Кувейт 65.Сингапур-Сингапур 66.Уругвай-Монтевидео. 67.Албания-Тирана 68.Македония-Скопье 69.Швейцария-Берн 70.Бельгия-Брюссель 71.Австрия-Вена 72.Латвия-Рига 73.Литва-Вильнюс 74.Эстония-Таллин 75.Словакия-Братислава 76.Хорватия-Загреб 77.Румыния-Бухарест 78.Словения-Любляна 79.Вьетнам-Ханой 80.Лаос-Вентьян 81.Камбоджа-Пномпень 82.Филиппин-Манила 83.Индонезия-Джакарта 84.Синганпур-Сингапур 85.Малазия-Куалалумпур 86.Тайланд-Бангкок 87.Мьянма-Янгон 88.Бангладеш-Дакка 89.Шриланка-Коломбо 90.Непал-Катманду 91.Бутан-Тхимпху 92.Судан-Хартум 93.Марокко-Рабат 94.Мавритания-Нуакшот 95.Гвинея-Конакри 96.Сенегал-Дакар 97.Сьерралеоне-Фритаун 98.Либерия-Монровия 99.Котд"Ивуар-Ямусукро 100.
0 дауыс

жоқ 224 тен астам ел бар

 

жок 230 дан астам мемлекет бар
0 дауыс
Сонда  1000 мемлекет болса сонын барин Халқын жер көлемін жазып отырамызба??
0 дауыс
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%BB_%D1%82%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BC%D1%96_%28%D0%B6%D0%B5%D1%80_%D0%B0%D1%83%D0%BC%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D1%81%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BF%D1%82%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D0%BD%29 сайтынан біле аласың.
0 дауыс
Еуропа және Азиянын елдерин тауып бериниздерши астаналарымен отниш
0 дауыс
Менің ойымша 264 мемлекет бар
0 дауыс
Әлемде он сегіз мың ел бар
0 дауыс
300 ден астам мемлекет бар
...