+1 дауыс
33.1k көрілді
Етеккірді уақытша тоқтатуға бола ма? Қыздар жол жүретін едім, 2 күндей?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Уақытша тежеуге болады, ондай әдістерді қолданушылар жоқ емес(өнер адамдары, жолаушы әйел адамдар). Бұл әдіс арнайы препараттардың көмегімен жүзеге асады. Етеккір келуін тежеу немесе келу уақытын жылдамдату мүмкін және міндетті түрде гинеколог көмегімен қатаң бақылауда, қысыл-таяң кезде ғана жүзеге асырасыз. C дәрумені етеккір келуін тежейді екен, С дәрумені мол тағамдар қолдансаңызда көмектесіп қалар. 1-2 лимон күніне жеу, етеккір келуіне 3-4 күн қалғанда осы әдісті қолдансаңыз етеккір келуін 4-5 күнге кешіктіруге болады, ал күніне  1/2 стақан желкек(петрушка) қайнатпасын екі мезгіл ішу  3-4 күнге етеккір келуін жылдамдатады.
ал ол келіп қойған мерзімде тоқтату мүмкін бе?
Жаратылыс. Ағзамен ойнауға болмайды гинекологқа барсаңда солай айтар, солай болу керек демек имунитет пен гармондар жақсы жұмыс жасап тұр деген. Мен сіздерге арнайы препараттар ұсынатындай  дәрігерде емеспін, гинекологта емеспін, сондықтан сізге оның зияны мен салдары жайында гинекологтан консультация алуды ұсынамын. Тоғыз айға тоқтатуға болар(қалжың). Халық әдісі бойынша "сол күндер" келген соң екі тәулігі өткен кезде қалақайды(крапива) демдеп(қайнатып) ішсең тоқтау мүмкін.
+2 дауыс
ол табиғи нарсее,,,ол меніншее мүмкін емес нарсее,,уақытымен келип кеткені жөн,,,,уақытша тоқтатам деп кеин өз денсаулығыңызғааа зиян тиедиии,,,,,
+1 дауыс
арине токтаткын келсе де келмесе де токтата алмайсын. Бул журек согыс автоматиясы сек1лд1 - сен1н колында емес. сондыктан, сен1мд1 тосемшелерд1 сатып алда, жолга тарт!
рахмет барине
0 дауыс

Әрбір әйел, жарты жылда бір рет болсын, гинеколог маманына қаралуы керек. Алайда, кеңес үкіметінің дәуірінде өмір сүрген әйелдерге, жай ғана тексерілу түгіл, емделуге барудың өзі ұят болып көрінеді. Себебі, гинеколог міндетті түрде сұрақ қояды. Арасында, тіпті жауап беруге ыңғайсыз сұрақтар да болуы мүмкін. Әрине, дәрігердің мұндай сұрақтарды жайдан жай қоймайтыны анық. Олай болса, не үшін?

гинеколог маман

Гинеколог қоятын сұрақтар сіз жайлы өте көп мәлімет бере алады. Тіпті, анализ нәтижелері мен гинекологиялық орындықтағы тексеріс көрсете алмаған нәрселерді дұрыс жауаптарыңыз арқылы анықтауға болады. Бұл, өз кезегінде, дәрігердің дұрыс диагноз қоюына кепіл болады. Тек, берген жауаптарыңыз шынайы болса, болғаны. Есіңізде болсын, кәсіби маман еш уақытта сіздің жауаптарыңыз үшін сізді айыптап, кінәлап, ұялтып отырмайды.

Сонымен, гинекологқа барарда қандай сұрақтарға дайын болу керек?

1. Алғашқы етеккір неше жаста келді? Әдетте, етеккір 12-15 жас аралығында келеді. Одан тым кеш немесе тым ерте келген етеккір қыз баланың жыныс мүшелерінің дамуындағы ауытқу болып саналуы мүмкін. Сондықтан ең алғаш етеккір келген кезді есте сақтаған абзал. Сонымен қатар етеккір келген кезде әйел адам қатты ауырсынады ма, жоқ па? Қан қаншалықты мөлшерде бөлінеді? Осы және басқа да сұрақтар әйел адамның ағзасы жөнінде маңызды ақпарат береді. Кәсіби маман сол ақпарат арқылы аталмыш белгілердің ағза физиологиясының ерекшелігі ме, әлде ағзадағы қауіпті ауру ма екенін анықтай алады.

2. Соңғы етеккір қашан келді? Қалыпты жағдайда, етеккір айналымы 21-35 күнді құрайды. Соңғы етеккірдің келген күні дәрігерге әр түрлі ақпарат бере алады. Мысалы, тұрмыстағы әйел үшін етеккірдің ұзақ уақыт бойы келмеуі жүктіліктің белгісі болуы мүмкін.

3. Жыныстық қатынасқа неше жастан бастап түстіңіз? Етеккірдің басталуымен бірге қыз баланың ағзасында алуан түрлі өзгерістер басталады. Сол сияқты, жыныстық өмірдің басталуы да, ағза үшін із-түссіз кетпейді. Сонымен қатар, ерте басталған жыныстық қатынастар болашақта түрлі аурулардың себебі болуы мүмкін. Сондықтан, бұл сұраққа неғұрлым шынайы түрде жауап берген дұрыс.

4. Қанша рет жүкті болдыңыз және қанша рет түсік тастадыңыз? Бұл сұрақтарға, көп жағдайда, тұрмыс құрмаған әйелдер жауап бергісі келмейді. Алайда, бала туу мен түсік тастау ағзаға бәрінен қатты әсер ететін үдерістер. Жас кезінде түсік тастап, артынша тексерістен өтпеген әйел оның зардабын бірнеше жылдан кейін кешуі мүмкін. Сондықтан бұл сұрақтың жауабы әйел адамды артық тексерістер мен жалған диагноздан сақтап қалуы мүмкін.

5. Гинекологиялық немесе инфекциялық аурулар болды ма? Кейбір аурулар ағзада ізін қалдырмастан жазылып кетпейді. Кейбір аурулар жыныстық органдардың түрін, қызметін және т.б. өзгертуі мүмкін. Сол себептен, дәрігерге барлық аурулар жайлы толық ақпарат берген дұрыс.

Қорытындылай келе, гинеколог маманға барар алдында есте сақтайтын бірнеше ережелердің тізімін келтіргенді жөн көрдік:

  • гинекологқа қаралудың ең тиімді күндері - етеккірден кейінгі алғашқы апта;
  • гинекологқа барар алдында кіші дәретке отырып, жуынып барған жөн;
  • гинекологқа барардан 2-3 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеген абзал, себебі қынапта шәуеттің белгілі бір мөлшері қалып кетуі мүмкін;
  • тексерістің алдында таза іш киім киіңіз;
  • егер жақын арада антибиотик курсын қабылдасаңыз, гинекологқа қаралуды 1-2 аптаға кейін қалдырыңыз.

Ақпарат көзі 

...