0 дауыс
1.8k көрілді
Кішіпейілділік туралы мәтін құрап бере аласыздарма?

1 жауап

0 дауыс
Кішіпейілділік дегеніміз жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.

Адам – әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдындағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет-парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кішіпейіл етеді. Ондай адам өзінің артықшылықтарына пәлендей мән беріп жатпайды, өзінен-өзі солай болуға тиісті нәрсе деп қарайды. Бұл сияқты адамдар көбінесе, шынында да, айтарлықтай артықшылықтары бар адамдар, өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер болып келеді.

Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.

Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, өзінің қызметін дабырлатып марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды. Қарым-қатынаста тұрақтылық басым болып, аумалы-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені, ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды.

Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады. Кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге дайын тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.

 https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/10992/
...