Сайт қазақ тілінде түрлі тақырыпта нақты сұрақ пен оған сапалы жауап алуға бағытталған. Сайт 10.10.2010 жылы ашылды. Бірнеше айдан соң сайтымызға 1-жыл толады. Осы уақыт аралығында өзінің қажетті екендігін күн өткен сайын дәлелдеп келеді. Сайт тегін таратылатын Question2Answer движогы негізінде жасайды. Оны қазақ тіліне бейімдеп, сіздерге ыңғайлы да түсінікті етіп, түрлі түрлі жаңартуларды қолданып, сіздерге лайықты етіп істеп келемін. Бұл сайтты жасау жөніне келсек шығу тарихы мынадай. Егер кіріп көремін десеңіз осы сайттың сұрақ қоюып жауап алу поддержкасы мына жерде. http://question2answer.org/qa/ Ал движок туралы білгің келсе мұнда кір. http://question2answer.org/
Былтыр жаз айында Веб-сайт жасау курсына қатысып түріп, алғаш www.termin.kz сайтын жасап жүрген кезім. Интернеттен ақпарат іздестіріп жүріп Ответы.Майл.ру сайтына тап болдым. Сонда бір қарындасым қазақ тілінде сұрақ қойған екен. Сайттың аудиториясы орыстар, ол сұрақты түсінген де жоқ, тиісінше біраз уақыт байқап көрдім, бірде-бір жауап алынбады. Сол кезде қазақтардың қажеттілігін қанағаттандыра алатын, осы сайттың қазақшасын істеймін деген ойға келдім. Термин.кз сайтын аяқтап бола сала, осы сайтты жасауға кірісіп кеттім. Менің веб-программалаудагы білімім маған қажетті осы сайттың мүмкіншілігіндей жасау деңгейіндей білімім болмағандықтан СМС-терді іздестіре бастады, тиісінше 3-4 күн бойы қажетті ақпарат іздестіріп осы движокқа келіп тоқтадым. Бізге лайықтап өзгертіп сайтты туралап шықтым. Негізі бір Ответы.Майл.ру өзінде 20-30 шақты адам істеп жатыр, 5-8 программист, 10-15 модератор т.б. дегендей. Ал біздің сайтты движогын 1 жігіт, мен соны сіздерге лайықтап, ал аздаған көмек қолын ұсынып жатқан 4-5 модератор мен редакторға сенім артып істеп келеміз. Ол Ответы.Майл.ру сияқты менде асып бара жатқан қаражатым жоқ, сондықтан модераторларға қатал болып, сайттагы ақпараттарды қадағалап отырын нұсқау бере алмаймын. Бірақ алдағы уақытта бұл мәселелер өз шешімін табады. Шамамыз келгенше істеп жатырмыз.