0 дауыс
2.3k көрілді
Мангыстаудын ежелги тарихы жайлы гылыми жумыс керек еди,15-20 бет болса

1 жауап

0 дауыс
Маңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты "мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді [1].
Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай "құбыжықтарға" қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі () және моңғол мифологиясында "маңғыш" (маңғыс, мангус) айдахар, кеоемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпалардың арасында "салыр" руы болған, бүгінгі түрікмен ұллытының құрамында "салор" ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдахар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар.
Оғыз салылар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып айдаұһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады.
[өңдеу]Географиясы

Қосымша қараңыз Маңғыстау географиясы
Маңғыстау – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан.
Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.
Облыстың шеткі нүктелері:
Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б.
Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде
Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы
Солтүстік - Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады.
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.
[өңдеу]Климаты
Қосымша қараңыз Маңғыстау климаты
Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады.
Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады
Жыл бойы ауа ағымының негізгі үш түрі әсер етеді:
арктикалық,
полюстік (немесе қоңыржай белдеулік)
торпикалық.
Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік белігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай еркін етеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықтардан өте отырып, көп ылғалын жоғалтады. Сейте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі белігін әкеліп, қысқы температураны жоғарылатады да, жаздғы температураны төмендетеді. Солтүстік Мұзды мүхит аймағында қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән.
Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мүндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіл аралық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты,көктемде тым кеш (бесқонақ), күзде ертерек суық түсу мысалдары ұшырасады.
Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді.Осы жайттардың әсерінен тым қүрғақ континенттік климат қалыптасады. . Атырау қаласында атмосфералық қысымының орташа жылдық мөлшері 1022 мб, қыста 1027 мб, жазда 1012 мб, яғни Қазақстаннан басқа аймақтарына қарағанда жоғары. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдердің жиі қайталанып келетіні байқалады. Қыста Каспийдің суы, іргелес жатқан құмды шөлдермен салыстырғанда, аз ғана суиды.
Осыған байланысты суық ауа ағымының шөлден Каспийгө қарай ауысу тенденциясы қалыптасқан. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны шаруашылықта пайдалануға болады. Күшті жел бұл аймаққа тән құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6-7 м/сек, бүл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз (күндіз теңізден қүрлыққа қарай, ал түнде, керісінше, құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады.
Жылдың ең суық айы - қаңтар. Қиыр солтүстікте және солтүстік-шығыста қаңтардың орташа айлық температурасы минус 10-15,6° С (Ақтөбе). Маңғыстау облысының оңтүстігінде минус 5,5°С (Аққұдық). Жалпы алғанда, қысы қоңыр салқын, ал аймақтың солтүстігі, сол ендікте жатқан Украинамен және Солтүстік Кавказбен салыстырғанда, біраз суықтау. Солтүстігінде қыс 4,0 - 4,5 айға созылады, ал оңтүстігінде мерзімі қысқа да жұмсақтау. Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстігінде 15-20 см, оңтүстігінде 10 см-ден кем, солтүстікке қар мызғымай 3 ай бойы жатса, оңтүстігінде 1,5-2 ай ғана жатады. Кей мезгілде, қысы біршама суық жылдары, аяздың көрсеткіші: Орал қаласында -43°С, Ақтөбеде -34°С,Маңғыстау облысының оңтүстігінде -26°С.
Алқаптың біраз бөлігінің жазы ыстық, құрғақ, күні ашық. Шілде айының (ең ыстық ай) орташа температурасы солтүстігінде (Орал) +22,0°С, оңтүстігінде (Аққұдық) +28,6°С. Кей жылдары ауаның температурасы +47°С-қа дейін (Аққұдық) көтеріледі. Аймаққа үзақ мерзімді аязсыз кезең тән, бұл көрсеткіш 160-215 тәулік аралығында өзгереді. Мол жылу қоры аймақта жылусүйгіш ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру мүмкіндігін туғызады. Бірақ жауын-шашын мөлшері, тым аз, әсіресе Маңғыстау облысының оңтүстігінде оның орташа жылдық мөлшері солтүстігінде (Орал)360 мм, оңтүстігінде (Аққұдық) 150 мм. Өсімдік өсуге қажетті ылғал мөлшері жеткіліксіз, сондықтан мұнда, негізінен,суармалы егістік алқаптары орналасқан. Жазда температураның жоғары болуынан булану да артады. Мұны дақылдардың көпшілігінің вегетациялық даму көзеңіндегі ылғалдылық жиынтығының жетімсіздік көрсеткішінен (1105-2860) байқауға болады. [2]
Тіркелген ең суық күн 1969 жылы 10 акпан -28 градус ыстык 43 градус (14.08.2006) ортага температура 12б2 орташа жылдык жауын шашын 167 мм [3]
[өңдеу]Жер бедері
Қосымша қараңыз Маңғыстау жер бедері
Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТМД дағы ең терең ойпат (-132 м.) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр.

[өңдеу]Әкімшілік құрылымы

[өңдеу]Тарихи кезең
Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы Ресей империясына қосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Ж
...