Менің сыйлығым атты шығарма табу?

0 дауыс
28.2k қаралым
Менің сыйлығым атты шығарма табу?
Қазақ тілі

5 жауап

0 дауыс
Менин сыйлыгым ол кымбат тиын нарсе турар зат емес мен адамга сыйлык берер болсам екеумиздин достыгымызды билдиретин еске салар естеликтеги бир нарсе берер едим менин досыма берер сыйм ол гана емес сыйлык ретинде мен акылымды тилегимди де бере аламын
0 дауыс

Менің сыйлығым

Ана. Өмірдегі ең асыл жан сізсіз. Сіздің мейірімділігіңіз теңіздей шексіз. Сізге сыйлық сыйлау мен үшін үлкен бақыт. Сіз үнемі гүлдей құлпырып жүресіз. Дала аяз болса да, сіздің құшағыңыз жылы.

8 наурыз келе жатыр. «Не сыйласам екен» деген ой мазалайды. Сатып алсам ба екен? Жоқ. Бұл керемет сыйлық емес. Ал ендеше не сыйласам екен? Ең үлкен сыйлық — бағасы қымбат сыйлық емес, жүректен шыққан сыйлық. Мен қолөнер үйірмесіне қатысатын едім. Ендеше кесте тігіп немесе бисерден әдемі бұйым тоқып сыйлап қуантуым керек. Бұл ең құнды, бағалы сыйлық деп ойлаймын.

Аяна ЖЫЛҚАЙДАРОВА.

0 дауыс

Ана - әлемдегі ардақты да аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін ата-ананың қажеттігі одан да басым. 

Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол - ана. Асыл дінімізде де Пайғамбарымыз (с.а.с.) "Кімді сыйлау керек?" - деген сұраққа үш мәрте де "Ананы" деп жауап берген. Сондықтан дұрыс адам болып, "Адам болса екен" деген үмітін ақтап, салиқалы ғұмыр кешіп, оны өмір бойы алақанға салып аялап, сыйлау ең үлкен сый болар. Жұмақ - ананың табанының астында. Оның разылығын алмай, жақсы өмір кештім деудің өзі бекершілік болар.

0 дауыс

Бала кезден білуге тиісті әдет-ғұрпымыз

Адамның әрі жақсы, әрі осал бір мінезі бар. Ол өзін басқалардың материалдық ынталандыруын, түрлі мерекелер мен мерейтойларында сый-сияпатқа ие болуды жақсы көруі. Иә, адамдар жаратылысынан мал-мүлік пен дүниеге құмар. Олардың ішінде мол байлыққа жету үшін бәріне де баратындар, сол жолда «қажетті» жандарға сыйлығын аямайтындар да көп. Алайда адал ниетпен ұсынылатын сыйлық пен қаншама «сый-сияпат» деп бүркемелегенімен параға жататын «сыйлықтың» айырмашылығы жер мен көктей. Сыйлық беру – қай халықта да ізгі әдет-ғұрып.

Ислам сыйлық туралы

Бұл өмірде адамдардың ақ ниетпен бір-біріне сый-сияпат көрсетуі олардың арасында өзара мейірім, құрмет, махаббат, түсіністік сезімін оятады. Ислам дағуатшыла-ры (дінімізді уағыздаушылар, дін ғұламалары) адамдардың психологиясы мен жан-дү-ниесіне айрықша әсер ететін осынау әдет-ғұрыпты тиімді пайдаланған. Соның нәти- жесінде дінаралық, ұлтара-лық келіспеушіліктер мен дұшпандықты достық пен түсіністікке айналдырған. Осыған орай Ұлық Пайғам-барымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

