1929 жылғы Жаңаарқа ауданы

0 дауыс
1.4k қаралым
жаңарқа ауданы 1929 жылға дейін қай ақын,философ ,белгілі жыраудың атымен аталды?
Тарих сұрақтары

1 жауап

0 дауыс
Жаңарқа ауданы

Жаңарқа ауданының әкімшілігі 1939 жылы аудандық атқару комитетінің президумының қаулысына сай өзгертілді.
1- Сталин атындағы ауыл советіне Еңбек, Қаражартас, Қоғамшыл, Еркіндік колхоздары.
2. Жеткіншек ауылдық советі - Жеткіншек, Ұйымшыл, Сарыөзек, Еңбекшіл колхоздары енді.
3. Жаңарка поселкелік советі аудан орталығы болып бекітілді. 1938-1939 жылдары Талдысай селолық советі жойылды. 1940 жылдың аяғында Осакаров ауданының құрылуына байланысты Скоболевск селолық советі осы ауданның кұрамына берілді.
ҚазССР Жоғарғы Советі Президумының қаулысы бойынша 28 желтоқсан 1940 жылы Октябрь колхозы да Осакаров ауданының құрамына берілді.
Қарағанды облаткомының 8 маусымдағы қарары бойынша жаңа аудан құру керек деп шешілді. Ол бұрынғы Тельман, Ворошилов жене Қарағанды ауданының колхоздарының негізінде кұрылуы тиіс болды. Осы шешім бойынша Тельман ауданының территориясындағы жаңа аудан орталығы Осакаров поселкасы, Калинин ауданы болып құрылды.
1. Бұл ауданнын әкімшілік қарамағына Тельман ауданынан 30 колхоз; Нұра ауданынан Ударный, Трудовой, Литвинский және Тельман совхозы берілді.
2. Жаңа құрылатын Калинин ауданынын, "Красное озеро", "Шортанды" жерінің шалғай болуына байланысты Ақмола облысының Вишнев ауданына берілуі ҚазССР Халкомынан сұралсын.
Осы жылдың 28 желтоқсанында ҚазССР Жоғарғы Советі Президумының қаулысымен Осакаров ауданы құрылды. Жаңа құрылған Осакаров ауданына Тельман ауданынан 30 колхоз Интернационал, Пионер, Коллективный, Новый путь, Ударный, Верхне-Ишимский, Южный, Осакаров, Токсымақ, Заишим, Центральный, Ново-Бытный, Октябрь, Красноармейск Трудовой, 1 мая, 2-я пятилетка, К.Либкнехт ат., Красный пахарь, Батпақ, Комсомольск, Энгельс ат, Большевик, Найдорф, Арбайт, Молотов ат, Шортанды, Родники, Красное озеро және Нұра ауданынан Ударный, Трудовой, Литвинск МТС, Ақмола облысының Вишнев ауданынан 1 август, 8 март колхоздары берілсін деп бекітілді.
1941 жылы Қызыларай ауылдық кеңесі Қоңырат ауданына берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президумының 1941 жылдың 24 мамырындағы нұсқауымен Жаңарқа аудандық Советіне бағынатын Атасу және Ағадыр жұмысшы поселкелік Советтері құрылды.
1945 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысының Нұра, Осакаров аудандарының құрамы темендегідей болды.
Нұра ауданының әкімшік территориясы 14 ауылдык және селолық советтерден құралды: Ақтөбе, Горный, Жараспай, Захаровка, Қызыл-тал, Киевка, Жыланды, Киров, Көк-мөлдір, Қорғанжар, Маржанкөл, Ново-Карповск, Черниговск, Шахман.
Осакаров ауданының әкімшілік территориясының құрамы: Вольск, Краснокумск, Окольный, Скоболевск, Тельман.
1946 жылдың 17 маусым айында Осакаров ауданы бойынша Осакаров, Красноармейск, Коллективный, Ударный, Пионер, Батпакты, Трудовой ауылкеңестері құрылды.
1950 жылы колхоздарды ірілендіру саясатына байланысты Нұра ауданы бойынша Шахаман селолық кеңесінің Қызыл жұлдыз және 1 май колхоздары Новокарпов селолық кеңесі Путь Ленина колхозымен біріктітірлді.
Ауыл шаруашылық Министрлігі мен Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы ауыл шаруашылық басқармасының 1950 жылғы карашадағы қаулысына сәйкес: Жаңарка ауданының 29 колхозы ірілендіріп, 11 колхоз болып кайта бірікті:
1 Еркіндік -Еркіндік, Еңбек, Қаражартас колхоздарының негізінде
2. Алгабас- Алғабас, Сары өзен, Бірлік колхоздарының негізінде
3. Ленин атындағы - Үлгілі, Ленин, Талдыбұлак колхоздары
4. Киров атындағы - Киров, Ұйымшыл, Жаңаталап, Тегістік кохоздары
5. Ынталы - Ынталы, Қарағаш, Қосшоқы, колхоздарының негізінде
6. Жеңіс - Жеңіс, Түгіскен, Коммунар колхоздарынын негізінде.
7. Ынтымақ - Ынтымақ, Жеткіншек, колхоздарының негізінде
8. Өркендеу - Өркендеу, Қызылшоқы колхоздары негізінде.
9. К.Маркс - К.Маркс, Жиделі колхоздары негізінде
10. Өндіріс - Өндіріс, Келте колхоздары негізінде
11. Атасу - Атасу, Ақтүбек колхоздарының негізінде құрылды.
1950 жылы Қоңырат ауданының 14 ауылдық кеңестерінде 35 ұсақ колхоз болды. ҚазССР Жоғаргы Советі Президумының ауылдық советтерді ірілендіруге сәйкес, ауданның төмендегі ауылдык советтері бір-біріне қосылды.
