0 дауыс
2.8k көрілді

2 жауап

+2 дауыс
1970 жылғы арабша-орысша сөздікте кузах — әшекейлеу, безендіру сияқты мағына меншіктенсе, ал «кус кузах»— біздегі «кемпірқосақ» дегенді ұғындырады. Араб тіліндегі «қус кузах» тіркесінің алғашқы сыңары — «қустың» мағынасы — «иілген» немесе «доға сияқты» мағыналар береді. Демек, бұл тілдегі «кус кузах» тіркесін қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ «әшекейлі доға» болмақ. Арабша «қус» сөзі «садақ» мағынасына да ие. Жалпы алғанда, иілген заттарға осы сөз қолданылатындығы байқалады. Тіліміздегі «кемпірқосақ» сөзінің соңғы сыңары (қосақ) қайдан пайда болғандығы дау тудырмаса керек. Араб тіліндегі «кузах»—бізге ауысқанда «қосақ» қалпыңа дейін өзгерген. Енді осы өзгерген «қосақ» сөзінің алдына «кемпір» қалайша киліккен. Шын мәнісінде, қазіргі біз қолданылып жүрген «кемпір» мағынасындағы сөз бе? Біздің ойымызша, оның қазіргі «кемпірғе» үш қайнаса сорпасы қосылмайтын сияқты. Мысалы, иран тілінде әрбір иіліп жасалған зат атауының түбірі — кем, кеман — садақ; кемер —1. белбеу; 2. күмбез т. б. В. Рад,. Опыт..., II, 2, 1203, 1206). Иран тіліндегі «күмбез» мағынасын беретін «кемер» араб тілінің «кузах» сөзінің алдында тұрып, тіркес құрып, сол күйінде («кемер кузах») қазақтарға ауысып, дыбыстық өзгерістерге ұшырай отырып, «кемпірқосақ» қалпына дейін жеткен. Бұл ойымызды басқа да түркі тіліндегі осы мағынаны беретін сөздер анықтай түседі. Түрікмен тілінде — әлемгошор, якутша — кустук. Осы тілдердегі «гошар», «кустук». араб тіліндегі «кузах» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен тұлғасы деп қарауға болады. Сөйтіп, «кемпірқосақ»-тың нағыз қазақша мағынасы—«әшекейлі күмбез». Бұл жерде сөздердің орын ауыстыруы да болған (кемер//кемпір — күмбез, қосақ — әшекейлі)
–1 дауыс
аңыз бойынша осы кемпірқосақта мифтік бір бейне,кемпір болуы керек осы кемпірқосаққа байлап ешкілерін жаяды деген бар
...