былай деген: «Араларың-дағы дұшпандық пен кекті жою үшін сыйлық беріп, бір-біріңді жақсы көріңдер». Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғам-бар өзіне келген елшілерге де, басқа адамдарға да сыйлық беруді ешқашан да есінен шығармаған. Бір рет Ол Бахрейннен жиырма адамды Мәдинаға арнайы шақыртып алады. Олардың ішінде он екі адам Абдулқайыс қауы-мынан еді. Бұлардың бәрі де Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) кездескеннен кейін Ислам дінін қабылдайды. Шақырыл-ған адамдар елдеріне қай-туға жиналып жатқанында Аллаһ Тағаланың сүйікті Елшісі Абдулқайыстықтардың әрқайсына сыйлық беруге бұйырады да, елшілердің бас- шысы Абдуллаһ ибн Ауфқа он екі жарым үкие (өлшем бірлігі) күміс береді. Пай-ғамбарымызға (с.ғ.с.) Мура ұлдарының он үш адамнан тұратын уәкілдері келгенде оларға да сыйлық беру жөнінде Біләлға (р.а.) әмір етеді. Расулуллаһтың (с.ғ.с.) осы- лай адамдардың көңілдерін жадыратып, олармен түсі-ністік, тіл табу үшін сыйлық берген кездері көп. Олай болса, адамдардың әлеумет-тік жағдайын жақсарту, олармен достық қарым-қа-тынаста болу үшін сыйлық берудің айыбы жоқ. Шариғат ақ ниетпен сыйлық беруге, оны алуға қарсы емес. Тек жасаған жақсылығы, көрсетер көмегі үшін сыйлық дәмету мұсылманшылыққа, адамгершілікке жатпайды. Қазір миссионерлер адамдарды басқа дінге тарту үшін сыйлық беруді шебер пайдаланады. Өйткені адамдар-дың мал-мүлікке қызығуы бұрын қандай болса, қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде одан да күшті. Алай- да материалдық игілік, сый-лық үшін дінін сату – үлкен күнә.

Сыйлық берілетін қуаныштар
Кез-келген адамның ғұмы-рында бақытты кездері аз болмайды. Олар: туған күн, мектепті, жоғары оқу орнын бітіру, атақ, дәреже, мемлекеттік наградалар алу, жаңа үйге кіру, қымбат ав-токөлік міну және тағы да басқа оқиғалар мен мере-келер, мерейтойлар. Мұндай кездері адамдар өздерінің қуаныш-қызықтарын жақын туған-туыс, дос, жолдас, көршілерімен ақ дастарқан басында, ән-күй құшағында бірге бөліседі. Шақырылған қонақтар түрлі сыйлықтар әкеледі.

Сыйлықты бұлардан басқа жәй күндері де ізгі құрмет белгісі ретінде ұсынуға болады. Әдейі жіберілген сыйлық, мейлі гүл шоғы, ашық хат болсын, бағасы қымбат болмаса да, ол адамға қуаныш сыйлайды, көңіл күйін сергітеді, достық, туыстық қарым-қатынасты нығайтады. Сыйлық алған адам өзгенің өзіне деген ілтипатын, қамқорлығын сезінеді, рухани шабытқа бөленеді. Сол себепті әрбір ата-ана баласына жақсы көретін жақындары-на сыйлық ұсынудың әдебі мен рәсімін жас кезінен-ақ үйрете бастағаны - нағыз өне- гелілік. 1. Сыйлықты қашан береді?

Туған күнге, кәмелеттік аттестат, диплом алуына сыйлықты сол күні берген дұрыс. Мұндай сыйлықтарды алдын-ала беріп қоюдың қа- жеті жоқ. Халық дәстүрінде туған күнін, мерейтойын ал- дын-ала тойламайды. Ерлі- зайыптылардың күміс, ал- тын, гауһар тойларында да сыйлықты қуаныш үстінде ұсынған жарасымды. Кейбір отбасыларда оның мүшеле-ріне Жаңа Жыл қарсаңында сыйлық беру дәстүрі бар. Оның ешқандай айыбы жоқ, ол теріс іс болып саналмай- ды. Әйелдерге 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні, ерлерге 7-мамыр – Отан қор- ғаушылар күнінде, адамдар- ға өз кәсібінің төл мереке- сінде сыйлықтар беріле-ді.

