0 дауыс
1.2k көрілді
Сaлем достар!
Кешегі уақытқа дейін Joomla 2.5 движогында жасалған сайт админ панелі жақсы істеп тұрды. Келесі күні кірейін десем: Не удалось проверить подлинность: В доступе отказано деп қате шығарып тұр
Хостинтегі phpmyadmin-ге кіріп0, jos_plugins ішіндегі  - Authentication - Joomla, User - Joomla! үшін access, published мәндеріне "1" бердім.
Нәтиже болмады.
jos_users ішіндегі админ қолданушының құпиясөзін МД5 арқылы өзгерттім, нәтиже жоқ.  Authentication - Joomla үшін қайта жасайтын және жаңартатын  мына sql скриптті жібердім:

> UPDATE
>     `jos_plugins` SET
>     `name` = 'Authentication - Joomla',
>     `element` = 'joomla',
>     `folder` = 'authentication',
>     `access` = '0',
>     `ordering` = '1',
>     `published` = '1',
>     `iscore` = '1',
>     `client_id` = '0',
>     `checked_out` = '0',
>     `checked_out_time` = '0000-00-00 00:00:00',
>     `params` = '' WHERE
>     `id` = '1';
>
> UPDATE
>     `jos_plugins` SET
>     `name` = 'User - Joomla!',
>     `element` = 'joomla',
>     `folder` = 'user',
>     `access` = '0',
>     `ordering` = '0',
>     `published` = '1',
>     `iscore` = '0',
>     `client_id` = '0',
>     `checked_out` = '0',
>     `checked_out_time` = '0000-00-00 00:00:00',
>     `params` = 'autoregister=1\r\n\r\n' WHERE
>     `id` =  '5';

Бұдан да нәтиже болмады.

Кеше сайтқа әлеуметтік желілердің логині арқылы кіретін 1 плагінді өшіріп, өзім бір модуль жасап соны авторизацияға байлап оны тағы өшіріп тастағанмын. Бірақ кейін артынан қарасам бәрі орнында сияқты.

Достар, көмек керек. Қандай басқа варианттарыңыз ба айтар?

1 жауап

0 дауыс
Қайырлы күн, достар! Сұрақта келтірілген жолдар, джумла движогының админ құпиясөзін қзгерту жолдары еді. Бірақ менің жағдайымда бұл жолдар көмектеспеген еді.
Менің проблемам шешілді. Алдымен, /webspace/httpdocs/my_site/logs/error.php ішін қарадым. Әлбетте, ондағы қате "GMail FAILURE:     Failed to authenticate: Access Denied" деп тұр екен. Демек, GMail модулінің кесірінен қате шыққанын түсіндім. Бірден phpmyadmin басқару панеліне кіріп, jos_extensions (кей жағдайда jos_ префиксінен бөлек болуы мүмкін) plg_authentication_gmail плагинінің access, published пункттеріне "0" (өшіру) мәнін бердм де, жанындағы plg_authentication_joomla үшін access, published пункттеріне "1" (қосу) мәндерін бердім. Нәтижесінде, админ панелімді қайтарып алдым. Шүкір дегеннен басқа айтар жоқ. Рахмет!
...