0 дауыс
2.4k көрілді
Сәлееем!!! Бүгін  ф.ғ.к;  доктор ағаймыз "Бақыт дегеніміз не?" деп сұрақ қойды. Біз әр қайсымыз әр қалай жауап бердік. Бірақ ағайымыз біздің бір нәрсені қалдырып кеткенімізді айтты, соның не екенін өзіде айтқан жоқ. "Ойланып келіңдер "-диді. Енді сұрақ сіздер қалай ойлайсыздар Бақыт дегеніміз не?

6 жауап

+1 дауыс
Мен үшін бақыт бұл.... Ата-анамның денсаулығы мықты болғаны  Өзімнің сабағымды жақсы оқығаным мен үшін бақыт!
+1 дауыс
"Бақыт деген – сенің бала
күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп
жүргенің.
Бақытын да, басқасын да
білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның,
күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау
білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық,
бірде мұң.
Бақыты сол – тәрік етіп
түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-
кім.
Бақыт деген – әркімдерде бір
арман,
Сол арманның шыққан жері
құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл
қазір –
Бақыт жайлы жаза алмаған
шығармаң.
Бақыт іздеп, мал бақ, мейлің
тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен
тастама:
Бақыттысың, бақыт іздеп
сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең,
масқара!
Бақытың – мен, бақытым деп
біл мені,
Мені білсең, бақытыңды
білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты
күндерім –
Балам, саған бақыт іздеп
жүргенім."Мұқағали Мақатаев."
"Бақыттың кілті -еңбекте"
+1 дауыс
Бақыт деген- барға қанағат, жоққа ынсаб!!!!
+1 дауыс
Бақыт дегеніміз ол-жақын адамдарыңның аман саулығы, сүйгеніңнің бақытты болуы.Ата-анаңды, отбасыңды, туған жеріңді сүю.Бақыт балалық шақтан басталады.Бақыт-ол сенің қуаныштық сезімің.

«Бақыт»- деген қандай нәрсе білмедім,
Балалықпа, шаңға аунаған күндерің
«Бақ» туралы білмесеңде ештеңе,
Асыр салып, достарыңмен жүргенің.



Мүмкін «Бақыт» бозбалалық шағың ба?
Кемерге кеп, бой түзеген шағыңда…
Ой тоқтатпай,ұнағанға сөз айтып,
Жас ұландай сезінерлік бабында.



Осы сұрау болатынын білгенмін,
Бақыт бәлкім ғашықтықпа білмедім
Сезінеді бақыттың не екенін,
Біле-білсе ғашық болып кімде-кім!



«Бақыт»-деген қолға түспес әңгүдік,
Сырттап жүрер, айналшықтап паң күліп
Ол тек қана басын иер ардақтап,
Шын сүйгенге, адалдықты aр қылып!
Белгісіз ақын
+1 дауыс
мен...мен...мен бақыттымын! Аллах тағалаға шүкир! Он екі мүшем сау,ата-анам,бауырларым жанымда.бұиыртса,қызыл дипломға бітіргелі жатырмын оқуды. Жұмысқа да тұрдым. Негізі мен мұсылман болғаным үшін де бақыттымын! бақыттымын деп жар саламын күллі әлемге....енді өзімнің арманымдағы өмірлік жарымды кездестіріп,омен де бақытты өмір кешкім келеді!!МЕН БАКЫТТЫМЫН!!!
Арманыңызға жетіңіз! Достар қазақша әріптермен қатесіз жазуға тырысайық!!!
0 дауыс
бакыт деген  журектеги иман  бакыт деген ол ислам   алахты суйсен берер ныгмети мен  бакыты шексиз
...