2. Сапардан сыйлық әкелу
Саяхаттап, іс-сапарға шы-ғып, қыдырып басқа жаққа барып қайтқан адамдар үй ішіне әртүрлі сувенир тәрізді әсем заттарды ескерткіш белгі ретінде әкеліп береді. Басқа жақта тұратын туыстарына, дос, жолдастарына барған адамдар да сол отбасына сый-лықтар апарады. Сыйлық-құрмет белгісі болғандықтан, оны алған адам берілген сыйлықты арзан, қымбат, үл-кен, кіші деп бөлмеуге, оны менсінбей ренжуге тиісті емес. Кейде әйелдер алыс-та тұратын туған-туыстары- на барғанында алма, алмұрт, апельсин, мандарин тәрізді жеміс-жидектерді де ала салады. Жасыратыны жоқ, оны кейбіреулердің місе тұтпай, «Мен жеміс-жидек жемей жүр ме екенмін. Әкелген көй- легі, шапаны, сыбағасы қай-да?!», - деп ренжіп те жа- тады. Бұл – сыйластықты білмеу, есептесу, мастану-шылық.

Сыйлық таңдау талғамы
Сыйлықтың қымбат, пай-далы, зәру зат болуы мін- детті емес. Бірақта алған сыйлығың ол арналған адам-ның талғамына сай болғаны абзал. Және де сыйлық таң- дағаныңда ол сенің де тал-ғамыңды танытып тұратын болсын. Сыйлықтың пайдалысы да, пайдасызы да бар. Сенің жақсы көрген сыйлы-ғыңның басқа адамға ұнамауы да, керексіз, пайдасыз болуы да мүмкін. Мысалы, сыйла-ған сумка, портфельіңнің түрі, түсі арналған адамға қолай- сыз, жараспайтын, ұнамай-тын, сыйлаған киіміңнің тар, қысқа болуы құрмет көрсет-кен адамыңды қуаныш-қа бөлемейтіні есіңде болсын. Эстетикалық талап, тал- ғамға сай келмейтін заттар да сыйлыққа жарамайды. Қымбат сыйлық беру адам- ның материалдық жағдайы-на байланысты. Мұндай сый-лықтарды бірнеше адамның бірігіп алғаны дұрыс. Олар-дың қатарына теледидар, кілем, тоңазытқыш, кір жуатын машина, ас үй, қонақ бөлмесі жиһаздары, құндыз ішік, тондар тағы да басқа заттар жатады. Досына, туысына, қатты құрметтейтін кісісіне арнап шығарылған өлең, ән, күй-ден, салынған суреттен ар-тық қымбат сыйлық жоқ. Шын жүректен, талантты адамның шығармашылық шабытынан дүниеге келген мұндай өнер туындыларын сатып алуға болмайды, сатылмайды да. Адамның өткен өмірінің ерек- ше бір кезеңін, тарихи оқи-ғасын еске түсіретін және оның естелік белгісі болып саналатын құжаттар да, фо-тосуреттер де, бейнетаспалар да, ата-бабасынан қалған зат- тар да қымбат сыйлық болып саналады. Кейбір отбасылар ұлы атасы мен ұлы әжесінен қалған асыл заттарды, бұйымдарды ұрпақтары-на сыйға тартып, аманат ре- тінде тапсырып отырады. Мы- салы, біздің үйде әкемнің әкесінің апасынан ескерткіш-ке қалған зергерлік төс бар. Ол бірнеше атадан бері ұста, зергер болып келе жатқан біздің әулеттің асыл мұрасы. Сыйлықты талғаммен таң- дайды. Сонда ол оны ұсыну-шының ба, әлде оны алушы-ның ба, кімнің талғамына сай болуға тиісті? Егерде екеуінің талғамдары сәйкес болса, өте жақсы. Ал талғамдары сәй-кес келмесе, сыйлық ұсынушы икемдік танытуы қажет. Тіпті, сыйлық алушы адамның тал-ғамы әлі жетілмеген, нәшар болуы да мүмкін. Мұндай жағ- дайда Сіздің сыйлығыңыз оның әсемдік туралы ұғымын өз-гертуге, жанын сүйсіндіруге ықпал ететіндей болғаны дұ-рыс.
Кімге қандай сыйлық ұсынады?

Әйелге Олар сыйлыққа гүл алғанды жақсы көреді. Алайда Сіз- дің сыйлаған гүліңіз тез солып қалып, сыйлық бергені-ңіз ұмытылып кетуі мүмкін. Сол себепті құмырадағы өсіп тұрған гүлді сыйлағаныңыз жөн. Ол гүлге көзі түсіп, оған су құйған сайын Сіз есіне түсесіз.