1. Калинин ауылдық кеңесі мен Қорғантас ауылдық кеңесі бірігіп кайтадан Калинин ауылдық кеңесі болып аталды.
2. Қарабұлақ, Кіндікті ауылдык кеңесі қосыльш, Қарабулақ кеңесі деп аталды
3. Тельман ауылдық кеңесі мен Буденный ауылдык кеңесі қосылып Тельман ауылдық кеңесі болып аталды.
Шет аудапы бойынша 1951 жылы 11 колхоз болганын қуаттайтын "Тұрғын мекендер мен колхоздардьщ ескі және жаңа шекарадағы Селолық кеңестердің орталықтарына дейінгі ара қашыктық туралы тізім" және Шет ауданына қарасты ауыл селолық кеңестері іріленген колхоз аттары және кеңесінің төрағасы әкесінің аты көрсетілген тізім берілген. Бұның біріншісінде 11 селолық және 1 жұмысшы поселкелік совет, 2 совхоз, 11 колхоз, 239 елді мекен көрсетілген.
ҚазССР Жоғарғы Совет президумының жарлығы бойынша 1951 жылы 21 мамырда балық кәсібімен айналысатын Мың-Арал елді мекені Шеттен Жамбыл облысының Көктерек ауданына берілді.
1952 жылы 22 тамызында облыс көлеміндегі кіші колхоздардың әкімшілік басшыларын және аулсоветтердің өзгерісіне байланысты, Қарағанды облсоветінің шешімен Нұра ауданы бойынша Шахаман және Жыланды селсоветтер таратылып, Киев, Чернигов, Горный, Қызылтал және Новокарпов селсоветтерің ұлғайту жөнінде қарар қабылданды.
Мұнымен қатар Осакаров селсоветін екі селсоветке бөліп — Осакаров және Озерный селсоветері құрылы және Осакаров селсоветінің құрамында осы аттас селоны халқымен калдыру қаралды.
1955 жылы 10 қазанда Қарқаралы ауданы бойынша Еңбек және Комсомол ауыл кеңестері бір Еңбек ауыл кеңесіне бірікті. Мұнан соң Серік және Милыбұлак ауылкеңестері бір Қайнарбұлақ ауыл кеңесіне және Күлболды мен Бесоба ауылкеңестері бір Тегісшілдік ауыл кеңесіне біріктірілді. Осы жарлықпен Темірші ауыл советі Қарағаш колхозының аймағын Ақтайлақ ауыл кеңесіне, бұрынғы Томар колхозының аймағын Тельман ауыл кеңесіне берді. 22 қарашада астықты "Киргизия" совхозы "Киргизия" поссоветі құрылды.
ҚазССР жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысы бойынша 1954 жылдың 16 шілдесінде Нұра ауданы бойынша: Ақтөбе және Киров аулсоветтері - Киров селсоветі болып, орталығы Майоровка, Жыланды және Горный ауылсоветтері бір ауылсовет Горный орталығы Семеновка елді мекені болып бірікті. Осы қаулы бойынша Шахаман ауылсоветі жойылып, Қызыл жұлдыз колхозының елді мекендері Черниговск ауылсоветінің құрамына берілді, 1 май колхозының елдімекендері Киевка ауылсоветінің құрамына берілді.
Бір мезгілде басқа екі ауыл кеңестерінің жері анықталды олар: Қорғанжар селолық кеңесі құрамындағы Қызыл шілік колхозының елдімекендері Киевск ауылкеңесінің құрамына берілді, Еңбек - қорғау колхозының елдімекендері Горный аулкеңесінің құрамына, Қызылтас ауыл кеңесінің құрамына, Құлан-өтпес колхозының елдімекендері Жараспай аулсоветінің Ново-Карповск аул советінің құрамына карады,
ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президумының 1955 жылығы 6 қыркүйектегі қаулысы бойынша Айнабұлақ астық совхозы Жаңарқа ауданының құрамына берілді.
ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1955 жылғы 22 қараша айында Шербаковск орталығы Тассуат кент кеңесі ауы кеңесіне тенелді
ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумьның 1956 жылғы 30 маусым айында Құланөтпес астык совхозының орталығы Донской поссоветі аулсоветіне теңелді.
1956 жылғы 9 наурыздағы жарлык бойынша Шет ауданының Түлкілі мен Қызылтау ауылсоветтерінін шекаралары айқындалды. Орджоникидзе колхозының территориясы Қызылтаудан Түлкілі ауылсоветіне, Түлкілі ауылсоветінің Р. Люксембург колхозы, Қызылту колхозының елдімекеніне және Алайғыр ТКӨ-сі Қызылтау ауылдық советіне кұрамына енді.
ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1959 жылғы 14 тамызында Нұра ауданы мен Осакаровск аудандарының ортасында шамалы өзгерістер енді. Осакаровск ауданына 1054 шаршы км жер учаскесі берілді.
Осы территорияда 20 селолық және поселкелік кеңестер жұмыс жасады: Горный, Донской, Есенгелді, Жараспай, Заречный поссовет, Захаров, Индустральный поссоветі, Кеңжарық поссоветі, Кеңжарык селолық советі, Киевск селолық советі, Киров селолық советі, Көкмөлдір селолық советі, Қорғанжар, Маржанкөл, Новокарпов, Пржевальск пос.советі, Степновский, Тақсуат, Чернигов, Шахтер.
1961 жылғы 17 кар
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы