–2 дауыс
636 көрілді
"маған шығарма керек,  дәл қазір" немесе "мынаның жауабы не?" деген сияқты сұрақ қойғандарыңыз үшін ұялып отырмын. кішкене бастарыңды ауыртып, ойлансаңдар болмас па еді? жаттығу не үй тапсырмаларының жауаптарын интернеттен іздеп жазу дұрыс емес, ол білім де болмайды. іздеген жауаптар көз алдыңда көлбеңдеп, 10 жылдан кейін де ойыңда қалатындай болмаған соң, яғни тапқан жауаптар ми қыртысында талданбаған соң, миыңда тұрған ойды ауызша судыратып айта алмаған соң, алған білім мен қойылған баға бекер! "элементарный" нәрселерді сұрап отырған қолданушылар да бар екен. сонда біздің орта және арнайы (тіпті жоғары) оқу орындарында оқып жүрген "болашақтың құрылысшылары" осындай дәрежеде ме?
қысқасы, қолдарыңда (немесе сөмкелеріңде) компьютер емес, кітап болса, ең болмаса күніне 1 сағат кітап оқысаңыздар, мен жастар үшін қатты қуанар едім. сендердің аз да болса өзгеретіндеріңе (оқитындарыңа) сенгім келеді, жас буын!!! аман-есен жүріңіздер!

1 жауап

0 дауыс
Публикаға ойнамаш типа актриса болып.Өзінді бір бізден жоғары санайсың ау шамасы
озі мұғалім ба сондай бірдеме сияқты.  Гул14мерген  жауап мысалы біз таба алмадық делік енді адамдардан комек сұрауға тура келмейді ме озіңізде сойтесізғо бәріміз сойтемізғо
Kenzhebaev Nurjan, мен актриса емеспін, бұрынғы педагогпын, қазір денсаулық жағдайыма байланысты үйде отырмын. мектептен бастап аспирантураға дейін жақсы көрсеткіштермен оқығанмын, олимпиадалардан қалып көрген емеспін, сондай-ақ, бірде-бір грамматикалық қате жіберместен сауатты жазамын, жеке тапсырыстар болғанда 3 тілде коррекция жасаймын, баспаға дайындап беремін. бұл қасиеттер екінің бірінен табыла ма, қайдам. қысқасы, мен өзімнің бағамды білетін адаммын. бұл өзін жоғары санайтындарға жата ма сенше? айналайын, zhardemovnaaa, қызым үшін жауабым: орта мектеп немесе басқа оқу орындарында бағдарлама бойынша өтетін дәрістердің сұрақтары сол өтілген дәріс аясында ғана болады. ешқандай мұғалім сұрақты аспаннан алмайды, сол өтілген сабақтардың тақырыбы төңірегінен құрастырады. ал сұрақты дұрыс қоя алмайтын, тақырыптан алшақтап, оқушыларға түсініксіз сұрақтар дайындайтын мұғалімдер, әрине, кездеседі. ондай мұғалімдердің өздері баяғы  студент кезінде ілініп-салынып, "зорға" универ бітіргендерден шығады. жауабым кейбіреулерге "тиіп" кетсе, ғафу етіңіздер, мен реалистпін.
Өзіңізді әдемі мақтай екексіз!!! Респект сізге
...