Үйдегі шаруасын жеңілде-тетін электро-техникалық құ-рал-жабдықтарды да сыйлауға болады. Әйелдің өміріне романтика-лық өзгерістер енгізгің келсе, әдемі иіс су, қас, қабақ, көз, бетті әрлейтін парфюмерия сый-лағаныңыз жақсы.

Кез-келген әй-ел, күміс, алтын бұйымдарға әуес. Қаржылай мүмкіндігіңіз келсе, мұндай заттарды сыйла- саңыз үлкен қуанышқа бөлей-сіз. Зергерлік заттарды әйел-дің жасына сәйкес сыйлайды. Әдемі, қымбат мата сыйлау да, әйелді қатты қуантады. Әдемі әмиянға ақша салып берсеңіз тіпті жақсы. 

Үй шаруасына қажетті заттарды сыйларда оның әйелге кір, ыдыс-аяқты жууға, үй ішін сыпырып жинауға тиісті еке-нін есіне түсіріп, өкпелетпеуі-не көңіл бөліңіз. 

Ерлерге

Жазу үстеліне қажетті керек-жарақты сыйлауға болады. Олар: күнделік, мұқабасы әдемі қойын кітапша, арнайы тапсырыспен жасалған визиткалар, қаламсап және т.б. заттар. Күйеуінің талғамын жақсы білетін әйелдер сыйлық таң-дауға қиналмайды. Балық, аң аулауды жақсы көрсе – қол- шам, қармақ, шатыр, авто-әуесқой болса – машинасы- на қажетті керек-жарақ, су- венир, спортшы болса – жат-тығу құралдарын сыйлай- ды. 

Ән тыңдауды ұнататын ер- лерге сүйікті әншілерінің үн-таспасын, компакт дискілерін сыйлай береді. Ер адамның талғамын, дү-ниетанымын, әдет-ғұрпын жақ- сы білмесеңіз, оған шытыр- ман оқиғалы, мұқабасы әсем кітап, энциклопедия сыйла-ңыз. Ерлерге көзілдірік салатын әсем қапты да сыйлайды. Тек көзілдірік кимейтін ерлерге оны сыйлап қажеті жоқ. Ерлер сыйлыққа портфель алғанды да ұнатады, көбісі жақсы көйлек, галстукке құ-мар. Балаларға Олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сыйлық берген жөн. Ойыншықтар баланың рухани азығы болғандықтан, оны дұрыс таңдай білудің ма-ңызы зор. 

Бөбектерге сыйлайтын ойын- шықтар кірлесе оңай жуып алынатын, түрі мен түсі көз қызықтыратындай болсын. Балаға сәби кезінен суретті кітапшаларды сыйға тарт-саң, олардың дүниетанымы кеңейіп, кітапты ұқыпты ұс- тауға, сурет салуға үйрене-ді. Ал оған түрлі-түсті қарын- даштарды қоса берген абзал. Оларға тәттілерді, жеміс-жидектерді де сыйға береді. Үйлену тойындағы сыйлықтар Үйлену тойында сыйлық беру – қай халықта да қа-лыптасқан дәстүр. Алайда ол әр елде әрқилы. Кения, Танзания елдерінде Осы елдердегі масай деген халықта үйленетін жігіт болашақ жарының аяғының астына өзі аулап өлтірген арыстанның терісін тастайды және де олар алғашқы неке түнін соның үстінде жатып өткізеді. Бұл бола- шақ балаларының арыстан-дай өжет, батыл, қайратты болып туып, өсуі үшін. Жапонияда Атастырылмас бұрын күйеу жігіт пен қалыңдық бір-біріне ақшалай сыйлық береді. Қонақтар құнды сыйлықтар әкеледі, оның сыртында конвертке ақша салып, оны жас жұбайларға тарту етеді. Жас жұбайлар Жаңа жыл мейрамы кезінде, жаздың ортасында құдаға сыйлықтар жібереді. Кипр аралдарында Жас жұбайларға сыйлық әкелгендердің бәрі тойға ша-қырылған болып есептеледі. Олар да конвертке салып ақша сыйлайды. 

Польшада Мұнда да сыйлық орнына ақша беріледі, күйеу жігіт қалыңдығының басындағы ақ желегін өз қолымен шешкен кезде тойға жиналғандар олар- ға ақша лақтырады.

Венгрияда Күйеу жігіт қалыңдығына ақша салынға кішкентай сөм-ке сыйласа, қалыңдығы жауап ретінде оған үш немесе жеті беторамал ұсынады.
Малайзия халықтарында Той қарапайым өтіп, күйеу жігіт қалыңдығына сыйлық ретінде тамақ салынған поднос береді, жан-жануардың мүсінін немесе гүл мен ақша тарту етеді. Қонақтар бай-лықтың нышаны ретінде сый- лықтарымен бірге піскен жұ-мыртқаны қоса тапсырады.

Еврейлерде Үйлену тойында екі жақтың ата-анасы жас жұбайларға міндетті түрде қасиетті кітап – Тауратты сыйлайды. Күйеу жігіттің сыйлайтыны - әр түрлі сәндік заттар. Сыйлықты қалыңдыққа беріп жіберерде күйеу жігіттің қасында ешкім де болмауға тиісті. Қалыңдық болашақ күйеуіне «үлкен талит» (құлшылыққа қажет төсеніш) жібереді.

Германияда

Қонақтар жас жұбайлардың жүретін жолына шырша бұ- тақтарын төсеп тастап, сый-лыққа қолорамал алады. Дәстүр бойынша қонақтар тойдан қалған дәмді осы орамалға орап алып кетеді.

Қытайда Тойға дайындықтың ал-ғашқы сатысы – юэдин кезінде күйеу жігіт қалындықтың ата-анасына қымбат сыйлық- тар жібереді. Құда болуға уағадаласқаннан кейін қа-лыңдыққа шай, сырға, білезік, алтын тиындар тарту етеді. Арнайы қызыл қорапшаға салынған күріш, тұз, шарап жіберіледі де оның жартысы қайтадан күйеу жігітке жөнелтіледі. Той болатын кү-ні күйеу жігітке бұршақтың екі дәні сыйға беріліп, ол оны суға салып, артынан жеп қояды. Күйеу жігіттің отба-сы той алдында қалыңдық-қа той көйлегін, қосымша керек-жарақтарды, күріштен, бидайдан жасалған тандыр нан жібереді. Той үстінде көп сыйлық беріледі. 

Сыйлықты қалай ұсынған жөн?

Сыйлықты қалай ұсынасың, ол сондай әсер қалдырады. Сыйлық қаншалықты қым-бат болса да оны қалай болса солай, немқұрайлы ұсына салса, ол ешкімді де қуантпайды. Ал көтеріңкі кө-ңіл күймен, ізгі тілектермен, ыңғайын келтіре, орынды жерінде берілген сыйлық иесін ерекше шаттандырады. Алыстағы адамға сыйлықты сәлемдеме ретінде басқа бір қатынаған кісіден де беріп жіберуге болады. Мұндай жағдайда сыйлықпен бірге хат жолдап, құттықтау айт-қан жөн. Тек жақын жерде тұратындардың сыйлықты біреуден беріп жіберуінің ре- ніш туғызуы мүмкін. Сыйлық-ты кешіктірмей жеткізеді. Мерейтой иесі бір күн бұрын немесе той күні таңертең сыйлыққа ие болғаны дұрыс. Сыйлықты біреуден беріп жібергенде осы есте болсын. Сыйлықты ұсынғанда оның құндылығын айтудың қаже-ті жоқ. Оған гүл шоқтарын қосып ұсынса, тіпті жақсы.

Сыйлықты қалай қабылдаған жөн?

Кейбір кісілер берілген сыйлықты басқа жаққа алып қояды да, қонақтар кеткен соң ашып көреді. Өзгелер сыйлықты алысымен ашып көріп, оны берген адамға өз ілтипатын айтып жатады. Қонақ қуаныш иесінің көңілінен шығу үшін уақы-тын бөліп сыйлық іздеп, таң-дап, әуреленгендіктен өзіне жылы лебіздерді білдіргенін, сыйлығын құрметпен қабыл-дағанын қалайды. Сол себепті, сыйлықты ашып көрудің айыбы жоқ. 

