Төлем қабылдау туралы. Төлем қабылдауды қалай іске асыруға болады?

0 дауыс
1.2k қаралым
мен өз ноутбугіме төлем қабылау жүйесін қалай орната аламын. Төлем қабылдауды қалай іске асыруға болады? ол үшін жеке кәсіпкерлік ашу қажет пе әлде басқа жолдары бар ма? банктер арқылы қалай толтыруға болады? қандай банктер онлайн төлем қабылдайды, егер менде сол банктың карточкасы болса?
• Санаты: Қаражат, Ақша Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
ИП арқылы да, олсыз да жасауға болады
 1) Қазақстанда интернет арқылы төлем жасаудың ең тиімді жолы, Каспий банкінің интернет бөлімшесі, мына сілтеме бойынша барыңыз https://kaspi.kz , бірақ ол үшін Каспий банкінің клиенті болуыңыз керек, (бұрын несие алғандар т.б) егер клиент болмасаңыз ол да оңай мәселе. Каспий банкіне барып, банкомат картасын алыңыз, жеке куәлік, РНН қажет және бұл банкте оны тегін рәсімдейді, бірнеше күннен соң дайын болған банкомат картаңыз қолыңызға тиеді, сіз Каспий банкінің клиенті болып саналасыз. Банкомат картасын рәсімдеген кезде ұялы тел нөміріңізді көрсетесіз, яғни сол арқылы жеке кабинетке кіресіз интнреттегі. Қалаған пароліңізді қойып виртуалды шот ашасыз және оны Каспи бакінің немесе Касса 24 терминалдары арқылы толтыра аласыз. Ең бастысы шотты толтырғанда да, төлем жасағанда да ешқандай комиссия алынбайды. Бұл Қазақстандағы бірегей жүйе және қазіргі уақыттағы ең арзан интернет төлем жүйесі болып табылады. kaspi.kz интернет бөлімшесін пайдаланудың оп-оңай екені тіркелген кезеңде-ақ бірден байқалады. Мысалға, клиенттің ұялы телефонының нөмірі логин ретінде қолданылып, ал ақыны бар-жоғы 3 қарапайым қадам арқылы төлеуге болады. Интернет бөлімшенің өзі жаңа шоттардың түскенін ескертіп, есептегіштен көрсеткішті қалай алуға болатынын білуге көмектеседі әрі түбіртекті толтыруға өз септігін тигізеді. Сондай-ақ туыстарыңыз бен жақындарыңыздың басқа да кез келген пәтерін оңай қосуға болады. Әрі kaspi bank-інің баршамызға белгілі қаржы кеңесшілерінің қызметін де әрқашан кез келген уақытта пайдалануға болады, ол үшін 9999 тегін телефонына не 7777 қоңырау соқсаңыз болғаны. http://www.kaspibank.kz/ толығырақ біліңіз. Мұнда не төлеуге болады еш комиссиясыз : Ұялы, үй телефондарына, интернет, ар турлі интернет сервистеріне, комуналдық қызмет т.б. Бүгінгі таңда барлығымыз кезекте тұрамыз, төлем терминалдарын іздеп, комиссиялар төлейміз. Мұның барлығы – қиын, ыңғайсыз әрі қымбат. kaspi bank kaspi.kz интернет бөлімшесін іске қоса отырып, клиенттерге «Тегін төлемдер» атты қызмет ұсынды, ол төлемдер нарығындағы төңкеріс болды. Банктің клиенттері kaspi.kz сайтындағы «Тегін төлемдердің» арқасында комиссиясыз әрі кезекте тұрмай ұялы телефонның балансын толықтырып, коммуналдық қызмет ақысы мен басқа да төлемдерді үйінен немесе офистен шықпай, немесе ұялы телефонынан жылдам әрі оңай төлей алады.
 2) http://my.kassa24.kz/entry/index Бұның терминалдары қазір барлық Қазмұнайгаз АЗС-де, супермаркет, аптекаларда бар ҚР-ң барлық қаласында. Мунда оңай интернеттен тіркеліп шот ашасын болды, сол шотты өзінің терминалы арқылы толтырасын, бірақ толтырғанда 1 пайыз ғана ұстайды болды. Ол 100-ден 1тг, 1000-нан 10тг, 10000-нан 100тг деген сөз, сосын комиссиясыз мұнда да ком. услугаға, ұялы тел-ға төлей аласын, ең бастысы ЖД билет, авиа билет алуға болады осы портал арқылы уйде отырып-ақ, толығырақ мұнда http://www.kassa24.kz/
Жауабыңызға көп рахмет. сіз осы каспий банкініңі интернет банкингін қолданасыз ба? онда күніне шектеу бар ма? мен халық банкін қолданам онда күніне 5тен артық төлем қабылдай алмадым.
Меніңше шектеу жоқ! Оны 9999 звондап білуге болады, ұялы тел-нан тегін (бірақ бүгін сервис істемей тұр). Ал Касса 24 -тің  тел-ы +7 (727) 312 18 12    +7 (777) 084 99 48   +7 (778) 667 29 19   +7 (777) 546 60 80
Менде шектеу болған жоқ. Мысалы Билаинға минимум 10 тг төлеуге болады. Бірақ коммуналдық қызмет ақысын әрбір пәтер үшін айына бір рет қана төлеуге болады, бірақ тез төлемдер тізіміне бірнеше пәтерді қосып қоюға болады, т.б көптеген қызметтері бар
иә жауабыңыздың көмегі тиді. мен қазірден бастап қолдана бастадым. әзірге бастамасы жақсы көрінді маған.
 мұнда бейне нұсқаулығы көрсетілген

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы