0 дауыс
566 көрілді

1 жауап

0 дауыс
Бұл айтқандарың өкінішке орай шындық ! Шынымен Қазақ тілі  әлі күнге  дейін жетім баланың күнін кешуде .  Бұған себеп те  көп ...!  Ең басты себеп Кеңес үкіметінің  құрамында болудан басталады. Кеңес үкіметінің құрамында болып өз тарихымызды , тілімізді  , дінімізді , мәдиниетімізді ұмыттық! Енді міне тәуелсіздігімізді алған шақта да  сол саясаттың кесірінен өз қазақтығымызға  әлі толық бұрыла алмай келеміз! Сол кездегі  жастар  қазір  өзіміздің  әкеміз бен аналарымыз , олар сол кезеңде  орысша мәдинетпен қалған адамдар! Барлығы дей алмаймын бірақ жартысынан көбі солай!!! Олар енді түзетуге келмейді . Неге десеңіз  оған себеп " Жас шыбық кішкентай кезінен қыйсық өссе оны үлкейіп  тал болған да оны түзету мүмкін емес" ! Енді бізге  қалғаны енді өсіп келе жатқан жас шыбықтарды және түзеуге келетін шыбықтарды тік өсіру! Яғни өз тілін , дінін ,отанын  суйуді үйрету ! Отансүйгіштікке баулу ! Ең алдымен  әркім өзінен бастау керек ! Теңіз тамшыдан құралады демекші  сонда ғана  Қазақ тілі қыйсық шыбықтан Алып Бәйтерекке айналады!!!! Сол мақсатта Бәріміз бірге жұмылайық !
...