Сыйлық талғамыңнан шық- паса да оған ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рах- мет айтуға тиістісің. Сый- лықты немқұрайлы қабыл-дауға, бағасын сұрап, басқа сыйлықтармен жұрт көзінше салыстыруға, пайдалы, пайдасыз екенін айтуға болмайды. Сыйлықты қайтып беру де - әдепсіздік, оны ұсыну-шыны сыйламаушылық. Сый- лық әкелмеген қонақтарды сөкпейді, оларға да басқалар-мен бірдей құрмет көрсе-теді. Үлкен тойларда тілек айтқаннан кейін сыйлықты арнайы мүйістегі стол үстіне қойып, оған аты-жөні, тілегі жазылған құттықтау открыткасын қыстырады.

0 дауыс

Ежелден бастап қазіргі күнге дейін сыйлық жасау символикалық мәнге ие: сыйлық сөздерді алмастырады, жақсы қарым-қатынасын білдіреді деуге болады.

Ағылшын мақалы "Кім сыйлық жасау біледі-сол өмір сүру біледі" деген.Біз сыйлықтарды тек олай жасау керек болғандықтан емес, сонымен қатар ол сыйлық сыйлаушы мен сыйлық алушыға рахат алып келеді.
Сыйлық сыйлаудың тарихы жоқ сияқты, олар әрқашанда болғандай.  Сыйлықты кімге, қалай және қашан сыйлағанды білу керек.Кейбір сыйлықтарды сыйлаудың белгілі бір этикеті, дәстүрлері бар.

Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы

Сыйлықтың тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлайтын.

Ортағасырларда этикет формалары қалыптасқан.Сыйлықтармен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды.Үйлену, еске алу, келісімге отыру, қонаққа бару және басқа да маңызды оқиғалар сыйлық сыйлаумен өткізілген болатын.

Сыйлықтың өткені жоқ сияқты, алайда оның тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған.
2000 жыл бұрын Вифлеемде Қасиетті жерде Иусус туған.Адамдар аспанда жұлдыз жанғанын көріп, құтқарушы бар екендігін түсінді.Олар Христос табыну үшін Вифлеемге жол ұстады.Олар сәбиге иіліп, сыйға алтын, ладан және смирна тартты.Осылайша, сыйлық жасаудың тарихы осыдан бастау алады.

Қазіргі заманғы сыйлық жасау этикеті
Сыйлық жасау
Әлемде сыйлық алғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады.Алайда әрбір сыйлық алған сайын бір міндет туындайтын сияқты болғандықтан, сыйлық сыйлау әлдеқайда қызығырақ.
Сыйлық әрқашанда қуаныш әкеледі.Ол әрқашанда құрмет пен сыйласымдық белгісі.Оның таңдалуы әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты.
Сыйлық таңдау кезіндегі көңіл аударарлық жай болып оның бағасы саналады. Қымбат сыйлықпен адамды ыңғайсыз жағдайға қойып қалу мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.
Соған байланысты кейбір елдерде сыйлықтын бағасы белгілі бір сомадан аспауы керек.Бұл әсіресе АҚШ-та маңызды рөл атқарады.Тіпті Л.Джонсон президенті билігі кезінде "Қызметкердің этикалық кодексі" қабылданды.Кодекс регламенті бойынша қызметшіге сыйлаған сыйлықтың бағасы отандастар үшін 20 доллардан, ал шетелдіктер үшін 225 доллардан аспауы керек.Сол сияқты декларациялар басқа да бірқатар елдерде қабылданды.
Сыйлықты адамның талғамына, қызықтыратын заттарына, өмір салтына және де хоббиына байланысты таңдау керек.Сонымен қатар ол оқиғаға, адамның жынысына және қарым қатынасыңызға да байланысты.Сыйлық сыйлау алдында оны алдын ала ойластырып алғаны жөн.Асығыста таңдалған сыйлық-сыйлық емес.Ал үйдегі керегі жоқ затты сыйлаған мүлдем этикет нормалары қатарынан тыс жайт.
Сыйлық сыйлау процеесіне де көңіл аударған жөн.Оны құр тез бере салу этикет нормаларына жатпайды.Оны әдемі және де сыпайы түрде сыйлау қажет.Сыйлық сыйлаудың алтын ережесіне сәйкес сыйлаған адамға сыйлықты таңдаған өте ауыр болғаны және бағасының қымбаттығы жөнінде айтуға мүлдем дұрыс емес.
Сыйлық сыйлау кезіндегі бірқатар ережелер:
• Туған күнге туған күн иесінің бүкіл отбасысы емес, тек өзі қолданар зат сыйлау керек;
• Сыйлықты туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, оған қарағанда алдын-ала сыйлаған жөн болар;
• Сыйлық ретінде ақша сыйлау дұрыс емес, егер де ол адам сіз үшін шынайымен қымбат болса уақытыңыз бен көңіліңізді бөліп, қуанышты қылуыңыз  қажет;
• Өте-өте қымбат сыйлық сыйламаған жөн, бұлай адамды ыңғайсыз жағдайға тұрғызуыңыз және де оны сізге тәуелді сездіруіңіз мұмкін;
• Сыйлықтың қапталғаны дұрыс;
• Ешқашан өзіңізге сыйлаған сыйлықты сыйлауға болмайды;
• Жеуге жарамды сыйлықтарды сол уақытта үстелге сыйлау қажет;
• Тірі сыйлықтарды (күшік, мысық, тотықұс және т.б.) сол үйдің отбасы мүшелері рұқсатымен сыйлау керек;
• Сыйлықты кіре берісте сыйлауға болмайды, оны қонақ үйде асықпай, жылы лебіздермен сыйлаған жөн болар;
• Кез-келген ұсақ түйек сыйлаған сіз туралы жаман ой қалыптастырады;
• Екі мағыналы сыйлықтардан аулақ болу керек: мысалы әйелдің жарына мүйіз немесе жаңадан үйленгендерге қайғылы сурет;
• Сыйлықтын сюрприз болғаны жақсы;
• Ақшалай сыйлықты әрқашан конвертте беру керек;
• Жаман сыйлық мүлдем сыйлықтың болмағанынан жақсы.
  
