Ұстаздарға мың алғыс өлеңінің сөзі қалай еді??жазсаңыздар

0 дауыс
2.1k қаралым
Ұстаздарға мың алғыс өлеңінің сөзі қалай еді??жазсаңыздар
• Санаты: Тұлға, Адам

1 жауап

0 дауыс
Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз!
Б.Әбдіораз

Тұла бойың тұнған сабыр,
Кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға,
Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
 
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
 
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды -
Анамыз деп қабылдадық сені біз!
 
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
3.02.2015 • Санаты: Қазақ тілі Белгісіз сұрақ қойды
127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы