*Мәдениеті*
Орыстардың дәстүрлі шараушылығы жер өңдеу болып табылады. Жер өңдеудегі басты бағыт дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, тары, зығыр) өсіруге бағытталған. Оңтүстікте бау-бақша өсіру жақсы дамыған. Сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысқан. Орыстар ірі қара малын, жылқы, қой, шошқа және құс (қаз, үйрек және т.б) асыраған. Жүні майда аңдарды (тиін, түлкі және т.б.) аулау жақсы дамып, сонымен қатар жидек, саңырауқұлақ терумен де айналысқан. Дәстүрлі шаруашылықта балық аулау маңызды орын алған. Сәндік-қолданбалы өнер де жақсы дамыған. Ағаш, металл, қыш шыны, сүйек, мүйіз, мата және теріні өңдеп, көркемдеген. Ағашты ойып сурет салу, мүсіндік өнер, көркемдеп жазу, матаны көркемдеу және тоқу, кесте тоқу және т.б көпке мәлім болды. Алтын мен күмістен жасалған чеканкалар, діни мазмұндағы ағаштан жасалған мүсіндер кеңінен таралды. Ыдысты көркемдеп жазу көптеген аудандарға таралып, дамыған. Лакталаған кеңістікке көк шөп пен алтын-қызыл-қара гаммалы өрнектерді бейнелеу тән болған (хохломалық көркемдеу) новгородтық шеберлердің жұмыстары ерекше белгілі болды. Оралда ашық түсті гүл шоқтары бейнелеген металл подностар кең тарады. Сонымен қатар шеберлер алтын, күмістен әшекей бұйымдар жасаған.
*Киім-кешек*
Орыс халқының дәстүрлі киім-кешектері алуан түрлілігімен және аймақтарға байланысты бөлінуімен ерекшеленеді. Ресейдің кіші халықтарының әсері білінеді. Сонымен қатар кейбір жалпы стиль болды. Ерлер туника түріндегі және қисық жағалы жейделерді, шалбардың сыртына шығарып, белбеу тағып киген. Сыртқы киімі сол жағына қаусырылатын үшкіл шекпен болған. Көпестер мен бай шаруалар шекпен тәрізді белі бүрмелі бешпентше киген. Қисық жағалы жейде, етіктің ішіне салынған шалбармен бірге киілген поддевка 19 ғасырдың аяғындағы интеллигенция арасында сәнді болып саналған. Деревняларда шаруалар көбінесе шұғадан жасалған ұзын етек шапан армяк киіп жүретін болған. Қыста қойдың терісінен жасалған қысқа тондар мен тұлыптарды ашық түсті мата белбеумен орап буып киген. Киім-кешектердің солтүстік және оңтүстік болып бөлінуі әйелдердің киіміне ерекше тән болған. Ақ кенептен жасалған иығына ендірме салып, жағасы жинақталып келген ұзын жейделер жалпы орыстардың дәстүрлі киім үлгісіне жатады. Солтүстік аймақтарда түсі мен тігуі жағынан әр түрлі ұзын сарафандар (ұзын, жеңсіз көйлек) киген. Тұрмысқа шыққан әйелдер бастарына кестемен, маржандармен әшекейленген биік төбелі бас киім кокошник киіп жүрген. Күнделікті бастарына орамал – байлаған кішірек бөрік болған. Түсі, түрі және матасы жағынан әр түрлі байламдарды міндетті түрде байлаған. Оңтүстік аймақтардағы орыстардың киімдері кенептен, ұзын жейде мен торлы жүннен жасалған матаның тілімі поневадан тұрған. Оның сыртынан алжапқыштың бір түрі – запан киген. Кейде тұрмыс құрған әйелдер мүйіз формалы күрделі бас киім киіп жүретін болған. Нақышты жапсырмалар, інжу, маржандарыдан тұратын өрнектер, алтын, күміс бұйымдар сияқты әшекейлер ерекше алуан түрлі болған.
*Ас, тағамдар*
Орыс халқының дәстүрлі азық-түліктері негізінен ұннан жасалған тағамдары болған. Қара бидай ұнынан, қышқыл қамырдан жасалған үлкен домалақ нандар пісірген. Құймақ, жұқа құймақтардың жұқа нандардың алуан түрі пісірілген. Дәнді дақылдар жармаларынан сұйық ботқалар дайындалатын болған. Орал маңында тары жармасынан жасалған щи, оңтүстікте – бидайдан жасалған быламық ерекше cүйіп жейтін тағам болған. 19 ғасырдың аяғында күріш пайда болды. Бал немесе балы бар су қосылған үгітілмеген бидай, тары жармасынан жасалған ботқа - кутья кеңінен таралған. Бақша өсімдіктері ішінен ас үйде орамжапырақ жас күйінде де, тұздалған ашытылған күйінде де көп пайдаланған. Сонымен қатар картоп та кеңінен танымал болған, оны қуырып, пісіріп тағам жасаған. Картоп пен тұздалған қияр орыс халқының негізгі тағамдары болған. Оған қоса қара нан, ботқа және щи қосып желінетін болған. Орыс халқы сонымен бірге еттен дайындалатын тағамдар да жасаған. Негізінен олар шошқа, сиыр, қой етін сирек пайдаланған. Жылқы етін жемеген, ал, балықты тамаққа жиі пайдаланған. Сусындар қара наннан жасалған квас және сыра болған. Кейбір кездері бал мен кептірілген жидектерден сусындар дайындаған. Кисель мен компот та кеңінен таралған сусын түрлері болған. Шай 19 ғасырда пайда болды. Шайды арнайы ыдыстан (әйгілі тула самаурындары сол кезде пайда болған) қант тістеп ішкен. Ресейде күнтізбелік әдет-ғұрыптар 20 ғасырдың басына дейін сақталып қалған. Оларда халық серуендеп, сауық-сайран құратын болған. Бірінші кезекте олар қасиетті – рождестволық, жаңа жылдық мейрамдар болған. Оларды әзіл-ысқақты, көңілді ғұрыптармен өткізетін болған. Бұлардың ішінде амандық-саулық тілеп жарапазан өлең айту кеңінен мәлім болған. Жарапазаншыларға тәтті, дәмді тағамдар сыйлаған. Бұл кезде сонымен қатар бал ашу да кеңінен таралған, қыздар болашақ жұбайларының есімдерін білу үшін бал ашқан. Көшелерде күлдіргіштер, сиқыршылар шынжырға байлаған аюмен жүретін болған. Бұл цикл шоқындырумен (қасиетті сумен бүрку, кейбіреулер мұзды суда шомылған) және крест жорықтарымен аяқталаған.
*Мерекелер*
Үлкен крест жорықтары тарихи оқиғаларға байланысты маңызды даталар бойынша жүргізілген. Қысты шығарып салу және көктем мерекесі масленица болған бұл мерекеде көбіне пұтқа табынушылық іздері сақталып қалған. Келесі үлкен мереке – Пасха. Бұл мерекеде орыс халқы кулич пісіріп, жұмыртқаны бояп пісірген және сауық-сайран құрған. Көктемнен жазға өту Тройца мерекесімен белгілі болған. Қыздар ағаш бұтақтарын және гүлден жасалған тәждер әкеліп, алау жағып, өлең айтып, су шашып жастар сауық құрған. Көптеген мерекелерге байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Рухани мәдениеттің қайнар көзі ауызша поэтикалық шығармашылықта жатыр. Осы мәдениеттің ежелгі, көпшілікке мәлім жанры – ән болып табылады. Олар стилі, тақырыбы бойынша алуан түрлі болған: колядка, овесенъ немесе таусень, виноградь, веснянки және т.б. Сонымен қатар орыс халық ертегілері де ежелгі жанрлардың бірі болып табылады.
( ТАПҚАНЫМ ОСЫ)