Енді кімге, қашан және қандай сыйлық сыйлау керек деген сұрақтар туындайды.
Әрине, әрбіреуге сыйлық сыйлай беру жөнді емес, көп қателіктер жасап қоюыңыз мүмкін, және жақсы таныс емес адамдарға да сыйлық сыйлау дұрыс емес, сізді дұрыс түсіңбеуі мүмкін.
Ең күрделі сұрақтардың бірі: бастыққа сыйлық сыйлау керек па? Сыйланған кез-келген сыйлық сіздің жағымпаздануыңыз ретінде түсінілуі мүмкін.Сондықтан, бастықтарға сыйлықтарды тек ерекше кездерде (юбилей, зейнетке шығу және т.с.с.) сыйлаған жөн.Әрине егерде бастық пен қызметкер арасында шынайы достық, жылы қарым-қатынаста болса, бір-біріне сыйлық сыйлау көзделген. Бастыққа сыйлықты барлық коллективпен сыйлаған этикет нормаларымен сәйкестелген.
Енді қашан сыйлау? Әрине, сыйлықтар туған күнге, үйлену тойға, мектеп, университет бітіру сияқты оқиғаларға сыйланады.Бұл оңай жағдайлар болып табылады.Үйлену тойына байланысты жылдықтар әлдеқайда күрделірек болып саналады.Үйлену тойының бірінші жылдығы- қағаз той, екінші жылдығы- шыны той, оныншы жылдығы- фарфор той, он бесінші жылдығы- қола той, жиырмасыншы жылдығы- хрусталды той болып есептелінеді.
Бүгінгі таңда, 25 жылдық – күміс той, 50 жылдық – алтын тойды тойлау кең таралған.Алайда, күміс тойға күміс, алтын тойға алтын сыйлау міндетті емес.
Енді негізгі сұрақтардың бірі- не сыйлау. 
Сыйлық кімге сыйланатынына байланысты таңдалады.Таныс емес немесе жақсы араласпайтын адамға қарағанда,жақын адамға сыйлық таңдау жеңілдеу болады.Жақын адамға сыйлыққа не беруге болатынын оңай ойластыруға, тіпті гүл, ойыншық немесе үй тұрмысына қажетті зат сыйлауға болады.
Жақын туыстарға киім немесе үй тұрмысына қажетті зат сыйлауға болады,ал туыстық алыстаған сайын, сыйлық таңдау қиындай түседі.Егер де жақын туысыңызға қолғап, сөмке немесе т.с.с. зат сыйлау мүмкін болса, жай таныс адамға мұндай заттар сыйлау этикет нормаларымен сәйкес келмейді.
Әйел адам жақын ер адамға темекі құрамдастарын, табак, шарап, галстук, жейде немесе свитер сыйлай алады.Ал алыс туыстарға жеке заттар сыйлауға болмайды.
Негізі барлық сыйлықтар екі топқа топтастырылады:
• Сувенирлік (кітап, кошелек, сувенирлер және т.с.с.)
• Бағалы (ваза, сервиз, скатерть, сурет және т.с.с.)
Егерде сыйлық Жаңа жыл немесе 8 наурызға арналған болса, оған құттықтау қағазын қосып берген жөн болады.
Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған.Кітапты өте мұқият таңдау керек, ол сыйлық алушы адамның талғамына сай болуы, әрі қуаныш сыйлауы керек.Алтын ереже – кітапқа ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек қана автор құқылы. Кез-келген басқа жазу кітапты бұзады, егерде жылы лебіздеріңізді қалдырғыңыз келсе, құттықтау қағазын қыстыруға болады.
