+1 дауыс
27.5k көрілді
Жеке кәсіпкер болғым келеді соған нақты нақты жауаптар керек көп қаржысыз бизнес ашу керек болып тұр.Түсінесіздерме босқа уақытым өтіп жатқан секілді осы кезден ұмтылу керек болып тұр.Маған кеңес беріңіздерші қандай бизнес түрлері бар жәнеде 100 мың теңгемен болама бизнес ашуға тек зданиясын салуға жетеме толық жауап керек осы сұраққа нақты жауап таппай жүрмін халайық не істемін?(think)|-)

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе  заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе, онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады:
1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан  құрылады.  Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін  жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады.

2. Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады.  Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.

Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:

1) белгіленген формадағы өтініш;

2) 2 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.

Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:
Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
I, II және III топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .

3) жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін);

4) фотосурет (3,5 х 4,5);

5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат).

Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні  ішінде «жеке кәсіпкер» куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:
мөр дайындау;
банктен шот ашу;
кассалық аппаратты тіркеу.
0 дауыс
жеке касипкер уакытша 1 ай колеминде оз жумысын токтатса белгили бир себептермен ягни мемлекетке салык толеуи шартпа себеби ол 1 ай колеминде жумыс орнында болмады осыган нактырак жауап
0 дауыс
"Кəсіпкер болсам..."

1. Не өндіру қажет?

2. Сол өнімді қалай өндіру қажет?

3. Кімге өндіру қажет?

4. Қанша өндіру қажет?
0 дауыс
Болады 100000мың мен ашуға
+1 дауыс
Бизнес бірге ашатын адам іздеп жүрмін.Кəсіп орын ашып бір жұмысты қолға алсамба деймін мен Шымкент қаласынан
Сізбен қалай байланыса аламын?
0 дауыс
Хабарлас фейк емес

87072235964
0 дауыс
Дектретке шыгу ушин 6 ай салуга болама?және 6айдын акшасын 1айда толеуге болама?

Ұқсас сұрақтар

...