0 дауыс
3.9k көрілді
саясат жайлы афоризмдер білесіздер ма? маган шетел галымдарынын айткан сөздеріде бола береді, тек қана қазақша болса болды? өтінем комектесіңіздерші? алдын ала рахмет!!!!!!!!!!!!

1 жауап

0 дауыс
— Саяси ойында жауың досыңнан әлдеқайда пайдалы: өйткені, бетіңе көлгірсіп, сыртыңнан ғайбаттамайды.
— Мемлекеттік қайраткердің саясаткерден айырмашылығы — саясаткер келесі сайлаудың жайын ойлайды, ал, мемлекеттік қайраткер келер ұрпақтың қамын ойлайды.
— Саясат соғыс тәрізді еліктіргіш нәрсе. Бірақ, соғыстан гөрі қауіптірек. Соғыста сізді бір ғана рет өлтіруі мүмкін, ал, саясатта бірнеше рет өлтіреді. У. Черчилль
— Саясаткер — бұл өзінің дауысы мен халықтың дауысын шатастырып алған адам. Д. Говард
— Саясат — кіруінен шығуы қиын шытырман тәрізді. У.Гладстон
— Егер сіздің бет теріңіз мүйізтұмсықтікіндей қалың болмаса, саясат сіз үшін қол емес деген сөз. Ф.Рузвельт
— Егер сіз ең құрығанда аптасына екі рет адамгершіліктен жұрдай тыңдаушылардың алдында адамгершілік туралы көкезулене білмесеңіз, сіз үшін саяси саланың есігі тар, жабық деп есептей беріңіз. О. Уайльд
— Саясат — өтірікті ақиқатпен, ақиқатты өтірікпен алмастырушы құрал.
П. Буаст
...