Зергерлік бұйымдарды ерекше таңдау керек: біріншіден, зергерлік бұйымдарды тек жақын достар мен туыстарға сыйлауға болады, екіншіден, бұйым (брошь, сағат, сырға, сақина, білезік) келешек иегерге жарасымды келетіндігін ескеру қажет.
Әрбір сыйлық- сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі.
Жиі шақыруларға белгілі бір себептермен келе алмайтын жағдайлар болып қалуы мүмкін.Мұндай жағдайда сыйлықты алдын-ала кешірім сұрап, біреу арқылы беріп жеру, сонымен  қатар жылы лебіздер жазып құттықтау қағазын жазып жіберу керек. 
Сонымен қатар, сыйлық таңдауды ең соңғы мезгілге қалдырмауы керек. Сыйлықты алдын-ала ойластырып алғаны жөн болар.
Сыйлық алу
Сыйлық алудың да белгілі бір этикет ережелері бар.
Біріншіден, сыйлықты алған кезде оны ары таман жерге қоймау керек. Лезде қабын шешіп, сыйлықты бағалап, алғыс сөздерін айту керек. Сонымен қатар, сыйлық алар кезде, сыйлықты берер қолына емес, сыйлық берушінің өзіне, көзіне қарау керек.Егер сыйлық ұнамаса да әрқашан осылай істеу керек.Алғыс айту- бұл біріншіден көңіл білдірушілік пен сыйласымдық белгісі.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша мүлдем керек емес немесе қымбат емес сыйлық алған кезде алғысыңызды ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар бұл тамаша сыйлық екендігін айту керек.Қымбат сыйлық пен құр сувенирді бірдей жүректілікпен қабылдау қажет.Сыйлықтарды салыстыруға және араларынан ұнатқанын таңдап алу этикет ережелері бойынша дұрыс емес.
Егерде біреу сыйлықсыз келсе, оны басқалармен бірдей қабылдап, уақытын бөліп келгені үшін алғыс білдірген жөн.
Этикет ережелері бойынша, сыйлық ретінде кәмпит, шарап немесе торт сияқты заттарды алған кезде, қоршаған адамдармен бөлісу қажет.Алайда, Еуропа мен Америка елдерінде мұндай әрекет түсінбеушілікке алып келуі мұмкін.
Ал егер де, ұсынылған сыйлық сізге ұнамаса, мұны көрсетпеу керек, себебі ол адам сіз үшін тырысқан болатын.
Қорытынды
Сыйлық- ол ең біріншіден көңіл, достық пен махаббат белгісі.
Егер сіз сыйлық сыйлауды ұнатсаңыз, сіз эгоизмді жеңіп, басқалар туралы ойлай, оларға қамқор бола аласыз.
Сыйлық сыйлау- ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. Ол адамның ішкі мәдениеті көрінісі болып табылады.
Сыйлықтын феномені- оның кері векторлығы- адамдар тек сыйлық алғанды ғана емес, сонымен қатар сыйлық сыйлағанды да ұнатады.адам сыйлыққа өзінің бір бөлшегін салғандай болады.

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы