0 дауыс
17.4k көрілді

2 жауап

+2 дауыс
Қазақстанда ақ қан ауруын жеңуге мүмкіндік бар ? гемотолог мамандар

Жыл сайын Қазақстанда ақ қан дертіне ұшыраған 1200-ға жуық адам тіркеледі. Онкологиялық аурулар жөнінен 2000 жылы 8-орында болған біздің еліміз 6-орынға шықты. Бұл туралы мамырдың 18-і күні өткен баспасөз мәслихатында ҚР Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты гемотология орталығының директоры Райгүл Рамазанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елде гемотолог мамандардың қызметін үйлестіріп, зерттеу мен емдеудің әдістемелерін енгізетін бірегей Гемотологиялық орталық жоқ. Дегенмен, осы мәселені шешу мақсатында аталған институттың бастамасы бойынша Еуропаның іргелі клиникаларымен ынтымақтаса отырып, Гематологиялық мектеп ашуға қол жеткізілді. Осы жоба бойынша 2004 жылы неміс дәрігерлері келіп, гемостозды емдеу мен анықтау хақында дәріс оқыды. Соңынан қазақстандық дәрігерлер Германияға барып, тәжірибе алмасты. Педиатрия институтының қызметкері Күлән Омарова 1993 жылдан бері балалар арасындағы жағдай біршама жақсарып келе жатқанын атап өтті. Осы институтта «КэрГермания» фирмасының қолдауымен Онкогемотологиялық орталық ашылған. Мамандардың айтуынша, емдеу шараларының келесі деңгейі, яғни жілік майын ауыстыру мәселесі алда тұр. «Егер осыған қол жеткізіп, институт жанында Жілік майын ауыстыру орталығы ашылса, ауруды айтарлықтай дәрежеде жеңуге үміт бар», дейді К. Омарова. Оның сөзіне қарағанда, лейкемияға шалдыққан балалар үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша дәрі-дәрмек сатып алынады. Германияның Ганновер қаласынан келген профессор, гематолог Арнольд Гансер қазақстандық мамандардың елеулі жетістікті игергеніне тоқталды. Ол өз елінде осы дертті жеңу үшін жасалған шаралар туралы айта келіп, қазақстандық дәрігерлердің біліктілігіне сенім артты.
+1 дауыс

Сізге бұл диагнозды дәрігерлер қойды ма? Гематолог дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
+1 дауыс
3 жауап
...