0 дауыс
3.5k көрілді
Салем достар.маған Вавилов дәлелдеген мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары жазылған кесте керек.көмектесіңіздерші.алдын-ала рахмет!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтауға Н.И.Вавилов зор еңбек сіңірді. Ол дүние жүзі бойынша экспедициялар ұйымдастырып, мәдени өсімдіктердің алуан түрлері мен олардың географиялық таралу аймақтарын зеріт-теді. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің барлық географиялық аймақтарға бірдей тарамайтынын және әр дақылдың өзінің шығу орталығы болатынын анықтады.
1. Оңтүстік азиялық орталықтан (Тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңт. Қытай, Оңт.-Шығ. Азия аралдары) күріш, қант қамыс, цитрусты жемістер шыққан.
2. Шығыс Азия орталығы (Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Корея) күріш, тары, соя отаны.
3. Оңтүстік – Батыс Азия орталығы (Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауған-ыстан, Солт.-Батыс Үндістан) бидай, қарабидай, бұршақтұқымдастар және жүзім-нің отаны.
4. Жерорта теңізі орталығы зәйтун ағашы,орманжапырақ, көптеген көкөністер мен мал азықтық дақылдарының орталығы.
6. Орталық Америка орталығы (Мексика) жүгері, мақта, темекі, үрмебұршақ, какао, бірқатар асқабақ тұқымдастарының отаны.
7. Анд (Оңтүстік Америка) орталығы картоп, кокайын бұталары, хина ағашы, жержаңғақ, қызан, анасан отаны.
0 дауыс
7 сыныптын биологиясында болады, шың кітаптарда интернеттен де іздеп қарауға болады
...